Музыкалық аспаптар
Музыка әлемі –адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка да адамның асқақ, асыл ойлары, арман- мақсаты , ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан, , сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық, ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді. Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы