«Бүгінгі күн- ертеңгі тарих! »

Бүгінгі күн-ертеңгі тарих!

Біз қазақ еліміз, қазақпыз, қазақпыз дейміз, бірақ қазақ халқымыз яғни біз, жалпы Қазақ ұғымы қайдан шықты деп ойланасызба? Мен бүгін осы жайлы сөз қозғағым келді. Негізінде Қазақ халқының шығу тегі туралы деректерге сүйенсек, антропологиялық және этникалық жақтарына келіп тірелеміз. Қазақстан жерінде Қазақ болып қалыптасу процессі қауымдық құрылыс болып алғашқы қоғамдық қауым ыдырап,қола дәуірі мен б.д.д 2-1 м.ж кезеңі,темір дәуірі б.д.д 7-8 ғасырларда өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп өркендеуінен басталады.Қазақ жерінде ,яғни мына біздің қазіргі Қазақстанда қола дәуірінде Андронов мәдениетіне жататын тайпалар мекендеген.Археологиялық зерттеулерге сүйенетін болсақ,Андрондықтардың сүйектері Оңтүстік,Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерлерінде көп табылып,зерттелген болатын.Андрондықтардың түр сипатына келетін болсақ,олардың түр сипаттары еуропоидтықтардың арғы тегіне ұқсас деп жарияланды.Себебі олардың бас сүйектері үлкен,мұрны дөңестеу келген.Бірақ,осы зерттеулерден кейін Жамбыл облысында тағы табылған бас сүйектердің зерттелуі бойынша ол сүйектердің беті сопақша келген,маңдайлары шығыңқы деп айтылды.Бірақ,одан кейін Шығыс Қазақстанда табылған сүйектердің зерттелуі бойынша олардың бастары сопақ,жақтары созылыңқы келген немесе ат жақты деп айтамызғой,мұрны құсырыңқы келген.Бұл сипаттар Орта Азиялық түрге тығыз болғанын айқын көрсетіп тұр.

Ал ерте темір дәуірінде Қазақ жерінде сақ,ғұн,сарматтар мекендеген.Археологиялық зерттеулерге сүйенетін болсақ,Сақтардың бас сүйегі кішірек келген,беті жалпақтау келген,көзі сығырыңқы,мұрны дөңес келген.Бұл сипат Андроновтықтардың түр сипатына келетін сияқты.

Енді Қазақ халқының шығу тегіне оралатын болсақ,жалпы Қазақ халқы түркі елдерінің ұрпақтары деп жатадығой.Ия шыныменде Қазақ жерінде табылған түркі заманының антропологиялық материалдарына сүйенсек,бұл кездің адамдарының бет сұлпатында Еуропоидтық және Моңғолоидтық нәсіл белгілері айқын байқалған.Нақты ғылыми археологиялық зерттеулерге сүйеніп қарастыратын болсақ Шығыс Қазақстанда мекендеген түріктерге қарағанда,Солтүстік Қазақстанда мекендеген түркі тайпаларының бет сұлпатында моңғолоидтық нышандар көбірек кездеседі.Ал Жетісудан табылған бас сүйектердің түр сипатында еуропоидтық және моңғолоидтық түрлер кездеседі.Қарап тұрсақ қазақтардың түр сипаты шатасып кеткендігін көре аламыз.

Адам өткенін білмесе,болашаққа нық қадам баса алмайды.

Қазақ сөзі қайдан шықты?!

Қазақ сөзі қандай мағына береді?!

Бұл соңғы уақытта талай тарихшылар мен әуесқой тарихшылар арасында үлкен талас туындатқан сауалдардың бірі.

Көп ғалым-зерттеушілердің пайымдауынша «сақ» , «қас» , «қа-сақ» , «қас-пи» секілді рулардың атауы- «қазақ» этноминінің туынды түбірлері.

Ал, ғылыми негіздегі «қазақ» сөзіне келсек , бұл сөз 850 жылдары грек монахы Епифанидің «Кавказ өңіріндегі Касогдиана деген халық бар (касог сөзіне қосылған диана –грек-парсыша ел ұғымын береді)» деген мәлімдеме де кездеседі.

Зерттеуші Ә.Әбдрахманов «қазақ» сөзінің төркіні «қаз» және «оғ» (оқ) деген екі сөздің қосылуынан жасалған деседі.

Ал орыс ғалымы А.Беринштам ұзақ уақыт бойы қазақ халқының шығу тарихын,қазба жұмыстардың нәтижелерін саралаудың нәтижесінен «қазақ» сөзі Каспий маңы және сақ тайпаларының бірігуінен пайда болған деп тұжырымдама жасады.

Белгілі түркі тілінің маманы В.Радлов «қазақ» сөзі «ерікті,тәуелсіз» деген мағына береді деп атап өткен.

Қазақ елінің жанашыры,қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов «қазақ» сөзі «өте қадірлі сөз, күшті , мықты» дегенді білдіреді дейді.

Тарихшы Ибн Рузбихан ХVI ғасырдың жазбаларында: «Әр жерде қазақтар өздерінің ержүлектілігімен, батырлығымен, зор күшімен белгілі болған»,-деп айтып кеткен.

Және де кейбір деректерге сүйенетін болсақ, «қазақ» деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха ) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау заманда алып одақ құрып, Мысыр еліне дейін жаулап алып, Каза-саха деген қала салынған.

Міне,қысқаша ғана тарихи деректерге шолудың өзі «қазақ» сөзінің, сол атауды иеленген тайпа,мемлекет,халықтың арасы біздің дәуірімізден бұрынғы 400-300 жыл.

Ал бүгін «қазақ» ұлтын құрайтын (бірқатар түркі тілдес ұлттарды да құрап отырған) тайпа-рулардың басым бөлігі 1-2 мың жылдан бері Қазақстан жерін мекендеген, бірқатары көне кейінгі қағандықтармен бірге Шығыстан – Байкал көлі маңы, солтүстік Қытай, қазіргі Моңғолия,Алтай,Шыңжаң өлкесі жерлерінен қоныс аударған. Бірақ барлығы да жүздеген жылдар бойы біресе бір мемлекеттің құрамында, біресе біраз мезгіл ажырап қалып, қайта қауышып, тату-тәтті өмір сүрген.

 

 

 «Алматы қаласының инновациялық колледжінің» Айнабұлақ корпусының тарих пәнінің мұғалімі Мамедов Шахмурат

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *