Инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі

Алдажар Гүлжан Жиениқызы

Нұр-Сұлтан қаласы, «№35 мектеп-лицейі» КММ

директордың орынбасары,

математика мұғалімі

 

Инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі

 

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар туындайды.

Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?

Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану.  Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.

Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?

1) Қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.

2) Жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.

3) Инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады.

Енді оқытудың интерактивті әдістеріне  тоқталатын болсақ, солардың бірі – тренинг.

Тренинг – жеке адам не топтың ақпаратты сол кезеңде не болашақта қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Нағыз іске, шеберлікке баулу сәттерін тудырады.

«Таңқалдыра таныстыру»

Қатысушылар бір-бірін ұмытпастай есте сақтауына көмектесетін және оның қызықты мәліметтерді ортаға салу мүмкіндігін ашатын жаттығу. Әрбір қатысушы өз есімін айта отырып, соған қоса өзін ерекше таныстыруы қажет (таңқалдыратын мәлімет айту, тосын сырымен бөлісу, тартымды қимыл жасау, т.т.). Қалған қатысушылар оған осы бағытта көтеріңкі көңіл күй ожағайларымен көтермелей қолдау көрсетулері қажет. Жаттығу бірлесіп орындауға өте көңілді. Бұл жаттығуды белгілі тақырыпқа орайластырып, бірнеше сағат отырып шаршай бастаған сәтте ұйымдастырса да сергіту сәтінің қызметін атқарады.

«Ми шабуылы»,  «ми штурмы»  – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек.

«Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және/немесе қатысушылардың белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады.

1.Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырып немесе сұрақ беру.

2.Осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау.

3.Айтылғандардың барлығын жазу (олардың бәрін қарсылықсыз қабылдау керек). 4. Барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін, берілген тапсырма қандай болғанын қайталау керек, және қатысушылардың сөзінен сіз не жазып алдыңыз соның барлығын тізіп шығу керек.

«Ми шабуылы» қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады:

– даулы мәселелерді талқылау

– талқылауға  қатысуға сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;

– қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау.

Шағын топтардағы жұмыс

Алдын ала сақтандыру оқуы процесін оқушыларға шамамен жобалап құру қажет. Аталған жағдайда ең тиімдісі топтарда жұмыс істеу. Мұндай жағдайда оқытушы диагностика мен мониторингті қамтамасыз етеді, оқу-жаттығу ортасын ұйымдастырады, алғашқыда басқа ресурстар болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетеді.

Бұл, ең алдымен:

* Қарым-қатынас жасау және өзара әрекет ету машығын дамытады.

* Топтың бағалық-бағыттаушылық бірлігін қалыптастырады.

* Жағдайға байланысты әлеуметтік рөлдер сменасының икемділігін кеңейтеді.

Интеграциялық сабақ (кіріктірілген сабақ)

Оқу бағдарламасын тереңірек беріп, күрделі проблемалалармен жұмыс істеуге мүмкіндіктер туғызатын бір-біріне жақын пән мұғалімдері бірлесіп сабақ жүргізетін сабақ түрі. Мысалы, «Көп нүкте» тақырыбына байланысты сабақты әдебиетші, тарихшы, сурет және т.б. пән мұғалімдері көне жазбалар мен М.Мақатаевтың өлеңіне байланыстыра отырып, қызықты мәліметтер мен ғылыми тұжырымдарға сүйенген ақпараттарды үйлестіре, бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі дәлелдей отырып, оқушының шығармашылығы мен ғылыми ізденіске бағыт берер қызықты сабақ өткізуіне болады.

Рөлдік ойын

Рөлдік ойын –  бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.

Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды.

Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрастыру жолымен, тапсырылған шарттармен алдын ала белгіленген мінез-құлқын, сол немесе басқа жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолданылады.

Жобаны әзірлеу

Бұл әдіс қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып, талқыланатын мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, топ немесе жекелеген бөлімшелердің өз жобасын қорғайтын, басқалардың алдындағы өзінің артықшылығын дәлелдейтін және достарының пікірін білуге  мүмкіндігі болады. Мысалы: өзінің қаласындағы дүлей апаттың қаупін төмендету жөнінде жоба жасау.

Қатысушылардың мамандандырылған мекемелерден кеңес алуға, кітапханалардан әдебиеттер алуға және т.б. алуға мүмкіндіктері бар.

Қатысушыларға газеттен тақырып мәселелеріне қатысы бар басылымдар, суреттер, мақалалар жинауға, содан кейін бұл материалдарды топ болып талқылауды ұсынуға болады.

Жалпы инновациялық технологияның түрлері өте көп. Мен қысқаша тоқталып өттім. Кез келген инновациялық технологияларды жүйелі, тиімді пайдалана білу мұғалімнің шеберлігіне және еңбегіне байланысты. Ұстаздың берген білімі мен тәрбиесін шәкірттерінен көре аламыз. Ұстаз еңбегін бағалайтын саналы да, салиқалы жастарымыз көп болсын!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *