Жаңа заманның талабына сай ұрпақ тәрбиелеу
ХХІ ғасыр – ақпараттық технологияның қарқынды дамып, адамзаттың түрлі технология саласында қабілетін шыңдайтын ғасырға айналды. Қазіргі қоғам – ақпараттық –коммуникациялық технологияны талап ете отырып, жұмыс жасауға талап қояды. Білім беру саласыда толығымен ақпараттандыру және әр пәнді ғылыми – технология бойынша оқыту басты мақсат ретінде жоспарға қойылған. Ақпараттық технология білімді, өз ісінің білікті маманын дайындау мұғалім үшін басты міндет. Әр оқушының ақпараттық құзырлығы мен мәдениетін қалыптастыра отырып дамыту педагогика жүйесіндегі, күн тәртібіндегі басты мәселе.
Әр сабақты ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өткізудің тиімділігі:
– Оқушының әр тақырып сайын дүниетанымы кеңейеді;
– Берілген уақыт ішінде көп білім алып, уақытын үнемдей алады;
– Алған білімін тест жұмысы арқылы тексере алады;
– Қажетті ақпарат көзін жылдам алу мүмкіндігі туындайды.
Мұғалімнің педагогикалық біліктілігін көтеруде жаңа технологияларды шығармашылық – ғылыми тәжірибелерді, ақпараттық мультимедиялық техникаларын пайдалана отырып білім беру өз нәтижесін көрсетері анық.
Әр пәннен сабақ беруде жаңа форматтағы жеті модульді жүйелі пайдалана отырып өткізу оқушы қызығушылығын туғызады. Сонымен жаңа технологиялық әдістердің бағдарламалық модульдері мынадай:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Жаңашыл мұғалім өз кәсіби шеберлігін жетілдіретін жаңа сипаттағы педагогикалық іс-әрекетімен, жүйелі әрі нақты қабылдау қабілеттерін, өз пәнінің саласындағы педагогикалық технологияны игеруі тиіс.
Білім беру жүйесі жаңа форматтағы міндетті алға қояды, ал оның мақсатын жүзеге асырып орындау біздің міндетіміз. Егемен еліміздің керегесін кеңге жаятын білімді әрі саналы ұрпақты жеке дара тұлға ретінде қалыптастыруға талпынып жұмыс жасауымыз қажет.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718