Білу
Көбейту мен бөлудің байланысы
Мақсатым: Мен көбейту мен бөлудің өзара кері амалдар екенін білетін боламын.
1-тапсырма
Суретке қарап, оған берілген жазбаны түсіндір.
Түсіну
2-тапсырма
Көбейту мен бөлуге өзара байланысты теңдіктер құрастыр.
3 • 4 = 12
4 • 3 =
12 : 3 =
12 : 4 =
2 • 3 = 6
Қолдану
3-тапсырма
Есептер бойынша өрнектер жаз. Оларды шығар және салыстыр.
а) Балалар аулада скейтбордпен жарысып ойнады. Олар әр командаға 4 баладан бөлінді. Егер 2 команда болса, онда аулада барлығы неше бала болғаны?
ә) Балалар аулада скейтбордпен жарысып ойнады. 8 бала әр командаға 4-тен бөлінді. Неше команда болды?
б) Балалар аулада скейтбордпен жарысып ойнады. 8 бала 2 командаға теңдей бөлінді. Әр командада неше баладан болды?
4-тапсырма
Өрнектер құрастырып, олардың мәнін тап.
65 санына 53 пен 21-дің айырмасын қос.
500 бен 100 сандарының қосындысынан 200-ді азайт.
65 пен 21 сандарының айырмасын 24 пен 2 санының қосындысына арттыр.
1000 санынан 600 бен 100-дің айырмасын азайт.
16 мен 12 сандарының қосындысына 40-ты қос.
5-тапсырма.Топтық жұмыс
Көбейту мен бөлуге өзара байланысты теңдіктер құрастыр.
5 · 2 = 10
2 · 5 =
: 5 =
: 2 =
Жинақтау
Арнау дәптер
2*6 3*6 4*5
6*2 6*3 5*4
12:2 18:3 20:4
12:6 18:6 20:5
|