«Ертегілер әлемінде»
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ертегілер әлемінде»
Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: балаларға ертегі кейіпкерлерін сипаттауға үйретуді жалғастыру, қимыл – әрекетті білдіретін етістіктерді дұрыс таңдап, оларды қолдана білуді үйрету;
Дамытушылық: ертегі мазмұнын айтқызу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту;
Тәрбиелік: ертегідегі кейіпкерлердің іс – әрекеті арқылы балаларды тапқырлыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: түлкі, қоян
Белингвалды компонент: түлкі-лиса, қоян-заяц.
Қажетті құрал – жабдықтар: демонстрациялық материал.
Іс-әрекет
Кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-
Қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Мейірімді жүрекпен
Бөлісемін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілеп,
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Балалар үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдап, әуенге сай билейді. Педагог қолына « сиқырлы таяқшаны» алып, әр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдырады. Балалар бір-біріне тілектер айтады.
Қонаққа ертегілер әлемінен қоржынын арқалап Алдар көсе келеді. Жарты шеңберге тұрады. Бір-бірімен амандасады, тілек айтады,
орындарына отырады.
Келген қонақпен амандасады.
Ұйымдастыру– іздестіру Әңгімелесу.
(Ертегілер елінен келген Алдар көсе балаларға сұрақ қояды)
-Қандай ертегі білесіңдер?
-Қасқыр туралы қандай ертегі білесіңдер?
-Ал, түлкі туралы ертегі білгілерің келеді ме?
Ал, ендеше бүгін менің қоржынымда жатқан тағы бір ертегімен танысатын боласыңдар.
-Бұл – «Түлкі мен қоян» ертегісі.
Алдар қоржынынан әрбір кейіпкерді алып шығып отырып, үстел – үсті театрының көмегімен ертегіні айтып береді.
«Түлкі мен қоян»
Ұзын құлақ сұр қоян қашып келіп, бұта түбінде бұғып отырған.
Бір қу түлкі оның ізіне түсіп, қуып кележатқан.
О пәле ақырын аңдып келдіде, қоянды тартпа бас салып:
-А-ха-а, қолға түстіңбе, бәлем!-деді. Сол кезде қоян көкке қарап:
-О-О, Түке! Құрыдық! Енді екеуміз де өлетін болдық!- деп жылап жібереді.
-Ей, сен не айтып тұрсың!?-деді түлкі.
-Ойбай-ау! Ана бұлттың арасында екі бүркіт кележатыр ғой бізге!
«Бүркіт» десе өлердей қорқатын түлкі:
-Не дейді мынау?- деп шошып кетті.
-Бүркіт кежатыр дедімғой, бүркіт!-деді қоян онан сайын еңіреп. Түлкі қайтерін білмей, қатты сасып:
-Әй, енді не істейміз?-деді қоянға.
-Сіз мына тұрған орманға қарай қашыңыз! Мен оларды осында айналдыра тұрайын! Түлкі қоянды тастай салып, орманға қарай безіп жөнелді!
Қоян қуана секіріп:
-Ух, бір ажалдан қалдымау!-деді
Буын ұйқас
-ян,-ян,-ян… Қалқан құлақ қоян.
-кі,-кі,-кі… Қу түлкі.
Сергіту сәті:
Боран соғады оң жақтан,
Боран соғады сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
-Енді, мына сөздерді өзге тілдерде де айтып көрейікші: түлкі-лиса, қоян-заяц.
Ойын: «Қоян немен қоректенеді?»
(балалар саусақтарына қоянның суретын киіп, сәбізді жинайды.)
«Ертегі әлемінде» тақырыбына сурет салу.
Балалар екі топқа бөлініп, өз қалаулары бойынша дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы сурет салып, бейнелерді қарастырып, қандай ғажайып ертегі кейіпкері болғанын атайды.
Алдардың сұрақтарына жауап береді.
Әр баланың дербес жауабы.
«Бауырсақ», «Шалқан», «Қасқыр мен жеті лақ
Иә
Қызыға қарап, мұқият тыңдайды.
Қимылдарын келтіріп орындайды.
бір тілдегі баламасын қайталап, есте сақтауға тырысады.
Рефлексивті– түзетушілік
Қорытынды:
Алдаркөсенің сұрақтарына жауап береді:
Қандай ертегімен таныстық?
Ертегі ұнады ма?
Алдаркөсе қоштасып, шығып кетеді.
Сұрақтарға жауап береді.
«Түлкі мен қоян» ертегісі.
Ия
Барлығы бірге айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: әртүрлі тақырыптарда тәрбиешінің көмегімен қарапайым ертегілерді сурет бойынша мазмұндай біледі;
Болу керек: сөйлем құрастыру үшін сөздерді бір – бірімен мағынасына қарай байланыстыру керектігі туралы түсінік;
Істей білу керек: қарапайым сын есімдерді біледі, ауызекі тілде қолданады, дыбыстарды дұрыс айта білу керек.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718