Мамандықты таңдау жолы

Халықаралық бизнес университеті

Мақалада  мамандық мәселесі қарастырылады.Болашақ мамандық бұл адамның қалыпты өмірін жүзеге асырудың негізгі буыны болып келетінін және оны қалай таңдау керектігі сипатталған және талданған.Мамандықтан қателеспеу үшін және қағидалары арқылы мамандықты таңдау мәселесі көрсетілген.  Мамандық таңдауда өзіңнін қабілетіне қарай таңдау керектігі жайлы айтылған.

  1. Мамандық таңдау мәселесі деген не?

Қазір әр адамнан мамандық таңдау мәселесі деген не ? – деп, сұрасақ көптеген жауаптар айтады. Әр адам ол өзің қалаған мамандық деген пікірлер айтады. Ал негізгі бағытына,мәніне тоқталатын болсақ. Мамандық таңдау мәселесі көптеген жылдар бойы өзекті болып келеді. Ата-бабамыз, жазушы ақындарымыз мамандық таңдаудан жаңылыспау керектігін айтқан.

Адамның болашақта істейтін әрекеті қаржылық жағдайы, әлеуметтік жағдайы, қоғамға айтарлықтай әсер етеді, онымен өмір бойы байланысуға тура келеді. Алайда, белгілі бір саланың маманы болмас бұрын, «кім болу керек» деген ойдан бастап, жұмыс үшін барлық қажетті білім мен тәжірибені алумен аяқталуы керек.Мамандық таңдау  мәселесі жастар мен жұмыс істеп жүрген кісілердің арасында да өзекті мәселелердің бірі.

Мамандық – бұл адамның қалыпты өмірін жүзеге асырудың негізгі буыны. Мамандық таңдау кезінде сіз өзіңіздің қабілеттеріңізді, дағдыларыңызды, қызығушылықтарыңыз бен хоббилеріңізді ескеруіңіз керек. Қазір адамдардың көпшілігі ақша қуып жүр, оларға қалай ақша табу маңызды емес. Алайда, менің ойымша, әркім өзінің сүйікті ісімен айналысқысы келеді және сол істін артынан ерсе үлкен жетістікке жетері сөзсіз.

Мамандықты таңдамас бұрын,ол мамандық жайлы толық мәлеметтерді жинап және қазіргі таңда онын рөлін біліп қарастыру керек. Қарастыру барысында,өзің таңдаған мамандық саған ұнай ма, оның жұмыс істеу уақыты және бұл мамандықты өзің армандап қалағаның ба? Осыны бірінші шешіп алу керек. Қазіргі таңда, жастар арасынанда үлкен кісілерденде көріп жатырмыз кейбірі өзі қаламаған мамандықты оқып,сол арқылы жұмыс жасап жүр. Бұл-өзіңнін сүйікті емес мамандығын болып,оған күнделікті қуанып бармайсын,әрдайым бір қалыпта қалып қаласын. Өзіңе ұнайтын іспен айналысу керемет істердін бірі.

Бізді өте жақсы білетін және болашақ мамандық туралы көптеген пайдалы нәрселер туралы кеңес бере алатын ата-аналардың пікірін ескермеуге болмайды. Ол кісілердін ой-пікірі арқылы өзіңе ұнайтын мамандықты таба аласын.

Өмірінің барлық болашағы адамның өзі таңдаған мамандыққа байланысты болуы мүмкін.Сенің құлауыңмен,сүрінуің,жоғарғы жетістікке жету жолын-мамандығына байланысып келеді. Мамандықты сүйіспеншілікпен таңдау керек. Қандай мамандық,сала болсын ол іс саған әрқашанда қуаныш, қанағат әкелуі керек, сонда ғана ол нәтижелі және сәтті болады. Біз өз өмірімізді өз қолымызбен жасайтынымызды және оның қандай болатынын мәнін өзімізден екенін түсінуіміз керек.Сондықтанда мамандық таңдау біз үшін маңызды мәселе екенін ұғыну керек.

  2. Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті.

 Болашақта ел тізгінің өз қолына ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын таңдауға ақыл – кеңес беру – қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс – әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде мамандыққа дайындайды, болашақ субъектісі ретінде болашаққа бағыт – бағдар беруді ең маңызды деп есептелінеді.

Мамандық – өмір сүру көзі болып табылатын және белгілі бір жауапкершілікті, дайындықты талап ететін еңбек қызметінің маңызды бір бөлігі. Қазіргі кезде жоғарғы сынып оқушыларының, әсіресе, мектеп бітіретін түлектердің мамандықты таңдауда бірнеше факторды зерттеу психология ғылымы үшін маңызды болып табылады. Мектеп бітіруші түлектің алдында тұоған осындай маңызды мәселені дұрыс таңдауы қоғамға өзінің бір үлкен үлесін қосады. Ал олардың болашақ мамандығын саналы түрде дұрыс таңдауына ат – анасы, сынып жетекшісі мен мектеп психологы көмектесуі қажет.

