«БІЗ БІРГЕМІЗ» АТТЫ АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОНЛАЙН-КЛУБЫ
«БІЗ БІРГЕМІЗ» АТТЫ АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОНЛАЙН-КЛУБЫ
Жамбыл облысы, Меркі аудыны әкімдігінің білім бөлімінің
«№28 ЖББМ» КММ педагог психологы Умурзакова Рита
Жобаның өзектілігі
«Біз біргеміз» атты ата-аналарға арналған психологиялық онлайн клубының жобасы қарантин жағдайында отбасы мен мектептің психологиялық қызметінің өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталған.
Интерактивті өзара іс – қимылдың негізгі мақсаттары-қашықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен олардың ата-аналарына, мектеп мұғалімдеріне психологиялық қолдау көрсету, ортақ шешімдерді әзірлеу, диалог үшін жағдай жасау, топ ішінде топтасу, психологиялық ахуалды өзгерту, ата-аналарды өз баласын оқыту, дамыту және тану үдерісіне тарту мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Отбасылық клубтар-ата-аналармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті түрлерінің бірі.
Қазіргі қоғамның дамуы ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам өмірінің барлық салаларына берік енген. Сәйкесінше, білім беру жүйесі өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға, дәстүрлі әдістерді ауыстыруға емес, олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін жаңа тәсілдерді енгізуге жаңа талаптар қояды.
Көптеген ата-аналардың психологпен қарым-қатынас жасау үшін жеткілікті уақыт таппайды, бірақ сонымен қатар Интернетті белсенді пайдаланушылар болып табылады. Сол себептен, біз тәрбиеленушілердің отбасыларымен жұмыс жасауда Интернет-кеңістікті кең және белсенді пайдалану қажет деп, қорытындыға келдік.
Коронавируске байланысты карантин барысында отбасымен жұмыстың екі инновациялық түрін қосу идеясы пайда болды: “отбасылық клуб” және АКТ – ны пайдалану- нәтижесінде “Біз біргеміз” атты онлайн-клубын ұйымдастыру.
Білім алушылардың отбасыларымен өзара іс-қимылдың осындай түрінің артықшылықтары анық, олар мыналардан тұрады:
* ата-аналардың ақпаратқа қол жеткізуі үшін уақытты азайту;
* психологтың кез келген құжаттарды, фотоматериалдарды көрсету мүмкіндігі;
* ата – аналармен жеке және топтық жұмысты оңтайлы үйлестіру;
* ақпарат көлемінің өсуі;
* ата-аналардың жедел ақпарат алуы;
* психологпен ата-аналардың диалогын қамтамасыз ету;
* психологтың отбасымен өзара іс-қимылын оңтайландыру.
Жобаның ұзақтығы: ұзақ мерзімді
Жоба қатысушылары:білім алушылар,ата-аналар, педагог қызметкерлері.
Жобаның мақсаты: білім алушыларды қашықтан оқыту жағдайында оқыту мен тәрбиелеу бойынша тиімді жұмыс үшін мектеп психологы,педагогтар және ата-аналардың конструктивті өзара іс-қимылын дамытуға ықпал ету, психологиялық қолдау көрсету және ата-аналар үшін мектептің психологиялық қызметі жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету.
Жобаның негізгі міндеттері:
1. Білім алушылардың ата-аналарына және мектеп мұғалімдеріне психологиялық ақпараттық, консультациялық көмек көрсету.
2. Ата-аналарды өз баласын оқыту, дамыту және тану үдерісіне тарту.
3. Диалог, тәжірибе алмасу, пікір алмасу үшін жағдай жасау.
4. Мектепте одан әрі оқытудың негізі ретінде мектепке дейінгі баланың ақпараттық ортасын құруға бірыңғай талаптарды әзірлеу.
Гипотеза: бұл жоба карантин жағдайында ата-аналарға баланың тәрбиесіне, мектепке дайындауға қатысты маңызды сұрақтарға тез жауап табуға, психолог мамандарының білікті көмегін алуға, электронды жәшікте кеңес алуға өтінім қалдыруға, электрондық пошта арқылы жеке кеңес алуға көмектеседі.
Күтілетін нәтижелер:
Ата-аналар үшін:
* карантин жағдайында ата-аналардың баламен серіктестігі мен ынтымақтастығы нығаяды;
* ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымы қалыптасады;
* ата-аналар қашықтан оқыту жағдайында жүйелі психологиялық-педагогикалық көмек алады;
* отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесімен танысады;
* балаларды тәрбиелеу саласында ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жоғарлайды, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ететін ата-ана дағдылары қалыптасады;
* отбасылық жанжалдарды шешудің өнімді тәсілдеріне үйренеді;
* замануи онлайн форматтағы мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға дағдыланады;
* ата-аналардың мектептің тәрбие және білім беру процестеріне қатысуға деген ұмтылысы жоғарлайды.
Педагогтар үшін:
– жобаны жүзеге асыру барысында бірыңғай тәрбие-білім беру кеңістігін құру;
– психологиялық мәдениеттілігін арттыру мүмкіндігі;
– педагогикалық шығармашылықты ынталандыру – педагогикалық тәжірибені көрсету мүмкіндігі
Жобаны іске асыру.
Жобаны іске асырудың дайындық кезеңінде әкімшілік пен педагогтар мәселелер шеңберін белгілеп, ақпаратты жинақтап жүйелендірді және бірқатар міндеттерді алға қойды:
– клубты құрудың басты міндеттерінің бірі бірыңғай қауымдастықты қалыптастыру болып табылады: үйлесімді серіктестік қатынастарға негізделген: психолог-ата – аналар – балалар-педагогтар;
– мектеп қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету;
– білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара әрекеттесуіне жағдай жасау: әкімшілік, педагогтар, ата-аналар;
– мектептің оң имиджін қалыптастыру.
Бұдан әрі мектеп сайтында бірнеше айдарлар құрылды.
«Жеке тұлға» айдары
Мақсаты: арнайы жоспар және сұраныстар бойынша білім алушының жеке басына тиісті психологиялық зерттеулер жүргізу.
«Үйлесім» айдары
Мақсаты: диагностика қорытындысы бойынша коррекциялық жұмыстар жүргізу, білім алушыға әлеуметтік және педагогикалық көмекті жүзеге асыру, психикалық, психофизикалық және жеке дамуына ықпал ету. Қолданылатын жұмыс түрлері: жеке әңгімелесу, жеке жұмыс дәптерлермен жұмыс,шығармашылық тапсырмалар беру.
“Сізден сұрақ – бізден жауап” айдары
Мақсаты: білім алушылардың, ата-аналардың және педагогт ардың сұранысы бойынша психологиялық кеңес беру.
Ата-аналар қажетті сұрақтар қояды, психолог тақырып бойынша материалды таңдап, ортақ чатта орналастырады.
Клубтың барлық қатысушылары материалды оқи алады және пайдалы ақпаратты теріп, осы мәселе бойынша өз пікірін білдіре алады, кеңестер мен ұсыныстар енгізе алады.
“Назар аударыңыз- сабақ” айдары
Мақсаты: психологиялық дәрістері мен сабақтары арқылы пайдалы ақпаратпен танысу. Жұмыс түрлері: буклеттер,бейнефильмдер, презентациялар,
«Жігерлену» айдары.
Мақсаты: білім алушылар мен ата-аналардың және педагогтардың эмоциялық үрдістері мен жағдайын, жігері мен жігерлік үрдістерін көтеру ге арналған ойшылдардың позитивтік аффоризмдерін, халық даналығынан аңыз –әңгімелерін ұсыну.
«Біздің іс-шараларымыз» айдары
Мақсаты: ата – аналармен жеке және топтық жұмысты оңтайлы үйлестіру;
ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігін жетілдіру.
Бұл бөлімде онлайн форматында ата-аналардың қатысуымен байқаулар, жарыстар қызықты іс-шаралар туралы айтылады
“Бұл қызықты» айдары
Мақсаты: ата-аналарға балалардың дамуына және мектепке сәтті дайындалуына арналған желіде қызықты және пайдалы сайттардың болуы туралы ақпарат беру.
Дамыту ойындары, мультимедиялық презентациялар, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту және оқыту бойынша қызықты материалдар орналастырылған сайттарға сілтемелер жарияланады.
Карантин кезінде клуб өз жұмысын бастап,ата-аналармен онлайн байқауларын өткіздік. Атап өтсек, «Супер-ана» байқауы, бұл байқаудың басты идеясы-үйде болу – “бос отыру” емес, жаңа дағдыларды игеру, ананың баласымен бірге білім алу, жаңа қызықты істер үшін,отбасы мүшелерін жақындату. Екінші байқау «Менің әкем ең мықты» деп аталады. Байқаудың мақсаты: отбасы құндылықтарына назар аударту, отбасын құруда және сақтауда әкенің – ер адамның маңыздылығын арттыру, отбасылық қарым-қатынастың оңтайлы тәжірибесін насихаттау,заманауи отбасы бейнесін қалыптастыру және әкенің рөлі мен маңызын арттыру үшін жағдай жасау.
Қорытындылай келе, біз балалармен, ата-аналармен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қызықты әлеміне кіреміз, олармен бірге қызықты, креативті, позитивті болуға үйренеміз, осылайша кәсіби біліктілігіміз арттады, ең бастысы бұл жұмыс бізге рахат сыйлайды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718