«Кезекші сыныптардың» жұмысын тиімді ұйымдастыру

«Балалар үшін және жалпы білім беру процесі үшін оқытудың ең тиімді түрі – мектеп қабырғасында дәстүрлі түрде оқыту. Біз Білім және ғылым министрлігі ретінде мұны жақсы түсінеміз, алайда эпидемиологиялық жағдайды, балалардың, әріптестеріміздің, педагогтердің денсаулығы мен өміріне төнетін қауіп-қатерді ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің, Бас санитарлық дәрігердің ұсынысы бойынша жаңа оқу жылын дәл осы режимде бастауға мәжбүрміз» – деп Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мырза жыл басынан қадап айтқан болатын.

Биылғы 2020-2021 оқу жылын біз 1-4 сыныптар аралығында «Кезекші сыныптар» ұйымдастырумен бастадық. Жасыратыны жоқ басында қиындықтар кездесті. Оқушылар мен ата-аналарға көп жәйт түсініксіз болды. Мектеп әкімшілігі және мұғалімдері бірлесіп, ата-анаға көмектесіп, оқушыны бағыттап сол қиындықтарды еңсердік.

Күн сайын оқушы дене қызуы өлшеніп, қолдарын дизенфекциялық заттармен жуып сабағына бару оқушы үшін әдетке айналып кетті. Оқушылар шахмат тәртібіне сай орындықтарға отырып, бетперделерін шешпестен сабақ өтіп жатқанымыздың өзі үлкен еңбек.

Қазіргі таңда бөлім бойынша жиынтық бағалаулар аяқталып, тоқсандық бойынша жиынтық бағалаулар алынып жатыр. 

Біз кезекші сыныптармен қатар үйде отырған, қашықтықтан оқып жатқан оқушыларды да естен шығармауымыз қажет деген ұстаныммен, оларға да барынша сапалы білім беруге тырысып жатырмыз. Bilim land білім беру платформасының асында OnlineMektep арқылы тиімді жұмыстар жүргізіліп жатырмыз. 

Ендігі мақсат – эпидимологиялық жағдайды тұрақтандырғанын күтіп, өз оқушыларымызды мектеп қабырғасында қайта оралғанын күтеміз.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *