Көркем еңбек 6 сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Визуалды өнер

 

Пән: көркем еңбек

Сынып: 6

Мектеп:

 

Мұғалімнің аты-жөні :

Күні: Қатысқандар:                         Қатыспағандар саны:
Сабақтыңтақырыбы: Портрет жанры. Портрет түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 6.1.3.1. Шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:портрет жанры мен портрет түрлері туралы біледі;

Оқушылардың басым бөлігі:портрет жанры мен портрет түрлерін жасауда ақпарат көздерін қолданады;

Кейбір оқушылар:портрет түрлерін өз бетінше орындайды;

Бағалау критерийлері –  портрет жанры мен портрет түрлері туралы мәліметтерді меңгереді;

–  шығармашылық идеыларды іске асыруда ақпарат көздерін тиімді пайдаланады;

Портрет жанрының өзіндік ерекшелігін анықтайды;

Түрлі ақпарат көздері арқылы портрет жанрындағы картиналарды қарастырып, оның түрлерін зерттейді;

 

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

портрет, жанр.

Пән лексикасы және терминология:

Портрет, автопортрет, жанр, бейнелеу өнер бағыттары.

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

…….бейнелеу барысында ……. қолданылды.

Бұл шығарма …… көмегімен орындалды.

Автопортрет идеясы жақсы көрсетілген, себебі…..

Менім ойымша қолданылған материал ….. әсерлі, себебі

Диaлогтер мен жaзу үшін қолдaнылaтын тіркестер:

–          Портрет жанрының ерекшелігі неде?

–          Портрет салуда қандай ережелерді ұстану керек?

–          Портреттің қандай түрлері бар?

Құндылықтарға

баулу

 

Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, өмір бойы білім алу

 

Пәнаралықбайланыстар Сызу, бейнелеу өнері

 

Алдыңғымеңгерілген білім

 

Портрет түрлерін біледі
Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

2мин

 

 

 

 

 

3мин

 

 

«Қол  жесті» әдісі арқылы психологиялық ахуал туғызу;

Оқушылар шеңберге тұрып, топқа бөлінеді. Әрбір топқа бір-бірін тану үшін 30 секунд беріледі..

 

Топқа бөлу «Адасқан әріптер» әдісі

1-топ  «Портрет»

2- топ «жанр»

3- топ «Портрет түрі»

 

1 тапсырма. «Жасырын суреттер» әдісі  арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

 

 

 

 

 

– суреттерде кімдер бейнеленген?

– адамдардың суретін салу қалай аталады?

-суреттерде қандай түстер қолданылған?

 

ҚБ «Қол сигналы» әдісі

Оқушыларға сұрақ қойю арқылы білімін тексеру.

1.     Бейнелеу өнерінің түрлерін атта?

2.     Кескіндеме, оның жанырлары туралы айт?

3.     Пейзаж деген не?

4.     Натюрморт қандай мағынаны білдіреді?

5.     Тақырыптық сурет туралы айт?

 

 

 

 

қима қағаздар

 

 

 

 

суреттер

Сабақ ортасы

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

Портрет– бейнелеу өнерінің адамды бейнелейтін жанры.

Салтанатты портрет– арнайы сәнді киінген, сымбатты адамды бейнелейді.

Камералық портрет – адам қарапайым, табиғи қалыпта бейнеленеді.

Топтық портрет – екі немесе бірнеше адам бейнеленеді.

Жұптық портрет – ерлі-зайыптылар, туған- туыстар,жолдастар бейнеленеді.

Автопортрет – суретшінің өзін бейнелеуі.

 

Ой шақыру.

Картиналарды қарастырып, келесі сұрақтарды қою ұсынылады: :

·         Картинада не байқап тұрсыздар?

·         Неге бұл картиналар портрет деп аталады?

·         Портрет дегеніміз не? Қалай ойлайсыздар?

·         Бұл картиналарда адамдардың бейнесі қалай бейнеленген?

·         Портреттің қандай түрлерімен таныссыңдар?

·         Суретшілер қандай визуалды элементтер қолданған?

·         Сіздер қалай ойлайсыздар, «визуалды элемент» дегеніміз не?

3  Бұл картина арқылы қандай идея және көңіл- күй берілген? Суретші бізге не айтқысы келді?

 

2- тапсырма. Топтық жұмыс «Сұраққа жетіп алу» әдісі.

1)      Портрет жанрына сипаттама беру

2)      Портреттің түрлерін атау;

3)      Ақпарат көздерін пайдалану арқылы оқулықтағы кез келген портретке таныстырылым жасау

Дескрипторлар:

–          Оқушылар портрет жанры туралы біледі;

–          Портреттің түрлерін талдайды;

–          Ақпарат көздерін тиімді пайдаланады;

ҚБ «Бағдаршам» әдісі

3-тапсырма. Саралау тапсырмасы «Портрет» әдісі

Жеке жұмыс: Портретке адамның бет бейнесін

салу

Дескрипторлар:

–          Оқушылар портрет салу ережелерін  біледі;

–          Портрет салудағы эстетикалық талаптарды орындайды;

ҚБ «Бас бармақ» әдісі

Портрет жанрының түрлерін оқушылармен бірге мысал негізінде қарастырып өту ұсынылады.

Ø  Парадтық

Ø  Камералық

Ø  Топтық

Ø  Миниатюрлік

Ø  Тарихи

Ø  Серуендік- портрет

Ø  Отбасылық

Ø  Діни портреттер

Ø  Автопортрет

Презентация:

Оқушылар өздерінің зерттеу жұмысын таныстырады.

Оқушылар әрбір таныстырылымнан кейін сұрақтар қоя алады

Сабақты бекіту.

–          Портрет дегеніміз не?

–          Портрет түрлерін ата?

Қорытынды әңгіме жүргізу.

 

постер, маркер

 

 

 

 

А3  қағаз, қарындаш

 

 

Сабақтыңсоңы

5 мин

Кері байланыс

«Бір сөзбен» стратегиясы
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.

 
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз? Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Саралау тапсырмасы

жеке жұмыста

«Портрет» әдісі арқылы жүргізілді.

Оқушылар барлығыпортретке адамның бет бейнесін салу ережелеріне сүйене отырып, мұғалімнің қолдауымен  салады;

қабілеті жоғары оқушылар

адамның бет бейнесін ешқандай кeмшіліктeрсіз салады және таныстырылым жасайды көрсeтеді;

«Қол сигналы» әдісі, «бағдаршам», «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. .

Кері байланыс «Бір сөзбен » әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін,

АКТ қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіру және сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
Жалпы баға

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім: Визуалды өнер

Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 
Сабақ тақырыбы Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық  мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен  дизайн туындыларының  ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету.
Сабақ мақсаттары ·           Қазақстандық суретшілердің портрет жанрындағы картиналарын зерттеу;

·           Суретшілердің жұмыстарындағы ерекшеліктері туралы білім мен түсінігін көрсету.

Жетістік критерийлері Отандық суретшілердің картиналарын зерттейді.

Қазақстандық суретшілердің портреттеріндегі ерекшеліктерді анықтайды. Қазақстандық суретшілердің жұмыстарының негізінде эскиз орындайды.

Өнер, қолөнер, дизайн туындыларының әлемдік және ұлттық ерекшеліктерін анықтайды

Тілдік  мақсаттар

 

Портреттерге тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

·                 Сюжет композиция және т.б.

·                 Менің ойымша суретші ….көрсеткісі келді.

·                 Картинадағы өзіндік сипатқа ие….

·                 Портреттің идеясы жақсы жеткізілді. Себебі,

·                 Портрет жылы колоритте орындалған. Себебі….

Құндылықтарды дарыту Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік
Пәнаралық байланыстар Қазақстандық тарихи қайраткерлердің портреттерін зерттейді.
АКТ қолдану дағдылары Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды
Бастапқы білім

 

Оқушылар осыдан бұрын портрет жанрымен таныс
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

 

 
Сабақтың басы

 

Сұрақтарға жауап бер:

«Абай» портреті.

Оқушыларға қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың әртүрлі суретшілермен салынған үш портретін қарастырады:

·         Картинада кім бейнеленген? Кейіпкердің мінезін суреттеңіз.

·         Картинаның авторын білесіздер ме?

·         Суретші көрерменге не айқтысы келеді?

·         Портреттер несімен ерекшеленеді?

Сабақ мақсаты және бағалау критерийлерімен танысу.

 
Сабақтың ортасы

 

 

Шоқан салған суреттер оның ғылыми еңбектеріне байланысты этнографиялық сипатқа ие болғандықтан, оларды түгелдей кәсіптік өнерге жатқызбайды.                                                          Шоқан салған сурет.

Ш.Уәлиханов.

Қазақстанның реалисттік бейнелеу өнері

               Н.Г.Хлудовтың (1850-1935) есімімен байланысты.

Қазақстанға 1877 жылы келген ол географиялық экспедицияға қатысып, бірнеше акварель және кескіндеме полотноларын жасады. Ұлттық колориты мен этнографиялық жағынан үстірттігіне қарамастан  Хлудов шығармалары көркемдік құндылыққа ие болды.

 А.Бортников. «Жайлаудағы  Хлудов»

Н.Г.Хлудовтың бейнелеген суреттері;

–       Қазақстанның таулы табиғатын,

 қазақтардың тұрмыс-тіршілігі

1929 жылы Түрксіб құрылысынан Алматыға жас жұмысшы, бұрынғы қойшы  Ә. Қастеев оқуға келді. Оның әкелген суреттерінен темірқанат  талаптың болашағы зор екендігі көрінді.

«Соңғы хабар»                Абай портреті                  «Томар» колхозы

Кескіндемелік жұмыстары қазақтың кең даласында болып жатқан өзгерістерді шынайы бейнелеген суретшілер;

                       –  Ә. Қастеев,

                       –  Н.Крутилников,

                       –  Е.Сидоркин,  

                       –  Ш.Кенжебаев, 

                       –  С.Мәмбиев,

                       –  Қ.Телжанов, 

                       –  М. Кенбаев,

                       – М. Лизогуб және басқа суретшілер

Суретшілер қоршаған ортада және бүкіл әлемде болып жатқан оқиғаларды бақылап әрі талдай отырып, сезім, тебіреніс әсерлерін өз туындылары арқылы көрсетуге тырысады.

Ә. Қастеевтің шығармашылығының бір бөлігі қазан революциясынан кейінгі халық өмірін бейнелейтін кескіндеме шығармалары. Олардың қатарына мына картиналар жатады: «Бие сауу», «Құдықтың басындағы бай мен жарлы», «Қалың малға сатылған қыз», «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы», «Колхоз тойы», «Колхоз қырманы».

Суретші Ә. Қастеев халық батыры, Амангелді Иманов тақырыбына өз шығармасынан ерекше орын берген. Бұл шығармалар қатарына «А.Имановтың портреті», «Амангелдінің шабуылы» атты композициялары жасады.

Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Ысымайлов шығармашылығы көрнекті орын алады.Алғашқы ұлттық график-суретші Ә. Ысымайловтың творчествосы, қазақтың профессионалдық бейнелеу өнерімен қатар қалыптасты. Ол кескіндеме, графика, газет-журналдарды көркемдеу салаларын қатар алып жүрді. Суретшінің 20 жылдардағы еңбектері индустриалды Қарағанды мен туған жер табиғатының көріністерін бейнелеуге арналды. 30 жылдары тушьпен салынған еңбектерінде «Қарағанды», «Қарағанды шахтерлары» шахтерлер өмірін бейнелейді. Оның карикатурасы мен плакаттары («Теңіздің ар жағынан», «Жарылып кетті») терең мағыналы сынға құрылған

Қазақстандық суретші Гульфайрус Исмаилованың «Қазақ вальсі» картинасын қарастырыңыздар.

·         Картинада не бейнеленген?

·         Картинаның кейіпкерін танисыздар ма?

·         Портрет қандай түрге жатады? Неліктен?

·         Суретші бізге не суреттегісі келді?

·         Портрет сіздерге қандай көңіл-күй сыйлайды?

 

Абрам Черкасский  «Дина Нурпеисова и Джамбул»Сабур АбдрасуловичМамбеев «Девушка у окна»Килибаев Нурлан “Орлан”

Талқылау үшін сұрақтар:

·         Картинаның идеясы қандай?

·         Портрет қандай колоритте орындалған? Неліктен?

·         Картинаның атауын қалай қояр едіңіз?

·         Қазақстандық суретшілердің портреттеріндегі ұқсастық не?

·         Қазақстандық кескіндемешілердің ортақ визуалды элементтерін ата?

Бағалау критерийі Білім алушы

• Өнер, қолөнер, дизайн туындыларының әлемдік және ұлттық ерекшеліктерін анықтайды Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Тапсырма Визуалды элементтерді қолданып, берілген тізімнің ішінен бір анимация түріне сюжет таңдап, кейіпкердің нобайын жасаңыз. A) ермексазды анимация B) көлеңкелі театр C) саусақты қуыршақтар D) таяқшалы қуыршақтар Мысалы: Дескриптор Білім алушы — сюжет құруда түрлі идеялар ұсынады; — анимациядағы дизайн туындыларының ерекшеліктерін көрсетеді; — анимация түрлерін анықтайды

Қазақстандық суретшілердің жұмыстарына ұлттық колорит кейіпкерлердің мінездері және т.б..

 

Практикалық тапсырма.

Бағалау критерийлері:

·         Кейіпкердің мінезін суреттейді;

·         Композиция;

·         Көркемдік элементтерді, стилистиканы қолданады.

Оқушылардың практикалық тапсырмалары альбомда орындалады.

 

 

http://magnolia.kz/articles/3442-vstrecha-zhambyla-i-diny.html

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=w49I4Uwe02A

 

 

 

http://nurlankilibayev.blogspot.com/p/blog-page_17.html

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=aqdLtJC31O0

 

 

 

 

Сабақтың соңы Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

– нені білдім, нені үйрендім?

– нені толық түсінбедім?

– немен жұмысты жалғастыру қажет?

 

 
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Сұрақтар қою.

Бірін-бірі бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді  іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары  

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
Жалпы баға

 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *