Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдану арқылы өткізу тәсілдері.

Қазіргі заман талабы да күннен-күнге жоғары болып келеді. Бүгінгі таңда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев білім жүйесіне көп көңіл бөлуінің арқасында Қазақстанның көптеген мектептері интерактивті тақтаға, мультимедиялық кабинеттерге ие болып отыр. Алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына қосылу үшін 3 тілді бірдей менгерген болашақ жастарды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету шет тілі мамандарының үлкен міндетіне айналып отыр. Бұл біліктілікпен үлкен ізденушілікті талап етеді.
Ізденген жетер мұратқа дегендей, ізденген ұстаз қайтсе де нәтижеге жетуді көздейді. Оқыту жүйесінің жаңа технологиялары мектеп өмірінде кеңінен орын алып келеді. Әр ұстаз өзі таңдаған технология бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеруге бар күш жігерін жұмсайтыны анық.
Шет тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану сабақ оқытудың тиімді, сапалы жолы болып табылуда. Соның ішінде интерактивтік тақтаны – қолдану ұстаздың да, оқушының да жұмысын жеңілдетеді, оқушылардың ынтасын арттырады.
Интерактивті – тақта арқылы оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынасы артады. Көрнекіліктерді, деңгейлі тапсырмаларды, сызбаларды компьютер, интерактивті тақта арқылы қолдану оқушылардың қабылдауын арттырады. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы жаңа сабақтарды қайталауға және қорытынды сабақтарды өткізуге жақсы. Бұл өте тиімді екеніне
– оқушының оқуының білім мен біліктілігін қалыптастырады;
– екеуара сөйлесу немесе өз ойын еркін құрастыра білуге;
– өз бетімен жұмыс жасауға, мәтіндер құрастыруға, фонетикалық, грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтін тыңдау жұмыстарын оқушылар аса қызығушылықпен орындайды.
Оқушыларға өз деңгейлеріне байланысты әр-түрлі деңгейдегі (ауыр, жеңіл) тапсырмаларды беріп, сол уақытта тақта арқылы көрсетіп тұрып орындауға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың деңгейін анықтап шығармашылыққа баулиды.
Тестік тапсырмаларды өтілген материалдар бойынша беріп отырамын. Ол баланың сабақты қаншалықты түсінгендігін тест арқылы да тақтамен білу арқылы тексеріліп, әр жіберілген қатеге талдау жасауға болады. Бұл уақытты үнемдейді. Уақытты үнемдейтіндігі сол дайын жаңа сөздер, грамматикалық кестелерді қолмен жазып уақыт өткізбейсің дайын материалдарды тірек сызбаларды пайдаланып отырасың. Әсіресе қорытынды сабақтарда көптеген әртүрлі әдіс-тәсілдерді, әртүрлі тапсырмаларды көптеп беруге мүмкіндік бар.
Қорытындылай келе мультимедиялық кабинеттің интерактивті тақтаның ерекше мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып көздеген мақсатқа жетуге болады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *