Моншақтарды тізбектеу

 

№5 «Айгөлек»  бөбекжайы – бақша

әдіскері :              А.Ж.Аманжолова

«        »   ___________  2020жыл

 

Білім беру саласы:  «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Дені саудың – жаны сау»

Тақырыпша: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырыбы: «Моншақтарды тізбектеу»

Мақсаты: 1.Ойындар арқылы балалардың білім және білік дағдылары қалыптасады. Моншақтың  –  әшекей-бұйым екендігін түсінеді.

  1. Ойындар арқылы баланың қызығушылығы оянады, моншақтардың көлемін, пішінін, түсін біледі, қол мен саусақ ұштарының қимылдарын дамытады.
  2. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.

Әдіс-тәсілі:  4К моделі, коммуникативтілік, құзыреттілік, ашық сұрақтар, миға шабуыл, ұзақмерзімді, қысқамерзімді, тікелей бақылау түрлері, сергіту сәті, сыни тұрғыдан ойлау, саралап оқыту тәсілдері: (заттық-кеңістік ортаны ұғынады, топтарға бөлінеді, сергіту сәтіндегі ресурстарды ұғынады, жасайды, қызығушылық танытады, диалогқа бейімделеді, жылдамдық пен қарқынды сезінеді, уақыт талабын түсінеді)

Ресурстар: қуыршақ қыз, түрлі түсті ұяшықтар, смайликтер, аяқ іздері, картонмен жұмыс, моншақтар, бояу түрлері, тақта, бау, түтікшелер, гүлдің суреттері, шариктер, шарлар, ыдыс-кружка, аудиоресурс, канцелярский шеге, резеңкелер, ақ түсті ыдыстар, ылғал сүрткіштер, майлық, күзгі суреттер, өлең жолдары, чупа-чупс, кәрзеңке.

Құрылымдалған ойын: «Түстерді ажырат»

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Баланың іс – әрекеті
Мотивациялық

Қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ізденушілік-ұйымдастырушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті-түзетушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Кіріспе

 

-Балалар,көңіл-күйлерің қандай?

 

Миға шабуыл

1. Жылдың қай мезгілі?

2. Күзде неше ай болады?

3. Атап беріңдерші?

 

– Дұрыс, жарайсыңдар.

 

 

-Балалар ортада тұрады.

-Ал, енді менің алдымда екі түрлі гүл тұр, атын атаңдаршы?

-Дұрыс.

-Осы гүлдерді таңдау арқылы 2 топқа бөлініп отырамыз.

-Балалар, бүгін біз А.Ұ.О.қызметінде сурет салудан «Моншақты тізбектеу» тақырыбында моншақтың бейнесін салып  және моншақты жіпке тізбектеп үйренеміз.

-Ол үшін түстерді таңдаймыз.

 

-Алдарыңда ненің суреттері тұр екен маған көрсетіңдерші.

-Дұрыс.

 

-Осы 4 түрлі түсті қолдана отырып шарға моншақтың бейнесін салып үйренеміз.

(Шар кружкада скотчпен жабысып тұрады.)

-көңіл-күйлерің қандай?

 

-Алдымен сендерге сұрақ?

-Моншақ дегеніміз не?

-Оны кімдер тағады?

-Осы кезде жылаған адамның дауысы естіледі.

-Бұл кім болды екен ,аааа?

-Бұл қуыршақ қызымыз Сәуле екен ғой.

 

-Ортаға қуыршақ Сәуле келеді.

 

-Не болды саған, Сәуле?

-Менің жапырақтан жасаған моншағым қурап түсіп қалды, маған моншақ керек дейді.

-Сәуле, сен жылама, қәзір біздің балалар саған әдемі моншақ жасап береді, солай ма?, -балалар.

-Жарайсыңдар.

-Ендеше,Сәуле сен бізге моншақты бояуға көмектес, сосын біз саған көмектесеміз, себебі біздің балалар сондай еңбекқор.

-Сәуле, моншақ дегеніміз не?, балаларға түсіндіріп бересің бе?

 

Шардың бетіндегі моншақ бейнесін бояйды.

 

-Енді саусақтарымызға жаттығу жасап алайық.

-Алдарыңда картон мен моншақ тұр, сол моншақты саусақ арқылы сызықтың үстімен жүргізесіңдер.

 

(Саусақ моторикасын дамыту)

 

               

                  Өлең жолдары

 

Мен әдемі моншақпын,

Нүктелері көп сонша,

Ақылың болса адаспай,

Тізбектеші шатаспай

 

-Енді қуыршағымызға моншақ жасап берейік.

2       топқа екі түрлі зат беріледі.

1-топқа резеңке

2-топқа: түтікшелер кесінділері

Бауға өткізеді.

 

-Жарайсыңдар, балалар,  жасаған моншақтарыңды апарып іле қойыңдар, қәзір қуыршағымыз оны өзімен бірге алып кетеді.

-Қуыршақ Сәуле, саған балаларымыздың жасаған моншағы ұнады ма?

-Иә, керемет, рахмет, көңілім көтеріліп қалды.

 

 

-Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, қәзір сергіту сәтін жасап алайық.

-Енді керемет ойын ойнаймыз.

Құрылымдалған ойынның аты:

 

«Түстерді ажырат»

 

-Сендер жерде жатқан шариктерді өзінің түсіне сәйкес ұяшығына саласыңдар. Бірақ ол үшін жылдамдық керек. Жолдағы іздерді басу арқылы ойын шартын орындайсыңдар.

 

Ойынның мақсаты:

1.түстерді ажырата біледі.

2.ұяшықтарына салып үйренеді.

3.шапшаңдыққа бейімделеді.

 

 

Қорытынды:

 

-Балалар, сендерге ойын ұнады ма?

-Көңіл-күйлерің қандай?

 

-Біз ненің суретін бояп көрсеттік?

-Қуыршаққа не сыйлады?

-Қуыршақ,саған балаларымыздың жасаған, бояп көрсеткен моншағы ұнады ма?

 

Қуыршақтың жауабы:

-Иә, рахмет.

 

Балаларға чупа-чупс таратады.

 

 

 

-күлімдейді

(смайлик көрсетеді)

 

-күз

-3 ай

-қыркүйек, қазан, қараша

 

 

 

 

 

-түймедақ, шемішкі

 

 

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, берілген тапсырманы орындауға бейімделеді.

 

 

 

 

-күннің, бұлттың, алма-ның, жапырақтың

 

 

 

 

 

 

 

-күшті

(смайлик көрсетеді)

 

 

 

 

 

-балалар таң қалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-иә

 

 

 

 

 

 

 

-ол –әшекей- бұйым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-балалар жатқа айтады

 

 

 

 

 

-моншақты тізбектейді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-балалар да қуанысып қалады.

 

-аудиоресурс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-керемет (смайлик)көрсетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-балалар қоштасады

 

 

Күтілетін нәтиже:

-Білім және білік дағдылары қалыптасты, моншақтың- әшекей – бұйым екендігін білді.

-Қызығушылықтары оянды, ұсақ қол моторикасын дамытты.

-Шыдамдылық пен ұқыптылыққа бейімделді.

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *