“Отан – отбасынан басталады”.

“Отан – отбасынан басталады”,-деп біздің дана халқымыз бекер айтпаған. Отан деп – ата-анам, туған-туыстарым, туған жерім деп білемін. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің”,-демекші ата-бабаларымыз бұл дана сөзді бекер айтпаған.
“Отансыз-адам
Ормансыз – бұлбұл”,-деген мақалда терең ой жатыр. Әр адамның өз Отаны, туған жері, тілі, тарихы, отбасы болады. Біздің туған жерімізді ата-бабаларымыз қорғап, бізге мирас етіп қалдырған. Менің ойымша әр азаматтың өз Отаны үшін жан пида болуы шарт.
“Ер – ел үшін туады
Ел үшін өледі”, – деген мақал-мәтел бекер айтылмаған.Әр азамат өз Отанын, туған жерін қорғап, өз еліне деген сүйіспеншілігі мен махаббаты молынан болуы тиіс. Біздің қазақ халқының еңсесі биік. Себебі еліміз аман, жұртымыз тыныш. Мен өз басым осы Қазақстан мемлекетінде туып-өскеніме мақтанамын, Өзіміздің Отанымыз, тіліміз, дініміз бар. Ата-бабамызға мың тағзым! Еңсесі биік елдің жас ұрпақтары – біздерміз. Сондықтан да біздің мемлекетімізге, әр жанұяға, күннен-күнге көркейіп, гүлденуіне тілектеспін.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *