Бала болашағы өз қолымызда.
Мына өмірге көз жүкіртіп қарасақ тірліктің бәрін бала үшін жасаймыз.Себебі бала болашағымыз. Тәтті қылықтарымен баурап тез жетіліп кетеді.Сәбидің былдырлаған үні әрбір шаңыраққа бақыт,қуаныш әкеледі. Сондықтан ата – бабамыз: “балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар” – деп, бекер айтпаған.Бала өзі тәрбиеленіп отырған ортадан не үйренсе,болашақта сондай болады. Тәрбие – тал бесіктен. Сондықтан, қандай тұқым сеуіп,қалай күтіп баптасақ,сондай жеміс аламыз.Ақылды, тәрбиелі, білімді бала тәрбиелеу – ата – ана мен ұстаз жетістігі. Ел болам десең, бесігіңді түзе. Сондықтан, жақсы ұрпақ тәрбиелеу – ертеңгі болашағымыздың кепілі. Балаларды қорғау, аялау, жақсы көру – бар адамзаттың міндеті.
Мен Ә.Жангелдин атындағы мектепте мұғалім болып жұмыс жасап келемін.Ұжымдастарымның басты міндеті бала тәрбиесі мен сапалы білім беру.Осы мақсаттарына қол жеткізу үшін аянбай еңбек етіп келеді.Оқушуның жүрек сырын,ішкі сезімін танып білу ұстаздыңғана қолынан келеді.
Ата-ана бала болашағына үлкен мәнберіп,бір сәтте ойдан шығармай,әр кез қадағалап отыруға міндеттіміз.Бала жас шыбық. Оның түзеу осіп жетіліп мәуелі ағашқа жеткізу ата-анамың міндеті.Олай болса бала тәрбиесін де,алар білімін де басты назарда ұстап,казіргідей ауыр кезеңде тұрақты,терең білім алуына жағдай жасауға міндеттіміз. Бала болашағы өз қолымызда екенін есте сақтай отырып,жауап кершілікпен қарайық.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718