Мұғалім-логопед жұмысындағы инновациялық технологиялар мен әдістер.
Балалардың тілін дамытуда ауызша сөйлетуге үйрете отырып, білгенін күнделікті өмірде қолдануына, тілдік қарым-қатынастағы жаттықтыру ісіне ерекше мән берген маңызды. Педагогика мен психология және медицинаның түйісу шегінде орналасқан логопедия өз тәжірибесінде мұғалімнің жұмысын оңтайландыратын және ең тиімді әдіс-тәсілдерді бейімдеп қолданады. Қазіргі логопедия ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға тән әртүрлі жас кезеңдерінде және түрлі білім беру жағдайларында балаларды оқыту және дамыту процесін жетілдіру және оңалту жолдарын үнемі белсенді іздеуде.
Логопедтік тәжірибедегі инновациялық технологиялар:
– бұл жалпы қабылданған, уақытпен тексерілген технологиялар (диагностика технологиясы, дыбысты тоқтату технологиясы, сөйлеу тілдік бұзылыстар кезіндегі тыныс алуын қалыптастыру технологиясы және т. б.);
– логопед қызметінің нәтижесі болып табылатын жаңа және жоғары тиімділікке ие әдіс-тәсілдер мен құралдар;
– логопед пен баланың өзара әрекеттестігінің жаңа тәсілдері;
Инновациялық логопедиялық технологияларды жіктеу әр түрлі негіздер бойынша жүргізіледі:
а) әсер ету мақсаты бойынша:
– түзете-дамытушылық технологиялар (эмоциялық, сенсомоторлық тәрбие; мнемотехника, ойлау үрдістерінің тренингтері және т. б.);
– психокоррекциялық технологиялар (арт-терапия түрлері, ертегі терапия, құм терапиясы, психогимнастика және т. б.);
– денсаулық сақтау технологиялары (гипокситерапия, логопедиялық және саусақты массаж, суджок терапия, ароматерапия, тыныс алу техникасы және т. б.)
б) әсер ету құралдары бойынша:
– ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
– қашықтықтан білім беру технологиялары.
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құрылымын түзетуде қолданылатын инновациялық логопедиялық технологиялар түрлерінің тиімділігі.
1) жадыны, зейінді, көрнекі-бейнелі ойлауды түзету мақсатында:
– ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (көрнекілік, қол жетімділік, оқу материалын жүйелеуді, балалардың дамуы мен қызметін объективті бақылаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді);
– Мнемотехника (танымдық қабілеттер мен сөйлеу тілді арттыратын тәсілдер жүйесі).
2) Моторлы функцияларды түзеуге бағытталған техниканы қолдану:
– биоэнергопластика -артикуляциялық аппараттың қимылдарын ұсақ моторика қимылдарымен қосу.
– логопедиялық массаж – бұлшықет тонусын қалыпқа келтіруге көмектесетін механикалық әсердің белсенді әдісі. Массаж арқылы дыбыстардың дұрыс артикуляциясын қалыптастыру кезінде қажетті күрделі қимылдарды орындауға бұлшық етті дайындау (ауыз қуысына қол саусақтырымен массаж,бетке нүктелі массаж, зондтармен және зонд алмастырғыштармен массаж, алақан бұлшық еттеріне түрлі-түсті шариктермен массаж, жаңғақ, каштанмен массаж, алты қырлы қарындашпен массаж, су-джок құралдарымен массаж).
– логоритмика-логопедиялық түзету мақсатында жүзеге асырылатын музыкалық-қозғалыс,сөйлеу және музыкалық ырғақты сөйлеу ойындары мен жаттығулар жүйесі.
- 3. Арт-терапия түрлері:
- музыка терапиясы;
- ертегі терапиясы;
- құм терапиясы.
– музыка терапия – музыканы эмоциялық қабылдау, музыкалық аспаптарда ойнау. Әуен және оның ырғақты негізі мен орындалуына байланысты музыка әр түрлі әсерлерді көрсете алады.
– ертегі терапиясы – баланың сөздің қорын, байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда қолданатын әдіс.
– құм терапиясы – сөйлеуді сапалы түзеуге және эмоциялық-ерік саласының дамуын қалыптастырады.
Логопедтің қызметіндегі әсер етудің инновациялық әдістері сөйлеу бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмысының перспективті құралы болып табылады. Бұл әдістер тиімді түзету құралдарының қатарына жатады және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қиындықтарын жеңуде барынша мүмкін болатын табыстарға жетуге көмектеседі. Кешенді логопедиялық көмек аясында инновациялық әдістер балалардың тілдік дамуына оң ықпал етеді.
БҚО. Жәнібек ауданының психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетінің мұғалім логопеді: Ж.К.Аждуова
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718