Онлайн ашық сабақ: Рhotoshop бағдарламасында графикалық объектілерді өңдеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

АНВАР ИСМАИЛОВ АТЫНДАҒЫ КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу – әдістеме

  істері жөніндегі рынбасары

________ Розакулова Н.А.

«    »                          2020 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Онлайн сабақ

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Рhotoshop бағдарламасында графикалық объектілерді өңдеу

 

 

 

 

 

 

                                                                                   

 

Оқытушы: Рустамов И.Ш

 

 

 

 

 

 

Ақсукент – 2020 ж.

Сабақ жоспары

Тобы: ТП-191/Б/2 11.03.2020 ж.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:       Рhotoshop бағдарламасында графикалық объектілерді өңдеу

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:                           Рhotoshop бағдарламасында графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, жұмыс жасау тәсілдерін үйрету

Дамытушылық:                 Білім алушылардың  Рhotoshop бағдарламасында графикалық объектілерді өңдеу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету дағдыларын дамыту

Тәрбиелік:                            Білім алушыны  жауапкершілікке және ұқыптылыққа, қазіргі заманға сай білімді, ақпаратты толық меңгеруге   тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                   жаңа сабақты меңгерту.

Пән аралық байланыс:     Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу;
  2. Түгелдеу;
  3. Оқытушының сабаққа деген психологиялық дайындығы.
  4. Топқа бөлу. «Модем», «Монитор» тобы.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.  «Бір қадам алға…» әдісін пайдала отырып өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді.

  1. MS Office қосымшалары қайсылар?
  2. MS Word бағдарламасы қандай бағдарлама?
  3. MS Exсel бағдарламасы қандай бағдарлама?
  4. Power Point бағдарламасы қандай бағдарлама?
  5. Power Point бағдарламасын іске қосу жолы?
  6. Power Point терезесінің құрылымы?
  7. Көрме дегеніміз не?
  8. Power Point бағдарламасында өту эффектілерді қалай қоямыз?
  9. Power Point бағдарламасында жан бітімді қалай қоямыз?
  10. Power Point бағдарламасында суреттерді қалай өзгертеміз?
  11. Power Point бағдарламасында дайындалған құжаттарды қалай сақтаймыз?

ІІІ. Жаңа тақырып.

Жоспар:

  1. Жаңа тақырып бойынша түсіндіру
  2. Практикалық жұмыс

Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты графикалық пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop–пен бірге ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді. Photoshop CS өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады. Adobe Photoshop программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. Adobe Photoshop – палитрамен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады. Adobe Photoshop программасының басты беті төменде келтірілген.

 

Міне басты беті осы. Енді әр бөлігіне жеке жеке тоқталып кетейін:

  1. Меню жолы
  2. Терезе атауының төменгі жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню атауларын қамтиды. Қандай да бір меню командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны. Егер соңында көп нүктесі бар команданы орындасақ, экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тура келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе ашылып, керекті құжатты таңдап, бағдарламаға жүктеуге болады.
  3. Әртүрлі меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады:
  4. Файл (File)– файлдармен жұмыс: құжаттарды құру, ашу және сақтау; баспаға жіберу және оны ұйымдастыру; құжаттарды импорттау және экспорттау; құжат жайлы ақпаратты теру; редактордан шығу; бейнелерді автоматты өңдеу;
  5. Правка (Edit)– редакторлау: таңдап алынған облыстарды көшіру, өшіру және орнату; іс-қимылдарды кері қайтару; бөлінген облыстарды трансформациялау;
  6. Изображение (Image)– бейнелермен жұмыс істеу: дубляж жасау, холст өлшемдерін және бейнені өзгерту; оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті коррекция, түстік моделді өзгерту, түстік қақпанды құру және т.б.;
  7. Слой (Layer)– қабаттармен жұмыс: құру, өшіру, дубляж, қабаттар эффектісі, қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда объектілерді реттеу, қабаттар маскалары және т.б.;
  8. Выбор (Select)– ерекшеленген аумақпен жұмыс: бейнені толығымен ерекшелеу, ерекшелеуді алып тастау және қайтару, ерекшеленген аумақты инвенторлау және трансформаторлау, қысу, жиіліктік мүмкіндігі, берілген түстің облыстарын ерекшелеп алу, ерекшелеуді жүктеу және сақтау;
  9. Фильтр (Filter)–Photoshop фильтрлары;
  10. Вид (View)– редактордың сыртқы келбетімен жұмыс: құжатты көрсету режимдері және масштаб; бағыттауыштарды, торларды, координатты сызықтарды көрсету; бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауышқа байланыстыру;
  11. Окно (Window)– әр түрлі құжаттармен бір уақыттағы жұмыс немесе әр терезеде бір құжатпен жұмыс істеу; экранға құралдар панелі мен өзгермелі палитраларды шақыру;
  12. Помощь (Help)– қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу.

ІV. Практикалық жұмыс

Бұл бөлімде барлық студенттерге бірдей суреттер беріледі. Берілген суреттерді пайдалана отырып жемістерден адамның бейнесін салу.

  1. Сабақты бекіту

Бұл бөлімде оқушылар шапшаңдық, жылдамдық, білімділік көрсетуі тиіс

  1. Рhotoshop бағдарламасы қандай бағдарлама?
  2. Рhotoshop бағдарламасының интерфейсі?
  3. Рhotoshop бағдарламасында суреттерді қалай еңгіземіз?
  4. Рhotoshop бағдарламасында графикалық объектілерді өңдеу тәсілдері?
  5. Өңделген объектілерді қалай сақтаймыз?

 

VI.Үйге тапсырма беру. Рhotoshop бағдарламасында графикалық объектілерді өңдеу тәсілдерін үйрену.

 

VIІ. Бағалау

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

 

 

Оқытушы______________И.Ш.Рустамов

 

ПБ төрағасы______________ М.Ж.Мирзаметов

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *