«Бекітемін»
Мектеп директоры Г.А.Садырбаева
«Мектеп жанында шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі» КММ
«Білім көкжиегі» кәсіби желілік қоғамдастығының жылдық жоспары
2020-2021 оқу жылы
Мақсаты:
- Желілік қауымдастықты құру арқылы тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту,
- Кездесетін кедергілерді бірлесіп анықтау, шешу жолдарын іздестіру
- Мұғалімнің кәсіби қызметіне көмек көрсету; педагогтердің ақпарат алмасуына жағдай жасау.
- Үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату.
Желілік қоғамдастықтың міндеттері:
- Қоғамдастық мүшелерімен сенімді қарым-қатынас құру
- Деңгейлік курсты аяқтаған мұғалімдердің озық іс- тәжірибесін насихаттау
- Желілік қоғамдастық арқылы мектепаралық әдістемелік байланыс орнату
Күтілетін нәтиже:
- Басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды,
- Бірлескен тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады,
- Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады,
Желілік қоғамдастық мүшелері: Мектеп көшбасшылары, деңгейлік курстан өткен мұғалімдер және ынталы топ мүшелері.
| № | іс-шаралар | Мақсаты | Күтілетін нәтиже | Уақыты | Жауапты |
| 1 | Желілік қоғамдастықтың жоспарымен танысу. | Мектептің даму жоспары және атқарылатын жұмыстармен
таныстыру |
Қоғамдастық жұмысының мазмұнын түсіне алады. | Қыркүйек | Мектеп әкімшілігі |
| 2 | Оқыту үдерісіндегі қалыптастырушы бағалаудың ролі | Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қалыптастырушы бағалау моделін іске асыруда пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту | Сабақ кезеңдерін жоспарлауда қолданылатын қалыптастырушы бағалау әдістерін талқылауды үйренеді | Қыркүйек | III деңгейлі география пәнінің мұғалімі Бабатаева Г.А |
| 3 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес ҚМЖ құру | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес ҚМЖ құру жолымен таныстыру | 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес ҚМЖ құру жолымен танысады | Қыркүйек | III деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Смаханова А.Б. |
| 4 | Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды шешу жолдары | Оқыту барысында кездесетін кедергілерді анықтау және оны шешу жолдарын қарастыру | Пән мұғалімдері кездесетін қиындықтардың алдын алу шараларын меңгереді | Қазан | III деңгейлі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Дулатбаева М.Э. |
| 5 | Қашықтықтан оқыту жағдайындағы тиімді кері байланыс беру жолдары | Мұғалімдерге сабақта кері байланыс ұйымдастырудың техникалары жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау | Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы,оның түрлері,әдістері жайлы мәліметпен танысады | Қараша | Математика пәнінің мұғалімі Қадырқұлова А.Т. |
| 6 | Жаңаша білім беру талаптары мен проблемалары | 1-11 сыныптардағы меңгерілмей жатқан тақырыптар мен проблемаларды анықтау | Бірлескен тренингтер ұйымдастырылады, мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады
|
Желтоқсан | I,III деңгей |
| 7 | «Критериалды бағалау –дәлдікке үйретеді» | Желілік қоғамдастықтағы мұғалімдер арасында формативті бағалаудың тиімді түрлерін пайдалану дағдыларын дамыту
|
Мұғалімдер оқыту үшін бағалау мен бағалаудың нақты айырмашылығын түсіну арқылы өз тәжірибелерінде қолдануға үйренеді. | Қаңтар | III деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Рахымжанова Н.Қ. |
| 8 | Интерактивті әдістерді пайдаланудың тиімділігі | Химия сабақтарында қолданылатын белсенді және интерактивті әдістерді таныстыру
|
Интерактивті әдістерді пайдаланудың тиімділігін біледі | Ақпан | III деңгейлі
Химия пәнінің мұғалімі Алимбаева К.А. |
| 9 | Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша үздік сабақ жоспары | Білім мазмұнын жаңарту талаптарына сай үздік сабақ жоспарын анықтау | Мұғалімдер білім мазмұнын жаңарту бойынша сабақ жоспарлау талаптарын біледі | Сәуір | Пән мұғалімдері |
| 10 | Желілік қоғамдастық жұмысының нәтижесі, проблемалар мен шешу жолдары. | Оқу жылында анықталған проблемаларды шешу,жаңа оқу жылына жоспар құру | Үздік педагогикалық тәжірибелер анықталады | Мамыр | Мектеп әкімшілігі |