Қанатты достар

ДЖегибаева Мархабат Сатыбалдықызы

Білім салалары:  Таным.

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы:  «Қанатты достар».

Мақсаты: Құстар  туралы ұғымын жалғастыра отырып, құстарға қамқорлықпен қарап, күтім жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі, маңыздылығын түсіндіру;
  2. Табиғатқа қамқор бола білу іскерліктерін дамыту;
  3. Табиғатқа, өсімдіктерге күтіммен қарауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  Құстардың суреті,  дәптермен жұмыс, Слайд, Құстарға ағаштан ұя жасау.

Сөздік жұмыс:  қанат, денесі, құйрығы.

Билингвалды компонент: құс- птица

«Жылулық шеңбері»

Сәлем деймін достарға

Сәлем деймін құстарға

Сәлем деймін апайларға!

Ұйымдастыру кезеңі:

Өткен тақырыпты қайталау:

Құстардың пайдасы өте көп, тіршілік ету әрекеттері әртүрлі, олар табиғат сақшылары.

Жыл құстары: қараторғай, аққу, қарлығаш.

Қыстап қалатын құстар: қарға, тоқылдақ, сауысқан, көгершін, торғай.

 

 

 

Ғажайып сәт:

Айша: Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.

Адамзаттың жақыны

Қарлығаш та ақылды

Көгершін мен екуі

Жайлайды бір шатырды.

Аружан: Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт- құмырсқадан тазартады.

Тоқылдақтар тоқылдап

Ешбір тыным көрмейді

Ағашты қанша теседе,

Жұмысы бір өнбейді.

Мұстафа:  (Кекілік)

Кекілік- ау, кекілік,

Тау- таста жүреді секіріп

Қауіп төнсе кенеттен

Бұтаға олар бекініп

Ақарыс:  (Сауысқан)

Селк етіп сырт дауыстан

Шықылықтайды сауысқан

Атамның жиған сымдарын

Терекке  тасып тауысқан

Ертөре: ( қарға)

Қарға, қарға, қарғалар

Қар үстінде жорғалар

Екі шоқып, бір қарап

Қара басын қорғалар.

Айкүнім:(Аққу)

Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркі сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген,

Атуға көзі қимаған

Айым:

Үйге кірші торғайым

Мен аяздан қорғайын.

Жем шашамын жегейсің

Үйшік жасап берейін.

Дәптермен жұмыс:

 « Сөз»  ойыны

Біз тамақты немен жейміз? ( ауызбен)

Ал құстар ше? ( Тұмсықпен)

Адамның денесі терімен жабылға,  Құстардың ше? ( қауырсындарымен)

Бізде аяқ бар құстарда ше? ( Сирақ)

Біздің қолымыз бар құстарда ше? ( Қанат)

Сергіту сәті: 

Қарлығашқа ұқсайық,

Кәне, қанат жасайық  ( екі қолын қанат етіп жаяды)

Қарлығаш  боп ұшайық, ( қолын сермей, қылықтаған қимыл жасайды).

Орнымызға қонайық ( орындарына отырады).

 

 

Жұмбақ шешеді:

Талдың басында,

Жемі бар қасында

Там тұр саялы,

Достарға аялы.

(Құс ұясы)

Тал басында түндіксіз отау

( Ұя)

Дидактикалық ойын:  « Құстарға ұя жасаймыз» (Алдын ала жасалған тапсырмалар, суреттер мен видиолар).

Мақсаты: Балаларға құстар ұясын неден жасайды? Ұя салу үшін құсқа не қажет екенін анықтап көрсету,  отбасымен әкесімен немесе ағасымен бірге жасау.

Ойын шарты:  « Құстарға ұя  жасау».

Қортынды кезең: (рефлексия)  Гүл. Үстел үстінде крышкалар: қызыл  және жасыл. Белсенді қатысқаны үшін,  жақсы жауап  бердім деп ойлаған бала қызыл түсті гүл жасайды,  орташа жауап берген бала, жасыл түсті гүл жасайды. Мақтап мадақтаймын.

Күтілген  нәтиже:  құстар туралы,  мекен ету ортасы туралы.

Түсінеді:  жыл құстары мен қыстап қалатын құстардың айырмашылықтарын;

Қолданды:  құстардың мінез- құлығын бақылау дағдыларын.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *