Моншақтарды тізбектеу
Сармолдина Бақыт
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Дені саудың – жаны сау»
Тақырыпша: «Біз еңбекқор баламыз»
Тақырыбы: «Моншақтарды тізбектеу»
Мақсаты: 1.Ойындар арқылы балалардың білім және білік дағдылары қалыптасады. Моншақтың – әшекей-бұйым екендігін түсінеді.
- Ойындар арқылы баланың қызығушылығы оянады, моншақтардың көлемін, пішінін, түсін біледі, қол мен саусақ ұштарының қимылдарын дамытады.
- Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
Әдіс-тәсілі: 4К моделі, коммуникативтілік, құзыреттілік, ашық сұрақтар, миға шабуыл, ұзақмерзімді, қысқамерзімді, тікелей бақылау түрлері, сергіту сәті, сыни тұрғыдан ойлау, саралап оқыту тәсілдері: (заттық-кеңістік ортаны ұғынады, топтарға бөлінеді, сергіту сәтіндегі ресурстарды ұғынады, жасайды, қызығушылық танытады, диалогқа бейімделеді, жылдамдық пен қарқынды сезінеді, уақыт талабын түсінеді)
Ресурстар: қуыршақ қыз, түрлі түсті ұяшықтар, смайликтер, аяқ іздері, картонмен жұмыс, моншақтар, бояу түрлері, тақта, бау, түтікшелер, гүлдің суреттері, шариктер, шарлар, ыдыс-кружка, аудиоресурс, канцелярский шеге, резеңкелер, ақ түсті ыдыстар, ылғал сүрткіштер, майлық, күзгі суреттер, өлең жолдары, чупа-чупс, кәрзеңке.
Құрылымдалған ойын: «Түстерді ажырат»
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс – әрекеті | Баланың іс – әрекеті |
Мотивациялық
Қозғаушы
Ізденушілік-ұйымдастырушылық
Рефлексивті-түзетушілік
|
Кіріспе
-Балалар,көңіл-күйлерің қандай?
Миға шабуыл 1. Жылдың қай мезгілі? 2. Күзде неше ай болады? 3. Атап беріңдерші?
– Дұрыс, жарайсыңдар.
-Балалар ортада тұрады. -Ал, енді менің алдымда екі түрлі гүл тұр, атын атаңдаршы? -Дұрыс. -Осы гүлдерді таңдау арқылы 2 топқа бөлініп отырамыз. -Балалар, бүгін біз А.Ұ.О.қызметінде сурет салудан «Моншақты тізбектеу» тақырыбында моншақтың бейнесін салып және моншақты жіпке тізбектеп үйренеміз. -Ол үшін түстерді таңдаймыз.
-Алдарыңда ненің суреттері тұр екен маған көрсетіңдерші. -Дұрыс.
-Осы 4 түрлі түсті қолдана отырып шарға моншақтың бейнесін салып үйренеміз. (Шар кружкада скотчпен жабысып тұрады.) -көңіл-күйлерің қандай?
-Алдымен сендерге сұрақ? -Моншақ дегеніміз не? -Оны кімдер тағады? -Осы кезде жылаған адамның дауысы естіледі. -Бұл кім болды екен ,аааа? -Бұл қуыршақ қызымыз Сәуле екен ғой.
-Ортаға қуыршақ Сәуле келеді.
-Не болды саған, Сәуле? -Менің жапырақтан жасаған моншағым қурап түсіп қалды, маған моншақ керек дейді. -Сәуле, сен жылама, қәзір біздің балалар саған әдемі моншақ жасап береді, солай ма?, -балалар. -Жарайсыңдар. -Ендеше,Сәуле сен бізге моншақты бояуға көмектес, сосын біз саған көмектесеміз, себебі біздің балалар сондай еңбекқор. -Сәуле, моншақ дегеніміз не?, балаларға түсіндіріп бересің бе?
Шардың бетіндегі моншақ бейнесін бояйды.
-Енді саусақтарымызға жаттығу жасап алайық. -Алдарыңда картон мен моншақ тұр, сол моншақты саусақ арқылы сызықтың үстімен жүргізесіңдер.
(Саусақ моторикасын дамыту)
Өлең жолдары
Мен әдемі моншақпын, Нүктелері көп сонша, Ақылың болса адаспай, Тізбектеші шатаспай
-Енді қуыршағымызға моншақ жасап берейік. 2 топқа екі түрлі зат беріледі. 1-топқа резеңке 2-топқа: түтікшелер кесінділері Бауға өткізеді.
-Жарайсыңдар, балалар, жасаған моншақтарыңды апарып іле қойыңдар, қәзір қуыршағымыз оны өзімен бірге алып кетеді. -Қуыршақ Сәуле, саған балаларымыздың жасаған моншағы ұнады ма? -Иә, керемет, рахмет, көңілім көтеріліп қалды.
-Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, қәзір сергіту сәтін жасап алайық. -Енді керемет ойын ойнаймыз. Құрылымдалған ойынның аты:
«Түстерді ажырат»
-Сендер жерде жатқан шариктерді өзінің түсіне сәйкес ұяшығына саласыңдар. Бірақ ол үшін жылдамдық керек. Жолдағы іздерді басу арқылы ойын шартын орындайсыңдар.
Ойынның мақсаты: 1.түстерді ажырата біледі. 2.ұяшықтарына салып үйренеді. 3.шапшаңдыққа бейімделеді.
Қорытынды:
-Балалар, сендерге ойын ұнады ма? -Көңіл-күйлерің қандай?
-Біз ненің суретін бояп көрсеттік? -Қуыршаққа не сыйлады? -Қуыршақ,саған балаларымыздың жасаған, бояп көрсеткен моншағы ұнады ма?
Қуыршақтың жауабы: -Иә, рахмет.
Балаларға чупа-чупс таратады.
|
-күлімдейді (смайлик көрсетеді)
-күз -3 ай -қыркүйек, қазан, қараша
-түймедақ, шемішкі
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, берілген тапсырманы орындауға бейімделеді.
-күннің, бұлттың, алма-ның, жапырақтың
-күшті (смайлик көрсетеді)
-балалар таң қалады
-иә
-ол –әшекей- бұйым
-балалар жатқа айтады
-моншақты тізбектейді
-балалар да қуанысып қалады.
-аудиоресурс
-керемет (смайлик)көрсетеді
-балалар қоштасады
|
Күтілетін нәтиже:
-Білім және білік дағдылары қалыптасты, моншақтың- әшекей – бұйым екендігін білді.
-Қызығушылықтары оянды, ұсақ қол моторикасын дамытты.
-Шыдамдылық пен ұқыптылыққа бейімделді.