М.Қабанбаев “Бауыр” әңгімесі
Сабақтың тақырыбы:
М.Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі» |
Ақтөбе қаласы, №60 ЖББОМ
Мұғалімнің аты-жөні: Романова М.К Күні: 03.03.2020 |
||||||
СЫНЫП: 5 «Ғ»
|
Қатысқано қушылар саны: 27
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0 | |||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | . 5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;
Б/С2.5. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау. |
||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың көпшілігі:
– Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді; – Шығарма желісімен байланыстыра алады; – Кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді; Оқушылардың кейбіреуі: – Қазіргі өмірмен байланыстыра алады; – Топтық жұмысқа белсенді қатысады. |
||||||
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | ||||||
Тілдік құзіреттілік | Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;
Тәрбие: Отбасы мүшелерін құрметтеу, бауырдың орнын білу, отбасы қадірін түсіну, бауырмалдылық қасиетін дәріптеу.
|
||||||
Ресурстар | Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан бейне материал тамашалайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады. | ||||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі, тарих | ||||||
Алдыңғы оқу | «Бауыр» әңгімесі | ||||||
Сабақтың жоспары | |||||||
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері | |||||
Басталуы
5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тексеру, назарын сабаққа аудару. Қызығушылық ояту. Үй тапсырмасын тексеру. |
|
|||||
Жаңа білім
10 минут
|
«Бұрыс,дұрыс» әдісі
Әңгімені толық оқыған не оқымағанын тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады. Оқушылар қағаздың екі жағына дұрыс/бұрыс деп жазады. Мұғалім сұрақтарды рет-ретімен оқиды, қай сұрақтың жауабы дұрыс болса, оқушылар парақтың дұрыс деген жазуын, ал жауап қате болса, бұрыс деген жазуын көтереді. 1. Қалидың ағасы – Манап. – дұрыс 2. Директордың аты-жөні – Эльжбета Сергеевна. – бұрыс 3. Қалидың фамилиясы – Төрекелдиев. – дұрыс 4. Қали ән айтып, би билегенді ұнатады. – бұрыс. 5. «Ойнайтын да, қайнайтын да спорт залымыз осы. Балалар қазір жаттығып жатыр. Орындыққа тізе бүгіп, тоса тұрыңыз. Мен Қалиды ертіп шығайын». Виктория Ивановнаның сөзі. – бұрыс. 6. «Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала». Манаптың портреті. – бұрыс. 7. «Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?». Қалидың сөзі. – дұрыс. 8. Қали жетінші сыныпта оқиды. – бұрыс. 9. Балалар үйі Өскеменде орналасқан. – дұрыс. 10. Әңгімеде «Жетім көрсең, жебей жүр» мақалы кездеседі. – бұрыс.
|
.«Бұрыс, дұрыс» әдісі |
|||||
Ортасы
10 минут
|
Оқушыларға «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары» қойылады.
1-тапсырма. 1. Манап балалар үйіне не үшін келді? 2.Балалар үйі туралы естулерің бар ма? 4. Балалар үйінің директоры Манапты қалай қарсы алды? 5. Балалар үйіндегі тәрбие жұмысы қалай ұйымдастырылған? 6. Қалидың тәлім-тәрбиесі қандай, ол немен әуестенеді? 7. Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сендерге қалай әсер етті? Кездесулерінің салқындығының сыры неде? 8. Манап ел жайында, әкесінің қазасы туралы айтқанда Қали неге жайбарақат қабылдады? 9.Қалидың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, арман-қиялдары қандай? 10. Ағалы-інілі екеуінің түбінде түсінісетініне сенесіңдер ме? Бағалау критерийлері: – Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді; – Шығарма желісімен байланыстыра алады.
2-тапсырма. «Аялдама» әдісі. Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау. 1-аялдама. Оқиғаның басталуы – Манаптың балалар үйіне келуі. 2-аялдама.Оқиғаның дамуы – Манап пен Қалидың кездесуі. 3-аялдама.Оқиғадағы шиеленіс – бауырлар арасындағы салқындық. Манаптың ішкі жан күйзелісі. 4-аялдама. Шарықтау шегі – Қалидың әңгімесі, жаттығуға асығуы. 5-аялдама. Оқиғаның шешімі – көңілі алабұртқан Манаптың кейін қайтуы.
Бағалау критерийлері: Аялдама бойынша әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасай алады.
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді. Кейіпкер Тура мінездеме Жанама мінездеме Манап
Қали Эльжбета Сергеевна Бағалау критерийлері: · Кейіпкерлерге портреттік мінездеме бере алады. · Тура мінездеме мен жанама мінездемені ажырата алады. Оқушылар сурет қиындыларын құрастыру арқылы төрт топқа бөлінеді.
|
Сұрақ-жауап
«Аялдама» әдісі.
Жұптық жұмыс |
|||||
Сергіту сәті
2 минут |
Сергіту сәті. «Меломен» тобының орындауындағы «Перзент арманы» әнінің бейнебаянын тамашалайды.
|
||||||
Аяқталуы
Сабақты бекіту 10 минут |
3-тапсырма. Топтық жұмыс. «FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің образдық тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау. I /Пікір / – кейіпкер туралы өзінің ой, пікірі. L /Сұрақ/ – кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар. A /Іс-әрекет/ – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.
|
«FILA толтыру» әдісімен жұмыстанады | |||||
Бағалау
5 минут
Кері байланыс 3 минут |
Кері байланыс кемесі | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
· | · | · | |||||
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718