“Үйірме” 2020-2021

 

«Ботақан» ортаңғы тобы

«Сиқырлы саусақтар» үйірмесінің жылдық жоспары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020-2021 оқу жылы

Мақсаты: Балаларға қосымша білім беруде балалардың білімін, шеберлігін  көрсету. Балаларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту,әр-түрлі қағаз арқылы балаларға жұмыс істеудің түрлі амалдарын үйрету: шиыршықтау, қиыстыру,салу,желімдеу.

 

 

Міндеттері:

  • Балалардың қолмен жұмыс істеу қабилеттерін дамыту,саусақты нақты қозғалтуға үйрету,бала қолдарының ұсақ моторикасын жетілдіру;
  • Балалардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Еңбек дағдыларын жетілдіреу,еңбек мәдениетін қалыптастыру, ұқыптылыққа, материалды үнемді қолдануға, жұмыс орнын таза ұстауға тәрбиелеу.
  • Үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра білуге үйрету;

 

 

 

 

Үйірме жұмысының тақырыптық  жоспары

 

Тақырыбы                       Мақсаты Сағат
                                                   Қыркүйек
1 «Гүл алаңы»  Балаларға затты үлгі бойынша істетіп үйрету, ойыншық бөліктерін ермексазбен біріктіру, бұл еңбек түріне қызығушылығын қалыптастыру. 2
2 «Күзгі саңырауқұлақтар» Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыру. Сопақша және жартылай дөңгелек пішіндерден тұратын бейненің суретін салуға үйрету. Танымын кеңейту,эстетикалық талғамын арттыру. 2
Қазан  
1 «Жүк таситын машина» Сіріңке қорапшасынан жүк машинасын жасауға үйрету. 2
2 «Көбелек» Көбелектің дене бөліктерін табиғи материалдардан құрастыра білу. Жәндіктер әлеміне деген қызығушылыққа баулу, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру. 2
Қараша  
1 «Кірпі» Орман аңдары туралы білімдерін бекіту, өз беттерінше түстерді дұрыс әрі нақты пайдалануға дағдыландыру, ермексазды тиімді пайдалануға және кірпіні ұқыпты жасауда танымдық процестерін дамыту. 2
2  «Қоян» Жабайы аңдармен-қоянмен танысу, жапырақтың жасалу жолдарын көрсете отырып, қоянның бөліктерімен таныстыру. Балаларды табиғи материалдарды дұрыс пайдаланып, қоянды өз бетінше құрастыру, ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. 2
Желтоқсан  
1 «Мерекелік ашықхаттар» Балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын бекіту, қағазды қос бүктеу, пішініне сәйкес әшекелей білуге  үйрету. 2
2 «Жаңа жылдық ойыншықтар» Қалдық заттарды пайдаланып жаңа жылдық шырша ойыншықтарын жасау, оны әдемі көркем безендіру арқылы көркемдік талғамын дамыту, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу. 2
Қаңтар  
1 «Аққала» Мақтамен жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныстырып, саусақ ұсақ моторикасын дамыту. 2
2 «Көңілді қошақан» Өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. 2
                                                       Ақпан

 

 
1 «Менің сүйікті қонжығым» Қара қоңыр түсті қағаздардан дөңгелек сопақша пішіндер қиып, құрастыру арқылы жапсыру. 2
2 «Балапан» Желімдеу тәсілін меңгертіп, пішіндерден балапнды жапсыруға үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. 2
                                                     Наурыз  
1 «Әжемнің орамалы» Түрлі түсті қағазды үшбұрыштап бүктеу және оны әшекейлеу арқылы орамал жасау. 2
2 «Күннің көзі» Сары түсті қағаздан «Түйіршіктеу» әдіс арқылы  күнді жасау. 2
                                                        Сәуір  
1 «Бағдаршам»  Қораптан жасалған дайын бағдаршамға көздерін жапсырып, таяқшасын жасау. 2
2  «Добым, добым дөңгелек, тоқтамайсың дөңгелеп» Балаларға тобымыздағы ойнауға арналған доптар туралы түсінік беру. Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол қимыл – қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамыту. остастыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу. 2
                                                     Мамыр

 

 
1 «Мамыр гүлшоғы» Балаларды жұмыста әртүрлі материалдарды пайдалана отырып, шығармашылығын дамыту. 2
2 «Қандай заттың пішіні шарға ұқсайды?» Түрлі түсті бояуларды пайдалана отырып дөңгелек пішінді  шардың суретін салуға үйрету, тазалыққа тәрбиелеу. 2
    Барлығы : 36

 

 

Күтілетін нәтижелер:

– жануарлардың пішінін бейнелей алады;

-көлемі бойынша заттар мен нысандардың арақатынасын ескеріп, композициялар жасай алады;

– жолаққа геометриялық пішіндер мен өсімдік өрнектерінен өрнектер жасай алады;

-қайшыны дұрыс ұстайды және оны пайдалана алады;

-ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *