1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні!

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – жыл
сайын аталып өтілетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. Аталған мерекені
белгілеу 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлау негізінде
болды. Сайлау нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР Президенті
лауазымына сайланған болатын. Бұл алғашқы қазақ мемлекетінің егемен ел
ретінде қалыптасуын дәлелдейтін тағы бір сәт болып табылды. Соған орай
Тұңғыш Президент күні Республикада 2012 жылдан бері атап өтіліп келеді.
Бұл шешім Сенаторлардың бастамасымен 2011 жылдың 10 желтоқсанында
заңнамалық деңгейде қабылданды. Аталған мерекенің басты маңызы –
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика
алдындағы көрнекті қызметтерін атап өту және тану үшін құрылуы еді.
Жалпы қоғамға қызмет етіп, оның болашағы үшін үлкен қадам жасау ел
болашағының жарқын қадамы болары сөзсіз. Алғашқы Елбасы да жаңа тәй
басқан елі үшін көршілерімен қарым-қатынас орнатуға, ішкі қақтығыстарды
шешуге және әлемдік аренаға мүлдем жаңа мемлекетті шығаруға аянбай еңбек
етті. Қазіргі заман шындығына сай келетін және халықтың дәстүрлерін
ескеретін жаңа Конституция жазылды. Мемлекеттің символына айналған жаңа
Ту, Елтаңба және Әнұран жасалды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен
Қазақстан ірі халықаралық ұйымдардың мүшесі болды және басқа елдердегі
жанжалды жағдайларды шешу үшін бірқатар бейбіт бастамаларды жүзеге
асырды. Елбасы бір емес бірнеше рет Республика аймақтық көшбасшы рөлін
өз мойнына алып, шұғыл мәселелерді шешуге бар күш-жігерін жұмсауға
ниетті екенін айтты. Мәселен, Тұңғыш Президенттің ядросыз әлем құруға
қосқан үлесі баға жетпес. Ол Семей ядролық полигонындағы сынақтарды
тоқтатты. Біздің еліміз әлемде бірінші болып жалпы ядролық қарусыздануға
нақты қадам жасады және басқа полигондарды біртіндеп жабуға бастамашы
болды. Осылайша, өркендеу жолында қарудың пайдасыз екенін дәлелдеді..
Бұл Қазақстан Президентінің басшылығымен лайықты жүріп өткен қиын да
қиын жол болып табылады.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінда аранайы Елбасына
арналған Нұрсұлтан Назарбаев залы бар. Залда Тұңғыш Президенттің
мектептегі және студент кезі, еңбек жолы мен қоғамдық-саяси қызметі туралы
суреттер, картиналар, тарихи құжаттардың көшірмелері, газеттерде
жарияланған мақалалары мен шығармалары және бейнефильмдер қойылған.
Жалпы университетіміздің үлкен кітапханасында студенттерімізге қол жетімді
әл-Фараби музейі орналасып, онда «Алаш», «Абай», Қазақстан
Републикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы залдары, «Ұлы даланың жеті
қыры», «Мәңгілік ел» экспозицияларымен толыққан.
Бұл істер университтеттің жас ұрпақ тәрбиесінде ел іргесін
нығайтушыларға құрмет көрсетсін деген пікірден туған ой деп санаймыз.
Елбасымыз қазіргі уақытта белсенді дара көшбасшы болып қала отырып, елдің
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретіндегі рөлі және Қазақстанның тұңғыш
президенті ретіндегі ықпалы мемлекет пен аймақтың алдағы отыз жылға лайықты басқару нысанына біртіндеп және тыныштықпен көшуін қамтамасыз
етіп отыр. Елбасымыздың “Болашақ- жастардың қолында!” деген қанатты
сөздері көптеген жалындаған жастарымызға алға ұмтылуға серпіліс беретіні
сөзсіз.
Тарих, археология және этнология факультетінің
3 курс студенті Узбехан Алуа.
Ғылыми жетекші: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің
қауымдастырлған процессоры, т.ғ.к. Абикенова Г.Е.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *