М.Мақатаев Аққулар ұйықтағанда поэмасын оқыту 8-сынып

Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Тана мырза орта мектебі КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Хамитжанова Баян Рахымбековна

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының көркемдік құндылығы
№ 68-сабақ.
Бөлім: 3-бөлім: Махаббат және абырой
Педагогтің аты-жөні: Хамитжанова Баян Рахымбековна
Күні: 23.02.2021 жыл
Сыныбы: Қатысушылар саны: 9 Қатыспағандар саны: жоқ
Сабақтың тақырыбы: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу;
8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін:
шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады;
Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды
Құндылықтарға баулу: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин. (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Жұмыс жасау ережені еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. Тыңдалым және айтылым:
«Ойды қағып алу» әдісі арқылы
«Егіз аққу» сұрақтарына жауап беру

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Өткен материалды қайталауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

№7-тапсырма: Берілген шумақтарды мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына талдау

Оқылым:
Берілген шумақтарды мәнерлеп оқиды, жаттап алады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым дағдысы қалыптасады. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-5 баллдық жүйе бойынша
бағаланады.

Дескриптор: Жалпы – 5 балл.
-Шумақтарды мәнерлеп оқиды –Жаттап алады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап .
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б. Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Гүлдер»әдісі арқылы бағалайды.
Жасыл гүл- көп көмектескен
Сары гүл-ең сыпайы
Қызыл гүл- ең жақсы тыңдай білген

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

  1. Ұстаздарға арналған үздік портал

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *