Е е дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Е е дыбысы мен әрпін таныстыру,сөздерді буындап оқыту,дыбыстық талдау жасауға үйрету. Логикалық ойлау,көзбен көру,есту арқылы есте сақтау танымдық қабілеттерін дамыту. Табиғатты қорғауға,аңдар мен ағаштарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Түрі: Жаңа білімді меңгерту. Көрнекілік және дидактикалық материалдар: сюжетті суреттер,жұмбақтар,қима сөздер,қызыл және көк текшелер, электронды оқулық. Әдіс –тәсілдері: АКТ, түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс. Билингвалдық компонент: ешкі – коза, емен –дуб, емен жаңғағы-желудь. Әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушысы Ұйымдастыру кезеңі Өткен сабақты қайталау. Салематсыңдар ма балалар! Психологиялық жаттығу Қане,қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрып болсақ шеңберге, Алақанды ұрайық. Алақандарымыз арқылы бір-біріміз жүрегімізге жылулық,мейірімділік таратамыз. Солай ма балалар? Балалар оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын қонақтармен амандасып алайық. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал , кәнекей бәріміз Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме әпкейлер! Жақсы мен жаман нәрсенің , адал мен әділетсіздіктің барлығын жүрек арқылы қабылдап, сол жүректің қабылдауы бойынша шешімімізді айтамыз. Жүрекшелер арқылы 3 топқа бөлінейік. Жүрек қызыл,сары,жасыл өздеріне ұнаған түстерді алыңдар. Тотың ережесін еске түсіреді. Топ ережесі: – Бірін-бірі мұқияттыңдау. – Ойланып тиянақты жауап беру. – Топта ынтымақтастықта болу. – Уақытты үнемді пайдалану. Балалар қазір біз «Жапырақ жинау» ойынын ойнаймыз.Қай топтың балалары жапырақты көп жинар екен? Ойын «Жапырақ жинау» әр жапырақтың астындағы тапсырмаларды орындайды. 1. Дыбыстар нешеге бөлінеді. 2. Дыбыс дегеніміз не? 3. Әріп дегеніміз не? 4. Біз өткен оқу іс-әрекетімізде қандай әріпті өттік? 5. Ң дыбысы қандай дыбыс? 6. Аң сөзін буынға бөл. 7. Жаңбыр сөзін буынға бөл. Балалар,біз мысалдар келтіріп, жатырмыз сол мысалдардың ішінде ң дыбысынан басталатын сөз бар ма? Ң дыбысы сөздің ортасында,аяғында келеді екен,еш уақытта сөз басында кездеспейді. Балалардың дұрыс жауабын жаңғақпен бағалау. Балалар щаттық шеңберін құрайды. Қол соғады. Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап мейірімділік, жылулық сезімдерін таратады. -Ия Қызыл,сары,жасыл жүрекшелер арқылы топқа бөлінеді. -Дыбыстардың екіге бөлінетіні туралы айтады. – дыбыс дегеніміз-дыбыстарды айту және есту. -Әріп дегеніміз- әріптерді жазу және көру. -Ң әрпі -Ң дыбысы дауыссыз дыбыс -Аң сөзін қол соғу арқылы буынға бөледі. -Жаңбыр сөзін қол соғу арқылы буынға бөледі. -Ң дыбысынан басталатын сөздер жоқ. Ертегі тыңдау. Жаздың әсем күнінде емен ағашы жайқала өсіп тұрды.Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі келіп аяңдайды.Ешкі щаршаған,қарны ашқан аш еді. -Е-е-е-е-мен,сені жұрт көп мақтайды,мықты ағаш деп.Кәне,мықтылығыңды көрсетші,-деп жапырағына жармаспақшы болды. Е-е-е-еш-кі- деді емен.Ешкі екеніңді ісіңнен- ақ білдім. -Балалар, ешкіге еменнің жапырағын жегізіп қоямыз ба? -Өсіп тұрған ағаш қалай аталады екен? Біліп жүріңдер! Балалар емен ағашының діңі жуан болады екен.Ол суда шірімейді, сондықтан көпір салғанда , кеме,вагондарды емен ағашынан жасайды.Біз отырған парталарда емен ағашынан жасалады.Балалар емен ағашының жаңғақтары болады екен. Оны орысша желудь деп атайды. Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді. Ой қозғау Жарға шығып ойнайды, Ойынға бір тоймайды. Болсадағы сақалы, Секеңдеуді қоймайды. Бұл не балалар? Ешкі,емен сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? Сонымен бүгінгі өтетін жаңа әріпіміз Е е дыбысы мен әрпі. Дұрыс енді е дыбысын айтып көрейік. Балалар жұмбақтың шешуін табады. -Ешкі -Едыбысынан басталып тұрғанын айтады. -Е-е-е-е Сергіту сәті Бейне ролик. Жұмбақ Балалар қимылмен көрсетеді. «Жаңғақтармен бағалау» Қызыл жүрек тобы Шаңырақ-күн, Уықтары-нұр, шашқан, Екі пырақ,көк аспанға ұласқан. Жарқырайды темірқазық жұлдызы, Жол көрсетіп алға бас- деп Қазақстан! Жұмбақтың шешуі не екен балалар? Елтаңба сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар. Сары жүрек тобы Қанаты жоқ – ұшады, Аяғы жоқ-қашады. Бұл не екен балалар? Жел сөзіне дыбыстық талдау жасату. Жасыл жүрек тобы Оқу – білім аспабы, Қоймасының бас қабы. Бөлмесі де бірнешеу. Тиегі бар ашпалы. Жауабы не балалар? Сөмке сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар. Елтаңба,жел,сөмке сөздерінде е дыбысы қай жерде естіледі? Әр баланың дұрыс жауаптарын жаңғақтар мен бағалаймын. -Елтаңба -Сөзде жеті дыбыс бар,үш дауыты,төрт дауыссыз екендігін текшелер арқылы көрсетеді,буынға бөледі. -Жел -Сөзде үш дыбысбар,бір дауысты,екі дауыссыз екендігін текшелер арқылы көрсетеді, буынға бөледі. -Сөмке – Сөзде бес дыбыс бар,екідауысты,үш дауыссыз екендігін текшелер арқылы көрсетеді,буынға бөледі. Басында,ортасында,аяғын-да естілетіндігі туралы айтады. Дәптермен жұмыс Қорытынды Енді балалар дқрыстап тыңдаңдар! Ке-се,е-лік,ес-кек бұл сөздерде е дыбысы қалай естіледі? Е әндетіп,еш кедергісіз,ұзақ айтылса оны дауысты дыбыс дейміз. Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді. Балалар е дыбысының жазылуына қарай үлкен Е дыбысының бас әрпінің баспа түрі 4 элементтен тұрады,ал кіші е дыбысы 2 элементтен тұрады. 1.Ауада көрсету 2.Тақтаға жазып көрсету Бір,екі,үш, Қолға жинап күш. Қолға қалам алайық, Е дыбысын жазайық. Қима сөздер,суреттермен жұмыс. «Сөз ойла,тез ойла» ойыны Топтық жұмыс А,Б және Е дыбысынан келетін сөздерді табу. Белсенді қатысқан балаларды жаңғақтармен бағалау. Е дыбысынан келетін сөздерді айтыңдаршы? Е дыбысы қандай дыбыс? Е дыбысы киіз үйдің қайсысының тұрғыны? Е дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? -Е дыбысы созылып естілетінін айтады. -Қызыл текшемен белгіленетіндігін көрсетеді. Е е Е дыбысының баспа түрін жазады. А,Б және Е дыбысынан келетін сөздерді табады, жабыстырады. – Дауысты дыбыс – Қызыл киіз үйдің тұрғыны. – Басында,ортасында,аяғында кездесетіні туралы айтады. Бағалау Рефлексия Ал енді балалар,кімде қанша жаңғақ бар? . Егер саған оқу іс-әрекеті ұнаса және тапсырманың бәрін сәтті орындаған болсаң желкенді жасыл түспен боя: . Егер сен оқу іс-әрекетінде белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң желкенді сары түспен боя: . Егер саған оқу іс-әрекеті барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса желкенді қызыл туспен боя: Есті бала ер жетіп, Елдің қамін ойлаған. Елсіз бала кері кетіп, Есерлігін қоймаған,- дегендей,зерек,емен ағашындай мықты болып өсіңдер деп бүгінді сабағымды аяқтаймын. Балалар өздерінде неше жаңғақ бар екенін санап айтады Күтілетін нәтижелер: Нені білуі керек: Е е дыбысы мен әрпі туралы түсінді,білді. Нені игерді: Е е дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауды,жұмбақ шешуді игерді. Жасай алды: Та псырмаларды орындады,ағашқа қамқорлық жасауды үйренді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718