Сауат ашу Күні: Сынып: 1 | Мектеп: №34 орта мектебі Ғазизова Атлас Қамбарқызы | ||
Сабақтың тақырыбы | Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі. | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту | ||
Сабақтың мақсаттары | Ү дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру, үйрету. Балалардың сөйлеу мәнерін , сөздік қорларын байыту. Білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, сауатты жазуға тәрбиелеу. | ||
Күтілетін нәтижелер | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | ||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Математика, дүниетану | ||
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | ||
Тілдік құзыреттілік | Ү дыбысы мен әрпі. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
(7 минут) | Психологиялық ахуал Мен мықтымын, Мен күштімін. Жүйрік болар қыранымын Тәуелсіз елдің ұланымын. Топқа бөлу. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Өткенді пысықтау «Гүл теру» ойыны -Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не? — Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыстар қалай айтылады? -Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? -Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? -Жуан дауысты дыбыстарды ата? -Жіңішке дауысты дыбыстарды ата? | Шаттық шеңбері
гүлдер
| |
Сабақтың ортасы 10 минут
| -Жарайсыңдар, балалар! «Мозайка» құрастыру
— Суреттерге қарайық. Ненің суреті шықты? — Бұл суреттер қандай дыбыстан басталып айтылып тұр? — Демек біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Мен және табиғат.Үү дыбысы мен әрпі» деп аталады. Ү ү әрпінің баспа, жазба түрін көрсету. Ү дыбысын хормен айтқызамын. «Айна» әдісі дыбыстың айтылу артикуляциясы туралы айтылады. -Ү дыбысы созылып, әндетіліп айтылады. Үдыбысын айтқанда ерніміз алдыға қарай шығып сүйірленіп айтылады. — Ү дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. Сөздерді буынға бөлгізу. Кү-рек, ү-кі, кү-шік, үш, күй-ші , үл-кен, үз, ү-лес. Үш қандай сан? -Өте жақсы. Енді әр топ алдындағы суреттің атауын буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды. Үлес деген – үлестіру, бүтіннің бөлігі. Сурет бойынша сөйлем құрау . Алманы 4 бөлікке бөлу арқылы үлес сөзін түсіндіремін . №1 Тыңдалым. Қандай жақсы! — Өлең сіздерге ұнады ма? — Неліктен? №2 Оқылым. Дауыстап оқуды ұйымдастыру. Үн үш сүт күшік түлкі Күн күш күт күміс күлкі Тізбектетіп оқыту
Ауада , тақтада бас әрпімен, кіші әрпін жазып көрсетемін. Дәптермен жұмыс. Әр топқа тапсырма беру. 1-топқа суреттерден сөйлем құрау керек. 2- топ сөздерді буынға бөледі. 3- топ дыбыстық талдау жасайды. 4-топ сөздерді, буындарды оқыту.
|
Таныстырылым,
оқулықпен жұмыс
| |
Сергіту сәті 1 минут | Үй ішінде үтік бар Үтіктейміз күнде біз. Үлбіреген жібекті Күйдірмейміз мүлде біз. | Сергіту сәтіне арналған жинақ | |
Дәптермен жұмыс 7 минут
Қызықты тапсырма 8 минут
| Дәптерімізге Үү әрпін жазу(элементтерін салу ). «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ү дыбысы бар суретті тауып атын атау , буынға бөлу , бір сөзіне дыбыстық талдау жасау. Үйрек , үкі, күшік , үйшік.
«Кім шапшаң сөйлем құрайды?» ойыны (суреттерден тез арада сөйлем құраулары керек.) -Сонымен балалар,біз бүгін қандай әріппен таныстық?
№3 Мультфильм не туралы? Шағын әңгіме құрастыр.
Мультфильмді қалай аяқтар едіңдер? |
Оқулық, дәптерлер. | |
Сабақтың соңы 2 минут
| Кері байланыс
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
| «Жетістік ағашы» | |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
| Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
| Өнер, ағылшын тілі, математика сабағы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |