Дидиактикалық ойындар
«Танысу» ойыны.
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым-қатынастың белсенді етілуін және кері байланыс , көмек алу тәсілдерін меңгеру.
- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек-кезек қолдарына доп тиеді. Бұл доп тиген бала өз есімдерін айтуы тиіс. Доп барлығына тиген соң қайта айналады. Сол кезде әрбір қатысушы есімін айтуы тиіс.
«Танысу» ойыны
Топ дөңгелене отырып ,қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есімдерін, топ аттарын айтады.
Тренинг «Көзбе-көз»
Мақсаты: Осы кезеңде топ қатысушылары терең әрі сенімді қатынас орнатулары үшін .
Күнделікті өмірді біз, адамдар қарым-қатынастың тек үстіңгі , терең емес жанасуларымен, қанағат етеміз, бір-бірімізді түсінуге тырыспаймыз! Қатысушыларға 3-5 минут аралығында бір-бірінің көздеріне қарап тұрып әрбірімен жанасу орнату үшін.
Талқылау кезіндегі қойылатын сұрақтар:
Осы жаттығу кезінде қандай сезімде болдыңыздар?
Көздік қатынас орнату , кімге қиынға түсті. Неліктен қиын болды?
Жаттығу «Танысу»
Қатысушылар шеңбер құрып отырды.
Нұсқау: Жұмысымызды таныстықпен бастаймыз. Өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын өзінің 3 қасиетін және өз есімін кезекпен айтады. Сонымен бірге өмірлік кредосын да айтады.
Тренинг «Жеміс-жидектер»
Тренинг мақсаты: Ұжымға , топқа келген бөтен адамға бейімделуіне көмектеседі.
Жеміс-жидектер аттарын айтып шығады. Алдында айтылып кеткен жеміс-жидек қайталанбауы керек. Барлығы өзіне жеміс-жидек таңдап, болғаннан кейін қатысушылардың ішінен өз еркімен бір адам ортаға шығады да, осы топтың ішіндегі жидектерді қайталап шығады. Егер қайталай алмаса , ойынға қатысушылар айыппұл төлеуін талап етеді. Егер қайталай алса, онда ол адамға қасиеттері көрсетіледі. Бұл жаттығудың бөлімінде есте сақтау қатысушылардың біреуі ойынды бастайды.
«Шындыққа бір қадам» ойыны
Балалар бір сапқа тұрады. Егер дұрыс болса бір қадам аттайды, дұрыс болмаса бір қадам артқа аттайды.
- Сиырлар ұшады
- Мысықтар мияулайды.
- Қыста қар түседі.
- Үлкенге орын береді.
- Ата-аналарды алдау
- Өтірікті досыңа жабу
- Шындықты айту.
«Бип» ойыны
Ойынның мақсаты: жағымды эмоционалды орта жасау, алаңдаушылықты жою, топты біріктіру. Ойынның барысы балалар орындақтарда отырады. Жетекші жұмысы көзбен шеңбермен жүріп, кезекпен балалардың тізесіне отырып , кімнің алдында отырғанын табады. Егер де ал дұрыс таппаса «Бип» дейді.
«Сантики, Фантики,Лимпопо» ойыны.
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да, бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «Сантики, Фантики, Лимпопо» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауысытарын естіп , бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізушіні есіктің сыртына шығарады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
«Көңіл-күй неге ұқсас» ойыны.
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мерзіміне, ауа-райына, табиғаттың құбылысына ұқсас екенін айтып берді. Ойынды үлкендер бастаса жақсы болар еді. «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы , жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның саңында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздігі балалардың көңіл-күйі қандай екенін: қайғылы, көңілді, ызаланған, т.б. жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа-райы, суық , жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агресивті , қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
«Есімдер» жаттығуы
Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынасты туғызу .
Уақыты:5 мин
Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.
Талдау :Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиынды келтірді? Не сезіндіңдер?
«Карусель» жаттығуы.
Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады.
Топ балалары 2-ге бөлінеді. 1-ші топ ішкі , 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп , екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек . Олардың тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсету керек. Мысалы: сатушы-сатып алушы, мұғалім-оқушы, дәрігер-қаралушы, полиция-шофер, әке-бала, анасы-қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін көңіл-күйін, қабілетін, өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
«Бүлінген телефон» ойыны.
Мақсаты: есте сақтауға арналған.
Бір сөзді мұғалім бір баланың құлағына сыбырлап сол пікірді қайталауды , солай жалғаса беріп барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы бала бүкіл сөзді естіп дауыстап айтады.
Мен әрқадайым шындықты айтамын.
«Көңіл-күйімізді жаттықтыру» ойыны.
Мақсаты: Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл-күймізді жаттықтыра алуға арналады. Жүргізуші: Бүгін мен сендерге актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсет десем соны бет әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер
- Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетіңдер.
- Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты, ұядан түсіп қалған балапан сияқты, иттен қорыққан баланы бет-әлпеттеріңмен көрсету керек.
- Жылап тұрған адамды көрсету
- Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету.
«Ауызша волейбол» ойыны
Мақсаты: өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге , бір-бірін терең түсінуге арналады.
Допты бір-біріне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек.
Мысалы, шыншылдық, мейірімділік, адамдық, адамгершілік, әділдік, кішіпейілдік, батылдық, ұстамдылық,жанашырлық.
«Кім екенін тап» ойыны.
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі.
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды ұнамсыз қасиеттерін айтады. Тәрбиеші барлығының мінезін парақтарға жазады. Балалар мінездеменің иесін табу қажет.
Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап, тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді.
«Шөлдеу» ойыны
Мақсаты: Достыққа , бір-біріне көмектесіп қана нәтижеге жетуге болатынына тәрбиелеу.
Балалардың қолдарына шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін ыстық шөл даладамыз деп елестетеді, қатты шөлдеп жүреді.
Бір кезде тостағандардағы суларға кездеседі. Енді осы суды шашпай, шөлдерін қандыруға болатынына көз жеткізеді.
«Алып» ойыны.
Мақсаты: Ұжымшылдыққа тәрбиелейді.
Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіншісінің оң аяғына байлайды. Сөйтіп бір белгіленген жерге барады. Немесе, үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар бірге жүруге тырысады. (бақаға ұқсап секіреді)
«Көпір» ойыны
Еденде бормен «көпір» (түзу) сызылады. Екі топ бір-біріне қарсы шыққан балалар «көпірден» құлап қалмай өтуі керек. Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.
Тренинг «Рөлдегі капитан»
Анықтамасы: «Кемеде жүземіз» деп айтылған кезде ойынға қатысушылар суда кеме боп жүзеді.
«Палуба» деп айтылса,екі адам,екі адамнан бір-бірін ұстап тұра қалады. «Борттан адам құлады» деген кезде үш адам үш адамнан бірігеді. «Түскі ас» деп айтылса,тағы үш адамнан ұстасады. «Қайық» делінсе , 5 адам қатарласып ұстасады.
1- Кемеде(жүземіз)
2- Палуба(2 адам)
3- Борттан адам құлады(3 адам)
4- Түскі ас(3 адам)
5- Қайық( 5 адам)
«Гүл» ойыны
Балалар әр жерге отырады. Жүргізуші:балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп жабыла бастайды(қолдарын тізелерінің үстіне қойып, бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастайды. Сол уақытта гүлдер де, құлпырып жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады)
«Ұқсас суретті тап» ойыны
Тәрбиешінің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шырша , екі қайық, екі жапырақ т.с.с. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп, осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын,пішінін түр-түсін сипаттап әңгімелеп береді.
Әртүсті заттар.
Тәрбиеші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан.
Сиқырлы саусақтар.
1 Таң қалу ( екі қолдың бас бармағын көтеру)
2 Өзіңді көрсету (Бір саусақпен)
3 Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру)
4 Қорқыту (сұқ саусақпен)
5 Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру)
Сөз моншақтар.
Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп естілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап , көп сөз ойласа , сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718