Негізінде, мамандық таңдайтын кезде адам негізгі үш қағиданы ұстанған жөн. Олар: қалаймын, қолымнан келеді және қажет. Яғни, адам өзінің мінез – құлқына сай келуін қадағалау, қолынан келетін іспен айналысу және заман талабына сай, сұранысқа ие мамандықты таңдаған дұрыс. Және ең бастысы өзі қалаған мамандықты таңдау керек. Өмірде кейде мынадай жағдайлар да болады: мектеп бітірген оқушы дәрігерлікті немесе мұғалімдікті немесе мүлдем басқа мамандықты таңдап түсіп, 4 жыл оқып, дипломды алған соң, басқа мамандыққа қызығады немесе таңдауы өзгереді. Кейбіреуі дәрігерлік пен мұғалімдік қолынан келмейтінін түсініп, қайтадан басқа мамандыққа оқуға түседі. Осы арада қаншама уақыт өтеді, яғни бұл шешімнің қателігі.

Қоғамға қажетті азаматтарды тәрбиелеу үшін мамандық таңдау мәселесіне терең үңіліп, жауапкершілік таныту керек. Қазіргі кезде болашақ мамандығып ерте таңдап, даярлықтан өтудің мән – мағынасы өте терең болып отыр. Бұл проблеманы зерттеу ХІХ ғасырдың басында басталып, ғалымдар мен психологтар әртүрлі көзқарастарын зерттеп, қарастырған. ХХ ғасырдың басында В.Вундт, А.Бине, Е.Гинцберг және т.б. ғалымдар адамдардың психофизиологиялыө ерекшеліктерін зерттей отырып олардың мамандыққа төзімділігін анықтаған. В.И.Лбедев, Л.К.Керимов, Е.П.Климов, Г.А.Уманов және т.б. ғалымдар қазіргі кезде мектепте жүргізілетін мамандықты таңдауға бағдар беретін жұмыстардың авторлары. Олар өз жұмыстарында мамандыққа баулудың құрылымдарын, мазмүнын және әдіс – тәсілдерін анықтап, бағдарламарын жасаған. Мамандыққа бағыт – бағдар беру жұмысында баланың барлық жұмысқа икемділігі, мінез – құлқы, ерекшеліктері қарастырылады. Белгілі бір мамандыққа деген ынтаның пайда болуына кино, кітап, оқу, адамдар, себеп бола алады. Жасөспірімдер көптеген үйірмелерге қатысып, көптеген нәрселерге ден қояды. Олар өзіне ұнаған мамандықты жақсы көріп, қиыншылықтарына қарамай, өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Сол үшін де жасөспірімдерге мамандық таңдауда бағыт – бағдар керек.

Мамандыққа бағыт – бағдар беру жұмысын психологиялық қызмет деп айтса да болады. Қазіргі кезде бұл жұмыс көпсалалы және әрқайсысының мақсаты мен міндеттері бар екен. Және оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, мамандыққа икемдіоіктерін анықтау үшін мектеп психологы психологиялық кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырады. Дұрыс таңдалған мамандық өмірінде де және қызметінде де жоғарғы жетістіктерге жеткізеді. Сондықтан ата – ана да, жасөспірім де мамандықты «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал.

Мақаланы қорытындылай келе,өмірде бір мамандық иесіболу деген ынта сезім әрбір жанның бойында болу керек.  Және бұл шешімге ата ана, немесе туған туыстар емес өз жүрегіңмен тандағын жөн. Себебі ертенгі күні сенің басты табыс табатын жұмысың өзіңе ұнамаса, онда саған өмірде қиын болады, бұл адам табиғатына сай дүние, өйткені адамдар өзін жақсы жұмыс істемесе, адам үлкен стресс алады, сол себепті мамандықты тыңғылықты қабылдаған жөн.

Мамандық таңдау – көпқырлы және қиын сұрақ, сіз бала кезіндегідей кім болғыңыз келетініне бір минуттың ішінде жауап бере алмайсыз.  Көптеген факторлардың жиынтығы болашақ мамандықты анықтауы керек, атап айтқанда: осы мамандық бойынша дамуға деген ұмтылыс, таңдалған мамандыққа қажетті білім мен дағдыларды ұсына алатын оқу орындарының болуы, мамандықтың мәні мен тепе-теңдікті түсіну жеке және кәсіби қасиеттер, отбасын қолдау маңызды емес.  Қалай болғанда да,әрбір жан қандай мамандықты таңдамасын, ең бастысы, өзі істеген ісінің өзіне ұнауы керек.

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *