ҮСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ-ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ

  • Талдықорган қаласының №14 орта мектеп гимназиясының 2Б сынып оқушысы Капжасарова Енлик Ержанқызы
    Сынып жетекшісі: Алия Апариқажықызы.

ҮСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ-ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ 
Қазіргі дамыған заманда оқушыларды жалпы білімін көтеру , біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырып, бүгінгі оқушы ,ертеңгі білікті маман екенін ескере отырып, оларға кәсіби білім беріп, қабілеті мен дарынын аша білу, шығармашылыққа бағыт бағдар беру – әр мұғалімнің мақсаты.Қажырлы еңбегімен оқушыларға саналы білім мен тәлім- тәрбие беріп жүрген ұстаздардың бірі Талдықорған қаласының №14 орта мектеп-гимназиясының 2Б сыныбының жетекшісі Алия Апариқажықызы. Өзінің 10 жылдық тәжірбиесінің арқасында біздің сыныптағы барлық оқушыларды қалалық,облыстық, республикалық байқауларға, олимпиядаларға қатыстырып келеді . Соның бірі Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық тойына арналған конкусқа қатыстырды. ” Қош келдің Алтын күз ” атты республикалық байқауына, “Тәуелсіздік-мәнгілік елдің тұғыры” атты Республикалық байқауына қатыстырды. “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы ” демекші өз ұстазымнан үлгі алып Алия Априқажықызынын қолдауымен коптеген Республикалық конкурстарға , олимпиядаларға қатысып жүлделі орындар алып жүрмін. Сонын бірі ” Тәуелсіздік-мәнгілік елдің тұғыры” атты Республикалық байқауына қашықтықтан қатысып 1 дәрежелі дипломға ие болдым. Жақында “Қыс қызығы-2021” тақырыбында ұйымдастырылған республикалық байқауынан 1 дәрежелі диплом алдым. Сонымен қатар Республикалық “WUNDERKIND” журналына бирнеше рет өз жұмыстарымды жариялап үлгердім. Өстіп сайыстарда жүлделі орын алып, оқуда оқу озаты болу менің сүйікті ұстазым Алия апайымнын арқасы. Шәкірттік өмірде осындай үлгілі ұстазымның болғанына қуанамын . Ғабиден Қожахмет ағамыздың Қастерлі тұлға -Мұғалім деген өлені ойыма келіп отыр
Білімнің ғана тиегі ,
Мектебін жаны сүйеді.
Қарапайым мамандық-
Ұстаздық атты киелі.

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *