Мен өз тілімді құрметтеймін.
Қазақ халықарарлық қатынастар және әлем тілдері университеті!
Журналистика факультетінің 2 курс студенті.
Сейдахметова Мөлдір
Мен өз тілімді құрметтеймін
Мен өз ана тілімді – қазақ тілдімді сүйемін. Қазақ тілі өте әдемі, көркем әрі бай тіл. Әрине, тілдің жаманы жоқ. Дегенмен, дәл қазақ тіліндей әрбір сөзі, әрбір әріпі жағымды естілентіндей, сөйлегенде тіліміздің құдіреттілігін көрсетіп тұратындай тіл жоқ шығар, сірә! «Жаманның бөзін алғанша, жақсының сөзін ал!»,- дейді қазақта, қай жерде болмасын өз ойын толық жеткізіп, шешен сөйлеп, санасы сайрап тұрған адамды тыңдағанда құлақтың құрышын қандыра тыңдайсың. Бұл да қазақ тілінің бай екендігін көрсететіні даусыз. Қазақ тілінде өзіне тән 9 әріпі бар, ал жалпы бізде 42 әріп бекітілген. Біздің тек қазақ тіліне тән әріптеріміз мағыналы, ұлы, ғажайып сөздердің туындауына себепкер. Иесіз ел болмайды, жүйесіз сөз болмайды демекші, біздің тілімізге қарап, оның мінсіз жүйелігіне, әрбір сөзінің толыққандылығына қызғатын ел қаншама. Қазақстан -көпұлтты мемлекет болып табылады. Біздің тілді шетел азаматтары тыңдағанда бір естігеннен ұнатып қалады, оның себебі тіліміз өте бай, қазақы әрі мағыналы.Қазіргі таңда еліміздің атын музыкамен, қазақ тілінде замануи стильді қозғап жазған, осы бай тілімізді әлемге паш етіп жүрген азамат пен азаматашалар қаншама. Тілдік құрылымға мән берсек ,адал іс қылып, ақ сөйлеген адамды барлығымыз жақсы көреміз, ондай адам жүрген жерінде сыйлы абыройлы болады. Ал тілдің жалпы қолданысына келер болсақ, әлемдік тәжірибеде, ортақ қатынас құралы қызметін -заңмен қабылданған мемелкеттік тіл басқарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі, ал мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Тілге қатысты мемлекетімізде қатып қалған заң қағидасы жоқ, кімге қай тілде сөйлеген ыңғайлы, сол тілде сөйлей алады. Дегенмен бұл қазақ тілінің сиреуіне немесе оның кірлеуіне алып келетін секілді. Өйткені, қазіргі таңда орыс тілін қолданушылардың саны артып келеді.Ел болып та, ұлт болып та, қалыптасу үшін анамыздың сүтімен дарыған ана тілін арымыздай таза сақтау – біздің парызымыз. Бірақ еліміздің рухын асқақтатып, қазақ тілін әлемге әйгілі етіп жүргендер де жоқ емес. Сол тұлғалардың арқасында, және болашақ рухты қазақтардың арқасында біздің тіліміз ешқашан өшпейді деген сенімдемін.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718