Жуматаева Гульяра Ароновна
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Құстар ауласында.»
Масаты: Үй құстары туралы балалардың білімдерін кеңейту: әтеш,тауық,балапан олардың ерекшеліктерін бақылау (немен қоректенеді,қалай қимылдайды, қандай дыбыс шығарады, ересектердің үй құстарына күтім жасауы туралы)
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, жұмбақтар,слайдпен жұмыс.
Көрнекіліктері: әтеш,балапан, тауық суреттері, жұмыртқа.
Билингвальды компонент: тауық-курица, қаз-гусь, үйрек-утка, балапан-цыпленок, әтеш-петух.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Балалар біз бір-бірімізбен тату-тәтті екенімізді білдірдік. Ендеше қонақтармен амандасайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде ауа райында өзгерістер қандай болады?
-Қыста күн суық болады, табиғат ұйқыға кетеді. Қыста қалың жауған ақ қар басқан ағаштар әдемі көрінеді, ауа тазарады. Адамдар ауа райына сай жылы киімдер киеді.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Балалар құстар неше топқа бөлінеді.
-Құстар екі топқа бөлінеді.Дала құстары және үй құстары болып.
-Ендеше балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз үй құстары болмақ.
-Слайдпен жұмыс:
-Балалар суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?
-Құстар.
-Қандай құстар? Үй құстарына қандай құстар жататынын білеміз бе?
-Кәне аттарын атайық?
-Тауық, әтеш, балапан, қаз, үйрек.
-Кеудесі қайқаңдап, жүреді майпаңдап. Бұл үй құстарының бірі-қаз. Қаздың мойыны, тұмсығы ұзын болады. Ал, мынау қанаттары.
-Мынау үйрек. Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады.Өте маңғаз, жай жүреді.
-Ал, бұл қандай құс?
-Әтеш.
-Әтеш ол ертемен адамдарды ұйқысынан оятады. Әтеш тауықтан үлкендеу болады.Басында қызыл айдары бар.
-Бұл тауық.Көлемі жағынан кішілеу.
-Мынау балапан. Ол өте мамық. Әрі жұмсақ.
-Бұл құстардың дене мүшелері бірдей,бәрінің де денесі, басы, тұмсығы, аяқтары болады. Үй құстарының бір ерекшелігі олар көп биікке ұша алмайды. Тұмсығымен шоқиды. Қанаттарымен ұшады.
-Енді балалар мына заттарға көңіл аударайық. (әтеш,тауық,балапан,жұмыртқа)
-Сұрақ жауап:
-Бұлар нелер?
-Жұмыртқаның түсі қандай?
-Жұмыртқаның геометриялық пішіні қандай?
-Балапанның түсі қандай?
-Балалар үй құстарының ішіндегі біз үйде көбіне асырайтынымыз – тауық, әтеш және олардың балалары балапан. Тауықтарға жем беріп,су беріп асыраймыз. Оларға өздеріне арнап тауық қора, тауық ұя жасаймыз. Оларды күтіп баптаймыз. Олар бізге жұмыртқа береді, етін жейміз, сорпасын ішеміз. Денсаулыққа өте пайдалы.Жұмыртқадан әртүрлі торттар, тәтті тоғаштар, печеньелер жасаймыз. Және жұмыртқаны салаттарға қосамыз.
Міне, балалар үй құстарының осындай пайдасы болғандықтан оларды біз асырайды екенбіз.
Билингвальды компонент:
Тауық-курица, қаз-гусь, үйрек-утка, балапан –цыпленок, әтеш-петух.
-Үй құстары қалай дыбыстайды?
-Әтеш-кукареку
-Тауық-қыт-қыт-қыт
-Балапан-шиқ-шиқ-шиқ
-Қаз-қаңқ-қаңқ
-Үйрек-кря-кря
Тосын сый: топқа жылап балапан кіреді.
-Балапан сен неге жылайсың?
-Мен мамамнан қалып қойдым, адасып кеттім. Сіздермен бірге болсам бола ма?
Сергіту сәті: балалар балапанның көңілін көтеріп,сергіту жаттығуын орындайды.
-Балалар біз көптеген тақпақтар білеміз. Соның ішінде кім үй құстары туралы тақпақтар айтып береді.
-Балалар үй құстары туралы білетін тақпақтарын айтады.
Дидактикалық ойын: «Бұл қандай құс?»
Шарты: балалар суреттерден үй құстарын тауып, аттарын атап көрсетеді.
Жұмбақтар шешу:
Бұрап қойған сағаттай
Айқайлайды таң атпай бүл не? (әтеш)
Күн бата қонақтап қалқыған
Таң ата жерден жем аңдаған бұл не? (тауық)
Айдалада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау (жұмыртқа)
Жарайсыңдар балалар . Оқу қызметін сұрақ-жауап әдісімен пысықтау. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй құстары мен дала құстарының ерекшеліктерін ажырата алады.
Игереді: үй құстарының аттарын толығымен атау, үй құстарына қамқор болуды.
Меңгереді: үй құстарының адамға тигізер пайдасы туралы.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718