Қайраттан бекін, жігерлен, сілкін! (Абай шығармашылығы арқылы мотивация беру жолдары)

Абай мұрасын жан-жақты зерттеген сайын соны қырлары, жаңа мүмкіндіктері танылып келеді. Қазіргі қазақ қоғамының сұранысына сай  ұлттық рухты көтеру, жан-жақты дамыған  құзіретті тұлға қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау сияқты өзекті мәселелердің төркінін Абайдан іздеу, Абайдан табу және Абай арқылы беру. Шетелдік философ ойшылдардың  адамның өзін табуы, мақсатқа жетуі, ізгілікке қауышуы, жеңіске жетуі сынды тақырыптарды әлемдік кеңістікке алып шығып жатқанын жақсы білеміз. Ұлттық таныммен өзегі өрілген АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ бұл орайда берері өте көп һәм нәтижелі. Бүгінгі таңда мотивациялық кітаптар жазып, тренингтер өткізіп жүрген тұлғаларға Абайды ұсыну арқылы өлмес мұраны қолдана білудің алғышарттарын  жасауды мақсат еттік.

Зерттеуші  Зәки Ахметов: «Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман – мұратын ең толық, ең терең, ең дұрыс танытатын – әрине, оның поэзиясы, асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан, иненің жасуындай жасандылығы жоқ өлеңдері, «жалын мен оттан жаралған» сөздері. Ақын жүрегінің түбіне терең бойлаймыз десек оның поэзиясына бар ықыласымызбен, үлкен ілтипатпен зер салу қажет» дейді. [1,11] Иә, жалын мен оттан жаралған сөздердің «кеудесінде сәулесі, көкірегінде сенімі» бардың күш-қайратын тасытып, асқақ рух берері анық.

Абайдың:   Жақсыға айтсаң, жаны еріп,

                   Ұғар көңіл шын беріп, – деген  сөзін негізге ала отырып, Абай арқылы ізгі ойлардың арнасын ұсынамыз, сәуелелі көңіл болса қабыл алса керек.

Абай сөзінің мәні терең келеді, сондықтан қай сөзді болсын жеңілдетіп, үстірт қарап, бір жақты түсінуге жол бермеу керек. Жастарға Абай шығармашылығы арқылы жас өмірін өзі үшін һәм өзгелер үшін тиімді өткізудің бірнеше жолдан тұратын сатысын ұсынғымыз келеді. Ең алдымен, жаңа өмірге қадам басқан жас өркеннің алдында не күтіп тұр немесе ата-ананың жылы ұясынан алған өнегесі ертеңгі өміріне жарай ма, жараса өз ақылы мен тәрбиесін қалай оңды жұмсамақ керек деген сынды сауалдарды топтастырып алғанымыз жөн болар. Олар:

Ойшыл Шәкәрім бабамыздың: «Келдім қайдан, қайтсем пайдам, Өлгеннен соң не болам?» деген философиясының астары да тұлғаның өзін тануынан басталатын тікелей таным баспалдығы.

Ақыл мен жан- мен өзім, тән-менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.  [2,12], – деп  Абай  адамның өзін табудағы ақыл мен жан ілімінің мақсұтын әуелден керек қылмақтығын көрсетеді. Егер адам өзін таппаған болса, өз «Мені» мен «Менікін» ажыратып алуды ұсынған. «Мені» деп ақыл мен жанын және оның мәңгі өлместігін түсіндіре кетсе,  артыңнан із қалдырғың келсе, елге пайдаң тисін десең, осыған көп көңіл бөл деп астарлайды, ал «Менікін» тәнге балап, оның құмарының көп екенін, қанша құмарлансаң соншалықты көбейетінін, соны көбейтемін деп жүргенде көп жұрттың әділеттіліктен, махаббаттан, арлылықтан  айырылып қалатынын  ескертеді.  Ал қара сөзінде «Мені» мен «Менікін» қалай тану керектігін  былай деп көрсеткен:«Жас бала анадан туған екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің  құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақүй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды» [3,17 ]-  дей келе, «адам жаны болмай, хайуан жаны» болып кетуден сақтандырады. Оның алды «орнын тауып іздену, кісісін тауып сұрану, ғылым тапқандардың жолын салу» деп адамдықтың орнын шегелеп көрсеткен. Қазір қазақ жастары арасында, қоғамда кең сұранысқа ие Қ.Шоңбайдың «екінші болма» деп тренингтер өткізуінің де түп астары осы – «хайуан жанынан» сақтандыру екенін айта кеткен жөн. Не болса да:       Ақсақал айтты, бай айтты.

      Кім айтса мейлі, сол айтты

     Ақылменен жеңсеңіз[1,19] – деп, әр адам өз таңдауын өзі жасау керектігін сездіре отырып, «ақылмен хауас барлығын, білмейді жүрек сезедүр» деп ақын сөзімен жеткізгіміз келеді.

    Өмірден орнын таппай жүрген көп жастың салы суға кетіп, қайғы мен қасіреттің шырмауынан сақтандырған Абай: «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады»,-[3,14] дейді. Ақынның:

 Қарасам қайғырар жұрт бұл заманғы,

Салқын, қуыс өмірі я қараңғы.

Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,

Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды, [2.9],-деуі де сондықтан. Жан азығы болған таза меннің дітін қанағаттандыру ғана мақсатқа жетудің алғышарты екендігін ескерткіміз келеді. Ақыл қыламын деп көкіректі құр қайғыға салып алмауды қадағалау қажеттігін ескертеді. Артық қайғы адамға ешбір уақытта пайда әкелген емес.

«Жастықтың оты жалындап,

Жас жүректе жанған шақ.

Талаптың аты арындап,

Әр қиын салған шақ»,- [1,127 ]-  деп жырлаған  Абайдан жастық болмыстың тура сипатына дөп түскендігін анық аңғарамыз. Адамның ең негізгі үш  қасиеті «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» ұштасқанда сөзсіз жеңіс сіздің қолда!

Өзгенің қаржысы, ақылы, күш-қайраты сізе азық емес. Оны ақынның:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап. [2,13 ]- деген өлеңіндегі оймен жеткізгіміз келеді. Абай мотивациясы қайрат пен жігерді ұлттық сәулемен жігерлендіреді. «Жігерлен, сілкін! Қайраттан,бекін!» дегеннен артық қандай ұран керек?!

Өз ортасын таңдау, өзінің жанына жақын, тура жолдан ада етпейтін серік табу екінің біріне оңай боларлық іс емес. Бір дос бар- бетіңе күліп қарап, сәті келгенде ту сыртыңнан пышақ ұратын. Бір дос бар- өзің дос деп танымайсың, бірақ сенің шынайы досың, енді бірі- саған зияндық жасамаса да, сенің досың, сен оның досы бола алмайтын. Кіммен дос боларыңды білмей, кімге арқа сүйеп сенерін білмей, ата-анаңсының жанынан ұзап, жалғызсырап жүрген жас студентке бұл таңдауды жасау қиындық туғызары анық. Дос туралы, адал достықты табу хақында Абай:

Жүрегі жұмсақ білген құл, 

                                         Шын дос таппай тыншымас. 

                                         Пайда, мақтан – бәрі тұл 

                                         Доссыз ауыз тұшымас – шын дос таппай, арқа сүйеп, қиналғаныңда демеп, қолдау көрсететін жан болмай, тапқаныңның бәрі бір тиын екенін көрсете келе, шынайы достықтың қай кезде сыналатынын, былай деп топшылайды:

                                        Келеді күн қызық дәурен

                                       Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!

                                      Күншілдіксіз тату боп  шын көңілмен,

                                       Қиянатшыл болмақты естен кеткіз [1,54 ]

    Мына бір жолдар арқылы, достықты бағалауда өте абай болу керектігін ескерте кетеді:

                                   Жаман тату қазады өзіңе ор,

                                   Оған сенсең,бір күні боларсың қор.

                                   Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,

                                  Өзі зордың болады ығы да зор. [1,57 ]

            Жоғарыда көрсетілген өлең жолдарында, «үлкенге сен» деп Абай өзіңнен жасы үлкен адам емес, өзіңе дос боларлық, ары мен ұяты бар жанды таңдауыңды сұрайды.

Жаратылысында адам баласы бір қабілеттің иесі болады. Қазіргі уақыттағы басты екіпін қоятын нәрсеміз де осы қабілет, мүмкіндік һәм уақыттың бір арнаға тоғысуы. Абай:

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек,- дейді. Қайта оралмайтын барлық мүмкіндіктердің орнымен қолдана білу – басты қағидаттың бірі екендігі осыдан-ақ  көрінеді. Жастық уақыттың қадірі – үнеммен жұмсалған уақыт.

Пайда ойлама ар ойла

                                                  Талап қыл артық білуге

                                                  Артық ғылым кітапта,

                                                  Ерінбей оқып көруге-деген Абайдың шын пейілі де бізді ерінбей ізденуге, үйренуге, өнер мен білімді «ар» ілімі сүзгісінен өткізіп барып қолдануды үгіт етеді. Расымен, Шәкәрім атамыз айтқандай: «Адамдық борышың, халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, ар сақта оны біл» болып тұрғандығын жадымызда тұтқанымыз абзал.  Пайданың артына түскен , ардан аттап іс еткен жанның күндердің бір күні істеген әрекеті алдынан шығары хақ. Өмірдің бумеранг екенін естен шығармаңыз. Абай ар ойлаудың, адамдықтан аттаудың сиқыры, артық білуге талап қылуда, ерінбей ғылым қууда екенін көрсеткендігін жоғарыда сөз еттік. Қазіргі жастар, жалпы адамдар, ардан аттауының, жамандыққа баруының себебін заманнан іздеп, заманды кінәлайды. Ол туралы:

Әр кімді заман сүйремек,

                                                      Заманды қай жан билемек?

                                                      Заманға жаман күйлемек,

                                                      Замана оны илемек– деп, заманды әркімнің бір сүйрейтіндігі, заманға жаманның күйлейтіндігін, бірақ ақыр аяғы жаманды заманананың өзі илеп жібереді деп түйіндейді.  «Харакет қыл, пайдасы көпке тисін» деген ойды негізге аламыз.

Абай тағылымы арқылы ҰЛТТЫҚ РУХТЫ көтеріп, қоғамға, елге пайдасы бар тұлға болуды көздейтін ұрпақ қалыптастыруға  ат салысу мақстамыз. Жаңа заманның баласын – өз ұлтының қасиетімен біте қайнасқан Абай тағылымымен байланыстыра отырып қалыптастыру, тек ұстаздың емес, қазақ халқының алдындағы да асыл міндет екенін ескеруіміз керек. Сәулесі бар көңіл сөзсіз Абай шығармашылығынан нәр алса – ұлтымыз    үшін кемел келешектің аспанын орнатар еді. Ол үшін не өзгерсе өзгерсін, ұрпақ алдында Абай шығармашылығын сіңіруді  мұрат етсек керек.

Зинелова Жібек

Әл –Фараби атындағы ҚАЗҰУ-дың магистранты

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *