1867-1868 ЖЫЛҒЫ РЕФОРМАЛАРДАҒЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, Қазақ даласын бағындыру және оның Ресейге қосылуына бағытталған белсенді шаралар қолданыла бастады. Ресейдің Қазақстанға тиісті саясатының бағдарын өзгертуіне орта азиялық фактор әсер етті (Англияның және Ресейдің мүдделерінің қайшылығы). ХІХ ғасырдың 30-60 жылдарында өткізілген бірқатар әкімшілік реформалар мен әскери акцияларының нәтижесінде Қазақстан толығымен ресейлік басқару жүйесіне енгізілді. Қазақстанда саяси ұйымдастыру жүйесі, яғни қазақ мемлекеттілігі жойылды және ресейлік отар басқару органдары енгізілді. Ұлы Дала Ресей империясының шет аймағына айналды. Енді Ұлы Дала көшпенділеріне өз шаруашылық тұрмыстары мен қоғамдық өмірлерін өзгертуге тура келді.
Орталықты басқару жоғарғы билік генерал-губернатордың қолында болды. Оның басқаруында саяси – әкімшілік, әскери, соттық, шаруашылық болды. Басқаруы: 1-ші, тікелей және жанама көздеу жергілікті әкімшілік және басқа да органдарымен, оның ішінде мемлекеттік жерлермен, мемлекеттік меншіктермен, салықтармен оған қоса әкімшілік басқаруға бағынбайтындар да болды.
2-ші, Сол кезеңдегі әскери сатыға сәйкес әскерді басқару.
3-ші, Дауларды шешу, төменгі инстанизияларды қарайтын сот жүйесі.
4-ші, Облыс бастықтарын, уезд бастықтарын, әскери губернаторларды, әскери министрлікпен кеңесіп қызметке қоя алатын.
5-ші, Шет мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды реттеді.
Бүкіл облыстың билігі әскери губернатормен облыстық басқарушыға, басқарып отырған вице губернаторда болды. Облыстық басқару вице-губернатордың бастауымен шаруашылық, соттық билік және де губернаторлық концелярия функциясын атқарды. Облыстық басқару қызметіне:
1) әкімшілік бөлініс және облыстық құрылыс;
2) указдардың орындалуы;
3) қызметтік істердің әкімшілік облыстық аппаратында;
4) ауыл болыстарын тағайындау;
5) аймақтық рухани өмірін бақылау;
6) шетел азаматтарын қабылдау;
7) әкімшілік қуу мен еліне қайтару;
8) білім беру мен денсаулық сақтау;
9) тәртіп сақтау;
Шаруашылықты ұйымдастыру функциялары:
А) жер учетімен жерді тұрғындарға бөлу;
В) сауда-саттық қатынастарын ұйымдастыру;
С) салық жинау, налог төлеу;
Соттық қызметтің ұйымдастыру функциялары:
А) қылмыстық және азаматтық істерді тыңдауға, қағаздық іс жүргізу дайындау. Барлық әкімшілік-полицейлік және әскери облыстарының уездері
В) уезд бастықтарына бағынды және олар орыс офицерлерінің арасынан тағайындалған.
Оның қызметіне мыналар кірді:
1-ші, уездегі тәртіпті бақылау;
2-ші, статистикалық мәліметтерді беру;
3-ші, сауда-саттық пен денсаулық сақтауды бақылау;
4-ші, кезекті съездің қайда және қашан өтетінін;
5-ші, ауыл старшындарын мақұлдау;
6-ші, әкімшілік айыптар мен жаза қолдану төменгі қазақ қатарынан, оларды арестке қамау және т.б.
Жергілікті басқару, болыстық басқарулар; олардың өкілеттік мерзімі 3 жылға сайланып, жасы 25-тен кем болмауы тиіс, сотталған емес, халықтың сеніміне кірген, болыстық съездің секіміне 50 шаруашылық болыстардан тағайындады.
Міндеттері:
1) болыстағы тәртіп сақтау;
2) салық жинау;
3) соттың шешімдерінің орындалуын бақылау;
4) ауыл старшынының қойлауда қатысуы;
5) болыстық съездінің шешімін анықтау;
6) съезде байлардың қатысуы;
7) арест 3 күнге дейін немесе 3 сомға дейінгі айыпты төлеуге мәжбүр болады, егер міндеттерді атқармау бұзақылық жасаса тағы басқалар болды.
Болыстар съезді-басшыларды, билерді таңдауға құқыққа ие болды. Жер дауын шешті. Ауыл старшинасы 3 жылға сайланды, сайлау әр 10 шаруашылық ауылдарынан сайланды. Ауыл старшинасы болыстық басшысы сияқты міндеттерді атқарады. Ауыл кеңесі-старшинаны тағайындап, жайылымды жерлерді әділ бөлу, жер мәселесін шешу, айып салу сияқты функцияларды атқарды.
Оңтүстік Қазақстанның көрші аудандарында ақсақалдарды сайлады. Сөйтіп, қазақ жерлерін қосып алудың аяқталуы Ресейдің өз ішінде жүргізіліп жатқан саяси реформаларымен сәйкес келді. Крепосниктік құқықты жою, қоғамда капиталистік қатынастарды дамытуға бағытталған экономикалық реформалар қазақ халқына да, әсерін тигізбей қоймайды. Ол ең алдымен орталық саясаттың белсенді түрде жүргізілуіне алып келді.
Қазақ жерінде әкімшілік басқаруды жүргізу үшін Ресейдің басқару жүйесімен сәйкестендіру қажет болды. Ол империяның мүддесіне жауап беретін жүйелі бағытта жүргізілу тиіс еді. Реформаның негізгі міндеті «Қырғыз даласының Ресейдің басқа да аймақтармен қосылуы» болды.

1- курс студенті Е.Д.Биғалиев
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *