Орта жүздің Ресей бодандығын қабылдауы
10 қазан 1731 жылы Кіші және Орта жүз старшындарының жиналысында ұзақ дау мен келіспеушіліктерден соң, Ресей императоршасына адалдық туралы антқа қол қою жүргізілді. Бұл ант Ресей мен Әбілхайырға бағынатын Қазақ хандығы бөлігінің арасындағы шарт болатын. Әбілхайыр хан ресей бодандығын қабылдағаннан кейін Ұлы және Орта жүздің хандары, сұлтандары және старшындары өздерінің “бодандықта болу” тілектерін білдірді. 19 желтоқсан 1731 жылы сол шарттар бойынша Семеке хан бодандықты қабылдайды, 28 тамыз 1740 жылы – Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қабылдады. Бұл актілердің басты себебі Әбілхайыр ханға ішкі саяси күресте басымдық бермеуге ұмтылу болатын. Өйткені бұл басқарушылар өздерін орыс бағыныштысы деп мойындағандықтан, Кіші жүз ханы оларға қарсы орыс әскерлерін пайдалана алмайтын. 1734 және 1738 жылдары Жолбарыс хан ресей биліктеріне жолықты, ол орыс бодандығы арқылы жоңғар билігінен босануға әрекеттенді, бірақ оның әрекеті сәтті болған жоқ.
XVIII ғасырдың 30 жылдарында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылдары басталып, әсіресе орта жүзге қауіп төндірді. Бұл жағдайда 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановнаның жарлығы бойынша Орта жүз билеушілерінің орыс бодандығынан қабылдауы мәжбүрліктен туған саяси қадам болды. Бірақ Орта жүз әлі де болса дербестігін жоғалтпаған еді орта жүз ханы Сәмеке қайтыс болғаннан кейін бұл жарлық жүзеге асырылмай қалды. 1822 жылы М. Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» енгізілгенге дейін Орта жүз өз алдына дербес өмір сүре берді.
Қазақ мемлекеттілігін сақтап, оны нығайтуда қазақ ханы Абылай (1711-1781) көрегенді әрі шебер дипломатиялық саясат жүргізді. 1748 жылы Ресей бодандығын қабылдаған беделді сұлтан оны сақтай отырып, 1756 жылы Қытай бодандығында қабылдайды. Бірақ іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізген болатын. «Қазақ тарихының Герадоты» атанған А.И.Левшин өзінің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларына сипаттама» атты еңбегінде Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде нақтылы деректер келтіре отырып, талдау жасаған. Онда Абылай «қазақтардың барлық билеушілерінен айлакерлігімен және тәжірибелілігімен, ақыл парасатымен, оған қарайтын халықтың көптігімен беделді, Қытайдың боғдыханымен де, Ресей императорымен де қатынасы арқылы бүкіл ордада даңқты болды.
Ол күштілігіне сенімділігімен, ақылдылығымен және өте сақ мінезімен айналасына асқан шеберлікпен өзін қолдаушыларды топтастыра білді, жауларына күшін де көрсетті, ал қалыптасқан жағдайларға қарай кейде орыс бодандығын, Қытай бодандығын мойындап, бірақ шын мәнінде болды». Абылай бүкіл қазақ халқының, үш жүздің ханы болды. Бұл жөнінде Шәкәрім былай деп жазады: «…үш жүзден тоқсан жақсылар ертіп барып өздері қасиетті көретұғын арғын, шақшақ нәсіліне Жәнібек деген кісіден бата алып, Әбілмансұрды үлкен хан қойыпты, …Абылайдың хан болғаны 1735 жылдың манайы болар».
Әбілхайыр хан Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін, Ұлы және Орта жүздің хандары, сұлтандары және старшындары өздерінің “бодандықта болу” тілектерін білдірді. 19 желтоқсан 1731 жылы сол шарттар бойынша Семеке хан бодандықты қабылдайды. 28 тамыз 1740 жылы Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қабылдады. Бұл актілердің басты себебі Әбілхайыр ханға ішкі саяси күресте басымдық бермеуге ұмтылу болатын. Өйткені бұл басқарушылар өздерін орыс бағыныштысы деп мойындағандықтан, Кіші жүз ханы оларға қарсы орыс әскерлерін пайдалана алмайтын. 1734 және 1738 жылдары Жолбарыс хан ресей биліктеріне жолықты, ол орыс бодандығы арқылы жоңғар билігінен босануға әрекеттенді, бірақ оның әрекеті сәтті болған жоқ. Бұл мәселені тек қана П. И. Рычков пен А. И. Левшин тыңғылықты түрде ашып көрсеткен. Ресей мен қазақ билеушілері арасындағы шарт нәтижесінде бодандық – бодан мемлекет (Қазақстан) егемендігінің бір бөлігінен, атап айтқанда жеке халықаралық қатынас құқығынан айырылатын тәуелділік нысаны, қатынастары бекітілді. Протектор-мемлекет (Ресей) бұған айырбас ретінде бағынышты мемлекеттің мүдделерін үшінші елдерден қорғауға міндеттенді. Ресей мен Әбілхайыр иеліктері арасындағы бодандық туралы келісімнің нақты шарттары келесідей болды:
1. Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін ресей сауда керуендерін қорғау;
2. Жүн және терімен жасақ төлеу;
3. Үшінші державалармен Ресей соғысқан жағдайда әскери жәрдем.
Өз кезегінде Ресей тарапы қазақ жерлерінің жаугершілік әрекеттерді жасауды тыю және сыртқы қарсыласпен соғыс кезінде Әбілхайыр ханға көмек көрсетеміз деген міндеттеме алды. Осы жылдары бодандықтың нышандарын тереңдете түсуге бағытталған Тевкелевтің құпия инструкциясы жасалған. Мұнда Ресей мен қазақ қатынасы вассалдық сипатта болды. Бұдан бөлек қосымша шара ретінде аманат институты енгізілді. Яғни, қазақ хандарының ұлдары Ресей жағында белгілі бір уақытқа қалуы тиіс. Келісілген шарт бойынша Ресей Қазақстаннның ішкі ісіне араласпайтын. Алайда Әбілхайыр хан көз жұма салысымен-ақ, 1748 жылы орыс императорлары қазақ хандарының хандығына бекіту құқын иеленіп алды.
1- курс студенті Н.Ә.Рысбек
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718