Алтын жапырақ төккен күз!
Кенжебаева Меруерт Артыккызы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жаратылыстану
Тақырыбы: «Алтын жапырақ төккен күз»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Алтын жапырақ төккен күз»
Мақсаты:
1.Білімділік:Күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын (жапырақтардың түсуін) бақылау.Табиғат құбылыстарына танымдық қызығушылықтарын ояту
2.Дамытушылық: Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып,сөздік қорларын молайту,ой-өрісін дамыту.
3.Тәрбиелік:Достық қарым-қатынасқа,табиғатқа деген қамқор көзқарасқа тəрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Тақырып бойынша əңгімелесу, тақпақ айту,жұмбақтар шешу, тəжірибелік іс-əрекет,
Жабдықтар мен материалдар: Тақырып бойынша иллюстрациялық материалдар, бояу , ағаштан түскен күзгі жапырақтар, үлкейткіш шыны, сулы орамал, дидактикалық материалдар,
Сөздік жұмыс:Жапырақтардың түсуі, сары, қызыл, əр алуан.
Қолданылған технология:Тәй-тәй технологиясы, васкобович кілемше
Билингвалды компонент:Күз-осень-аutumn,жапырақ-листь-mes, тал-дерева-tree Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету , жұмбақ жасыру
Жұмыс кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Ынталандыру-қызығушылықтарын ояту Балалар топқа кіріп амандасады
Балалар,оқу қызметімізді бастамас бұрын табиғат жылуын сезініп шаттық шеңберін құрайық
Шаттық шеңбері:
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз!
Ал, енді балалар әрқайсысың өздеріңнің орындарыңа отырыңдар.
Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы:«Алтын жапырақ төккен күз»
Балалар интерактивті тақтаға назар аударамыз. Балалар слайдпен сурет қарайды. Бұл қай
мезгіл?
Ауа-райы қандай болады?
Жапырақтардың түстері қандай?
Жапырақтарға не болған?
Пішіндері қандай?
Көлемі қандай?
Билингвалды компонент: Сәлеметсіздер ме!
Здравствуйте!
( Балалар дөңгелене орындарына жайғасады)
Жауап береді
Күз мезгілі Жаңбыр,жел,күн суытады. Сары,қызыл,қызғылт.
Қурап қалған
Сүйір,домалақ
Үлкен-кіші
Күз – Осень- Autumn, Жапырақ- Листь –Mes Тал – Дерева -Tree
Ынталандыру- қызығушылықтарын
ояту Балаларға жұмбақ жасырамын
Ешкім де жемейді,
Тәтті екен демейді.
Сарғайып піседі
Үзіліп түседі.
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. Жапырақ
Тал
Ізденістік-ұйымдастырушылық Есік қағылады Топқа жас терек кіреді. Сәлеметсіздер ме, балалар!
Жас терек неге мұнайып тұрсын. Жапырақтарым күннен күнге азайып,мұнайып жүрмін.
Мұнайма. Бұл табиғат заңы.Күн суытса жапырақтар қурап түседі,ал келесі жылы
құлпырып қайта көктейсін. Балалар жас теректің үстінде нелер ілінген?
Мен балдарға көптеген тапсырмалар алып келдім мүмкін балалар дұрыс орындаса , көңілім
көтеріліп қалар. Балалар тапсырмаларды орындаймыз ба? 1.Жас теректі сипаттау.
2.Тақпақтар айту 3. Орталықтарға бөліну. (Түсіндіру ) Балалар белгілер арқылы төрт
орталыққа бөлініп жұмыс жасаймыз. Олар Зерттеу,Өнер Құрылыс,Құм және су
орталықтары. Әр орталықты жеке жеке түсіндіру.
«Өнер»орталығындағы балалар гуашқа жапырақ батыру арқылы жапырақ суретін салады.
«Зерттеу»орталығында алдын ала жиналған күзгі жапырақтарды зерттеуді ұсынады.
Күздің өте әдемі жыл мезгілі екенін, себебі ағаштар бұл кезде түрлі-түсті жапырақтан киім
киеді. Талдар жапырақтар көмегімен тыныс алады екен. Жапырақтың құрылысын үлкейткіш
шыны –лупаның көмегімен зерттеуді ұсынамын. Сәлеметсіз бе!
Жапырақтар
Ия?
Тамыры,діңі,бұтақ, жапырағы
Тақпақ айтады
Сурет салу
Әр ағаштың өз жапыра ғы бар әр ағаштың жапырағының беті әр түрлі.Олардың пішіні, түсі,өлшемі әртүрлі.
Сабақ –жапырақты бұтақпен жалғастыратын бөлік.
Бұдан соң жапырақтың үстіңгі бетін қарастыра ды.Жапырақтың үстінгі бетінің түсі қоюлау болады.Жапырақты аударып,оның төменгі бетін зерттеген кезде, бұған көз жеткізеді.
Ізденістік-ұйымдастырушылық «Құм және су»орталығындағы балалар құмға жапырақ суретін салады саусақ арқылы.
«Құрылыс » орталығында балалар васкобович кілемшесі арқылы күзгі көріністі
құрастырады.
Тапсырма түсінікті болса белгілерді ала қойындар. Әр бала қолындағы белгілердің суреті
арқылы өз орындарына отыру.
Балаларды шылдырмақ арқылы ортаға шақыру. Не жасағандарын сұрап жауап алу.
Сергіту сәті : Кәне , қимыл арқылы сергіту сәтін орындап шынығып алайық.
Ал кәне, балалар орталықтармен алмасып жұмыс жасайық.
4. Дидактикалық ойын: «Жапырақтың түсін тап». Шарты: Түсіне сәйкес жапырақтарды жинап салу және қандай түс жапырақ екенін айту.
Жас теректі көңілдендіріп қайтару. Жапырақтың шетін қарастырады
Жапырақтың ұшы үшкір немесе домалақ болады
Түстерін айтады.
Күзгі мезгіл
Белгілерді алып өз орнына отырады
Қимылдар жасайды.
Белгі бойынша балалар клемдегі жапырақтарды жинап,қай жапырақтың түсі деп ойласа,сол жапырақ бейнеленген ыдысқа салады.
Сау болыңыз!
Рефлексивтік түзетушілік Қорытынды жасау .
Алған әсерімен бөлісу Балалар өздерінін жасаған жұмыстарына өздері риза болады.
Күтілетін нәтиже
Айта алады: Ағаштар мен олардың бөліктерін (дің,тамыр,бұтақ,жапырақ);
Түсінеді:Жапырақтардың түсуі мен күннің суытуы арасындағы байланысты;
Қолданады:Табиғатқа шамалары келгенше қомқорлық жасайды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718