ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ УАҚЫТ БЮДЖЕТІ

Аманжолова А.Х., Ержан М.М., Куралова А.А., Кыдыралиева А.Е.

ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ УАҚЫТ БЮДЖЕТІ

Халықаралық бизнес университеті

Бірінші тайм-менеджмент ұғымына тоқталайық, бұл дегеніміз – уақытты орналастырып, тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, ол сіздің қажет емес заттарға кеткен уақытыңызды анықтауға көмек береді. Оны қолданудың мақсаты – жасаған іс- әрекеттерді басқару, бақылау, нәтижелі және тиімді пландау.

XXI ғасыр компьютерлік технологиялар мен нано-дамудың уақыты, жаһандық өзгерістермен сипатталады.  «Заманына қарай адамы» демекші, халықтың күнкөрісінің сипаты да өзгеріске түсті. Студенттердің бос уақыттарын пайдалану мәселесі өткір және өзекті болып отыр. Себебі, кез-келген сау қоғамды құру үшін рухани мәдениеті жоғары және шығармашылық ұмтылысы бар үйлесімді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру қажет.

Біздің қойған мақсатымыз  UIB университетінен басқа жоғарғы оқу орындарының студенттерінің  бос уақытын пайдалану ерекшеліктерін анықтау және салыстыру. Қазақстан Республикасының 10 жоғарғы оқу орындарында зерттеу жүргізілді. Зерттеу жұмыстарына 25 студент қатысты.

Зерттеу жұмысы жүргізілген университеттер тізімі:

  1. Алматы технологиялық университеті (АТУ)
  2. Нархоз университеті
  3. Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ)
  4. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (КазНПУ)
  5. Алматы менеджмент университеті (АЛМАУ)
  6. Каспий қоғамдық университеті
  7. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ
  8. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ)
  9. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
  10. М.C.Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті

Алынған мәліметтерді талдауға көшейік.

Бос уақыт мөлшері студенттердің:

– 27%-ына толық жеткілікті,

– 40% -ы «Бос уақыт жеткілікті, бірақ көбірек болса жақсы болар еді», – деп жауап берді,

– 33% бос уақытының мөлшерін жеткіліксіз деп санайды.

Үй жұмысына кететін уақыт :

– 33 %  студенттер  үй жұмысына  орташа есеппен 1-2 сағат бөледі (ЕҰУ; АТУ; Каспий Университеті);

– 47% студенттер үй жұмысына орташа есеппен 2-3 сағат бөлінеді ( НАРХОЗ; АЛМАУ; Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ; Абай атындағы ҚазҰПУ; М.C.Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ);

– 20% студенттер үй  жұмысына  орташа есеппен 3-4 сағат бөлінеді (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ).

Орта есеппен студенттер сабаққа, үй жұмыстарын орындауға 5-9 сағатқа дейін жұмсайды.

Бос уақыт мөлшері:

– студенттердің 10%-да 1-2 сағат,

– 3-4 сағат 25%,

– 4-5 сағат 35%,

– 5 сағат және одан да көп 30% студенттердің уақыт қоржынында бар екен.

Оқудан бөлек маңызды уақыт қажет ететін факторлар :

– студенттердің жұмыс істеуі. 25 адамның 5-і артық уақытын жұмыста өткізеді (жұмыс орта есеппен 5-6 сағат уақыт алады);

– екінші фактор – өз қызығушылықтарына арналған курстар. Курстарга қатысатын студент саны – 8 ( курс орташа есеппен  2-3 сағатты қажет етеді);

– қалған  12 студенттертің уақыт талап ететін маңызды факторлары жок.

Студенттер бос уақытының көп бөлігін қалай жұмсайды?

– әлеуметтік  желі;

– өзін-өзі дамыту (кітап оқу, тілдер үйрену және т.б) (15%)

– уақытын серуендеумен, ойын сауық орталығында өткізу және т.б (25%)

– спорт (5%)

Зерттеу жүргізген студенттер арасында орта есеппен 5 сағат осы әлеуметтік желілерге кетеді, яғни осы студенттердің 60% әлеуметтік желіге бос уақытын жұмсайды.

Адамның бос уақытындағы іс-әрекетінің негізгі функциясы шығармашылық қабілеттер мен бейімділіктерді дамыту, мәдени деңгейдің жоғарылауы, адамның эстетикалық, адамгершілік, физикалық жақсаруы  адамның жеке басының индивид ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Зерттеу барысында алынған мәліметтерге сүйене отырып, студенттердің 50% бос уақытында физикалық немесе рухани денсаулық үшін де, өзін-өзі тәрбиелеу үшін де пайдалы ештеңе жасамайды деген қорытынды жасауға болады.

 

UIB студенттерінің уақыт бюджетін пайдалануы.

Бұл зерттеу жұмысында Халықаралық бизнес университетінің 25 студенті қатысты.

Алынған мәліметтерге сүйенетін болсақ, бос уақыт мөлшері біздің студенттердің 63% -ына жеткілікті, қалған 37%-ына жеткіліксіз болып шықты.

UIB студенттерінің сабақары аптасына 16 сағаттан Microsoft Teams желісінде өтеді. Үй жұмысына кететін уақытты санайтын болсақ, UIB студенті күніне орташа есеппен 3 сағатын жұмсайды.

Бос уақыт мөлшері:

– UIB студенттерінің 37%-ында 1-2 сағат,

– 3-4 сағат 24%,

– 4-5 сағат 22%,

– 5 және одан көп уақыт 17% студентте.

Оқудан бөлек маңызды уақыт алушы факторлар :

1)       Біздің студенттердің көпшілігі қосымша табыс табумен айналысады, яғни барлық студенттердің ішінде 40%-ы аптасына орта есеппен 36 сағатын жоғалтады.

2)       Өздерінің қызығушылықтарына арналған курстары (шет тілдері, спорт және т.б.) студенттердің шамамен 20%-ы аптасына 6 сағатын жұмсайды.

3)       Біздің университеттің бір артықшылықтарының бірі – белсенді студенттік өмір. Яғни студенттердің көпшілігі университет ішінде түрлі ұйымдастыру топтарымен сабақтардан тыс уақытын жұмсайды. Ол аптасына 8-9 сағатты құрайды.

4)       Қалған студенттер (10%) уақыт алатын өзге істермен айналаспайды.

Атап кетсек, қазіргі кезде әлемдегі жағдайға байланысты сабақтардың барлығы онлайн форматында өтетіндіктен студенттердің көпшілігі үйден тыс жерлерде уақыттарын көп өткізбейді.

 

Уақытты тиімді пайдалану үшін кеңестер:

Біріншіден, тайм-менеджментсіз (күнтізбе, кесте) күніңізді бастамаңыз;  күн аяқталар кезде дайындап алғаныңыз жөн.

Екіншіден, жоспарлаған іс-әрекеттеріңізді нәтижеге дейін жеткізгеніңіз дұрыс болады.

Үшіншіден, жұмыстарға нақты дедлайндар қойыңыз (басталатын және аяқталатын уақыты). Сонда ғана артық дүниелерді ойламай, жұмысты дәл уақытында бітіресіз.

Төртіншіден,  сізге пайдасын тигізбейтін істерге уақытыңызды шектеңіз.

Бесіншіден, демалуға да уақыт қалдыруыңыз қажет және сол уақытқа тамақтану мен қатар ұйықтап алуды кіргізіңіз.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Свободное время в жизни студента Нурматова, Ю. А. Свободное время в жизни студента / Ю. А. Нурматова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2012.
  2. Свободное время студента колледжа культуры как часть профессионального развития Беккер Е.И. – Коми республиканский колледж культуры им. В.Т.Чисталёва – 2012
  3. Технология тайм менеджмент в организации учебной деятельности студентов университета А.А.Максимова, Е.В.Митичева, Е.А.Феоктистова – Приволжский научный вестник
  4. Свободное время Пермской молодежи В.Д.Разинская – Вестник ПНИПУ – 2016
  5. Тайм-менеджмент студента университета М.А.Реунова – Федеральное государственное бюджетное образовательное учреждение высшего профессионального образования «Оренбургский государственный университет» – 2012
  6. Актуально ли изучать свободное время? А.Э.Мурзин – 1993
  7. Социология А-Я словарь-справочник , Тони Лоусон , Джоан Гэррод
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *