Салт – дәстүр және тәрбие
Мектеп: | №34 орта мектебі | |||||||||||||||||||
Класс: | 6 «А» | |||||||||||||||||||
Пәні: | қазақ тілі | |||||||||||||||||||
Күні: | 11.03.2020 ж. | |||||||||||||||||||
Мұғалімнің ТАӘ: | Абдраухова Ж.Ж. | |||||||||||||||||||
Барлық оқушы саны: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: | Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология. | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Салт – дәстүр және тәрбие | |||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.3.1 ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану; |
|||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің ерекшеліктерін ажыратады;
үстеудің мағыналық түрлерін таба алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратуға тырысады;үстеудің мағыналық түрлерін ажырата алады; Кейбір оқушылар орындай алады: ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;үстеудің мағыналық түрлерін ажырата алады; синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады; |
|||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;
үстеудің мағыналық түрлерін ажырата алады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады; |
|||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: салт-дәстүр, тәрбие, ұлттық тағам, балаларға құлақ, көз, таңдай, тіл берудің мәні. | |||||||||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойы оқу, құрмет, ашықтық, ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | |||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Қонақжайлық, әдет-ғұрып тақырыптары бойынша оқушылардың тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары дамытылды | |||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 минут |
1.Қызығушылықты ояту. Психологиялық жағымды ахуал. «Шаттық шеңбері» «Сандар» әдісі арқылы класс 4 топқа бөлінеді.
Өткенді пысықтау сұрағы. Салт – дәстүр дегеніміз не? Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды. (Слайд) · Қазақ халқы не себепті бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген? · Балаға қатысты салт-дәстүрлер қазір қалай сақталған? · «Тәрбие тал бесіктен» деген ұғымға қалай қарайсың? · Қазақ халқына тән қандай қасиеттерді білесің? Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық т. б. жатады. Оқылымалды тапсырма Ой қозғау. Қазақтың дәстүрлі ұғымындағы дүниені, адамды бас жетелейді (отбасы, басшы, ел басы, “адам дүниеге басымен келеді (туғанда)”) деген түсініктер негізінде мейманға ең кәделі ас – бас тартылуы шарт. Бастың маңдай құйқасын ұзынынан және көлденеңінен айқастыра тіліп (“бастың жолын ашу”) әкелу керек. Егер бас кәделі ет мүшелерінің үстіне қойылса, бастың тұмсық жағы сыйлы адамға қаратылады. Бастың маңдайына кесілген бір жапырақ ет қойылуы керек. Басты бөліп беретін адам оны өзі жеген соң, бас кесуге кіріседі. Ол бастың тұмсық құйқасын кесіп бөлек қояды. Ертеде ол от сыбағасы делініп, отқа тасталатын. Бас ұстаған адам бастың езуінен бастап кесіп, табақтас адамдарға үлестіреді. Құлақты ұл балаларға (құлағы түрік жүрсін, жақсылыққа үйір болсын деп), таңдайды қыз балаларға (әнші болсын деп), тілді жаңадан тілі шығып келе жатқан балаға береді. Тіл мен таңдай ұшы кесіп тасталады. |
Таныстырылым
Интербелсенді тақта |
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут
10 минут
Сабақтың соңы 10 минут |
Жеке жұмыс. Мәтін. Оқылым тапсырмасы. Оқулық бойынша
4-тапсырма. 4 топқа бөлініп беріледі. Әр топтан бір өкіл шығып өздерінің топтарына түскен суретті қарап, нені білдіретінін сипаттайды. 1-топ. Құлақ беру. 2- топ. Көз жегізу. 3 – топ. Тіл жегізу. 4- топ. Таңдай беру. Оқылымнан кейінгі тапсырма. 5-тапсырма. Постер түрінде жазып, тақтаға іліп, қорғайды.
Дескриптор: – Мәтін бөліктері бойынша мазмұнын түсінеді; – Ауызекі сөйлеуге тән сөйлемдерді табады; – Құрылымдық ерекшелігін анықтайды; – Көркем сөйлеудің жанрлық ерекшелігін анықтайды. Оқушылар дескрипторға сай бір-біріне кері байланыс береді. Қосымша ресурс материалы бойынша жұмыс. Бейнекөрініс. 10- тапсырма.Мекен үстеулерін қолданып, сөз тіркесін құрау, синонимін табу. Тақтамен жұмыс. Дескриптор: -сауатты жазады; – үстеудің мағыналық түрлерін ажырата алады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады. Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Кері байланыс. «Плюс-минус-қызықты» әдісі Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады: П(+), М (-), Қ (қызықты). Стикерлерге жазып іледі. · «П» – «плюс» бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с. · «М» – «минус» бағанына сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады. · «Қ » – «қызықты» бағанына оқушылар сабақта естіген қызықты мәліметтерді жазады, оған қоса тақырып бойынша білгісі келетін мәселелер бойынша мұғалімге сұрақтар жазуға болады. Үйге тапсырма. 7 – тапсырма |
Үлестірме материал
Рефлексия парағы |
||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||||||||||||||||
|
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718