Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Этникалық және әлеметтік –саяси процестер Мектеп: 21 орта мектеп
Күні:11.12.2019ж Мұғалімнің аты-жөні: Жанаева Айжан Куанышбаевна
Сынып: 10б Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері
Сабақ мақсаттары Барлығы: қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді, «ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын түсінеді
Басым бөлігі: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтарды жіктеп, қоғамдағы қызметін талдайды
Кейбірі: Қазіргі кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктеліс пен қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік жіктелісті салыстырып, баға береді.
Бағалау критерийлері • Білу және түсіну
«ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын түсінеді
• Талдау:
қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтайды
• Рефлексия:
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы өз жетістігіне баға береді
Тілдік мақсаттар
– Тілдік құзіретті дамыту:
Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау, бейнеролик көру
Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.
Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.
Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.
-Пәнге қатысты терминология
ақсүйек, қарасүйек, хан, сұлтан, би, батыр, қожа
Құндылықтарды дарыту Құндылықтар:
– патриотизм
– өз елі үшін мақтаныш
– ұлттық сана-сезім
– тәуелсіздік
Бастапқы білім
Қазақ халқының шығу тегі. Қазақстандағы этногенезі мен этникалық процестер
Пәнаралық байланыс Дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақ барысы Ресурстар
Сабақтың І бөлімі
Сабақтың басы
5 мин
5 мин
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Топқа бөлу – суреттер арқылы
І топ- Хандар тобы
ІІ топ- Сұлтандар тобы
ІІІ топ- Билер тобы
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Жүз дегеніміз не?
2. Этногенез дегеніміз не?
3. Қазақ этносы қандай үш жүзге бөлінген
4. Ұлы жүз тайпаларын ат, аумағын көрсет:
5. Орта жүз тайпаларын ата, аумағын көрсет:
6. Кіші жүз тайпаларын ата, аумағын көрсет.
БЫМ Оқушылар суретерге қарай отырып кем дегенде 5 әлеуметтік топты анықтайды және тақырыпты болжайды
М Мұғалім сабақ тақырыбы, мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырады
Слайд №1
Слайд №2
Слайд №3-4
Сабақтың ортасы
8 минут
10 минут
5 минут Т «Мен бұрыннан білемін» әдісі. Оқушылар тақырып бойынша өз білгендерін ортаға салып, топта талқылайды, постермен жұмыс жасайды.
Дескриптор:
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтарды атайды, олардың қызметін талдайды.
Бағалау: «Жұлдызшалар» арқылы топтар бір бірін бағалайды:
Жасыл жұлдызша – өте жақсы
Сары жұлдызша –жақсы
Қызыл жұлдызша- орташа
Ж.ж Кестені толтыр. Қазақ қоғамында әлеуметтік топтар хандықты нығайтуда қандай рөл атқарды?
Әлеуметтік топтар Атқарған қызметтері
Хандар
Сұлтандар
Билер
Байлар
Қожалар
Батырлар
Еріксіз адамдар
Бағалау: «Жұлдызшалар» арқылы
Формат А3, фломастерлер, стикерлер
Слайд 5
Слайд №6-7
Карточкалар
Слайд 8
Сабақтың ІІ бөлімі
Сабақтың аяғы
3 минут
Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
• Мен бүгін …………. білдім
• Мен бұрыннан ……… білемін
• Маған ……. қиын болды
• Мен ………………тапсырмаларды орындадым
• Мен өмірде ……….қолданамын Слайд 9
Сабақтың соңы
2 минут Рефлексия «Табыс баспалдағы». Стикерге оқушы өз атын жазып тиісті жерге жабыстырады, сөйтіп оқудағы өз деңгейіне баға береді
Үйге тапсырма: Қазіргі кезде әлеуметтік жіктеліс сақталғанба? (ой-толғау)
Слайд 10-11
Стикерлер
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718