Ашық сабақ. Тақырыбы: Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту

 

6-бөлім: Бірлескен іс-әрекетті қажет ететін қызықты ойындар

 

Мектеп: Каменка орта мектебі

Күні: 27.01.2021. ж Мұғалімнің аты-жөні: А.У.Елеусизов
Сынып: 5 –« A»  
Сабақ тақырыбы: Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 5.2.8.1 – түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған рөлдерді анықтай білу

5.1.4.1 – қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын білу және анықтау

Сабақ мақсаттары Түрлі қимыл-қозғалыс ойындары арқылы физикалық қабілеттерін жетілдіру.

Өзінің және өзгенің  қозғалыс қабілеттерін біліп, анықтай алады.

Жетістік критериялары Түрлі  қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы  өзінің және өзгелердің физикалық қабілеттерін анықтай алады.

Топтық ойындарда  бірлесе жұмыс жасай отырып, қиындықты шешу жолдарын табады.

Тілдік  мақсаттар

 

·     Ойындағы түрлі қимыл-қозғалыстарға негізделген рөлдерді анықтайды және көрсете алады

Пәнге тән лексика мен үш тілдегі терминология:

-преодолевать препятствия-overcome obstacles;

-динамика- dynamics;

-координация- coordination;

-тапқырлық- находчивость- resourcefulness;

-тәуекел- риск- risk

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

·     Ойын кеңістігі деген не?

·     Ойын ойнау кезінде қандай тапқырлық көрсетіп, тәуекелге барасыз?

Құндылықтарды             дарыту Өз бетімен және топта жұмыс жасай білу. Патриотизм. Өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігін сезіну.
Пәнаралық байланыстар Дене бұлшық еттердің дамуы ж/е жүрек соғысының өзгерісі туралы биология пәнімен байланыстырып, сабақтастыру
Бастапқы білім Қимыл-қозғалыс  ойындарын түсініп, орындай білу. Спорттық жабдықтарды қолданудағы қауіпсіздік және өз-өзін сақтандыру.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар
Сабақтың басы

          12мин.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

– сапқа тұру,сәлемдесу;

– сабақтың оқу мақсатын, сабақтың мақсатын және жетістік критерийін түсіндіріп  мәлімдеу;

 

2. Ынталандыру, сергіту ойыны:

«Ұшты-ұшты»

Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын заттарды араластыра айтып отырады, Шарт бойынша,тез ұшатын зат аталғанда ғана,ойнаушылар қолдарын көтеру керек,Ал егер кімде-кім ұшпайтын зат аталғанда ғана қолын көтеріп қойса,айыбын тартады,яғни бір өнерін көрсетеді,Ойын осылай жалғаса береді.

3.Арнайы жүгіру, секіру дайындық жаттығуларын орындау:

а) оң ж/е сол қапталмен аяқты алшақ қойып секіре-жүгіру;

ә) қолды белге қойып, тізені бүкпей аяқты алға сермей жүгіру;

б) қолды желкеге қойып, тізені бүгіп өкшені артқа сермей жүгіру;

в) тізені алға бүгіп жоғары көтере жүгіру;

г)  оң ж/е сол қапталмен аяқты қиғаш айқастыра сала  жүгіру;

ғ) оң ж/е сол аяқты ауыстыра отырып алға секіре жүгіру.

Әрбір дайындық жаттығуы спортзалдың жарты айналымына дейін ғана орындалады.

Әрбір әрекет үшін кең, таза кеңістік

 

 

Гимнастикалық таяқша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы 

  25мин.

Тапсырма1.  

 «Ойлан- бөліс» әдісі – идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі,тапсырма карточка арқылы орындалады. 

1 тапсырма. Төмендегі спорттық құралдардың (секіртпелер, обручтар, төсеніштер, кегли, доптар, гимнастикалық орындықтар, мешок, ) көмегімен эстафеталық ойындар құрастырып, оны көрсетіңіздер және ойындағы қиындықты анықтаңыздар.

Әрбір әрекет үшін кең, таза кеңістік

 

 

Сабақтың соңы

3 минут

 

Рефлексия

1.  Бүгінгі сабақтан не түсіндің?

     -не білдің?

     -не білгің келеді?

     -не үйрендің?

2.  Үйге тапсырма: Әр балаға  (кем дегенде бір) кез келген бір ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын дайындап әкелу.

 

Сұрақ-жауап

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер менсөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Бұл сабақта өзін-өзі тану пәнімен өзара пәнаралық байланыс орнату.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *