Отан отбасынан басталады

САБАҚ: Мектеп: №3 Ақкөл орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Дорж Март
Сынып: 6 Қатысқан оқушылар саны:  25  
Сабақтыңтақырыбы Бөлім: Ұлттық және отбасылық құндылықтар

Отан отбасынан басталады

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазады;

Көпшілік оқушылар:Қосымша ақпараттар қолданып, қажетті ақпаратты іріктейді, жазба жұмысында жанрлық ерекшеліктерді ескереді;

Кейбір оқушылар:жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырады;

Жетістік критерийлері Білім алушы

·        құттықтау, мінездемені жанрлық, стильдік ерекшелігіне сай құрастырып жазады;

Тілдік мақсаттар Оқушылар: құрметті, қымбатты, аяулы, ардақты, ана, әке, ата, апа, құттықтаймын, тілеймін, денсаулық, қуаныш, өмір, сабырлы, байсалды,  бақыт, т.б.

Пән лексикасы және терминология: құттықтау, мінездеме, екпін

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:асыл ана, асқар таудай әке, бақытты бол, қадір тұт, қол ұшыңды бер, ақылмен шешеді, ақылына көркі сай, жылы шырайлы, әр күнің қуанышқа толы болсын, (сөздер мен сөз тіркестерін қажетті жеріне саралап  пайдаланып мінездеме, құттықтау жаза алады)

Осыған дейін меңгерілген білім Өткен тақырыппен сабақтастыру (Оқушылар бүгінгі күнге дейін «Ұлттық және отбасылық  құндылықтар» бөлімімен және мінездеме және құттықтау жазумен таныс, жаза алады)
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)
Сабақтың басы

 

 

 

Білу:

Түсіну:

10минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Психологиялық ахуал

«Отбасылық қор»тиын салғышы үлестіріліп, қалай бағаланатындары түсіндіріледі.

 

Жекежұмыс (Қажетті ақпараттармен толыға түсу үшін)

Тапсырма: «Отан отбасынан басталады» тақырыбында бейнебаян көрсетіледі.

Ø Сенің отбасың қандай?

Ø Отбасының негізін қалаушылар кімдер деп ойлайсыңдар?

Ø Отбасылық құндылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Ø Отбасында сені қалай еркелетеді?

 

Тапсырма:Кім жылдам?(Жұмбақ жасыру) Жасырылған жұмбақтың шешуін табыңдар.

 

Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)

Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)

 

Сабақтың ортасы Қолдану:

Талдау:

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

Тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Ыбырай Алтынсарин

Бақша ағаштары

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

–         Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.

–         Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, – деді атасы.

–         Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, –  деді баласы.

–         Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзу кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, – деді.

 

Тапсырма. Мінездеме жазыңдар.

Қолдың оң жағындағы оқушылар әңгімедегі кейіпкерлердің бірін таңдап, мінездеме беріңіздер. Мінездемеге сай мәтіннен дәлел келтіріңіздер. Ал қолдың сол жағындағы оқушылар қолының оң жағындағы оқушыға жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме  жазыңыз.

Кейіпкер Мінездеме Мәтіннен дәлел
     
     

Дескриптор:

–         мәтін мазмұнындағы екі кейіпкерді таңдайды;

–         таңдаған екі кейіпкерге мінездеме береді;

–         мінездемеге мәтіннен дәлел тауып жазады;

 

Отан – отбасынанбасталады. Отбасышағынмемлекет. Мемлекеткеқойылатынталапотбасында да болу шарт. Ы. Алтынсарин «Бақшаағаштары» әңгімесіндебақшадағыекіағаш, біреуі – қисық, біреуі – түзуөседі. Осы ағашсияқтықисықөскен тал – қараусызөскен бала, түзу тал ата – анасынтыңдағанадамгершілігі мол, саналыазаматболыпөседі. Сондықтанбойыңызғажақсықасиеттердарыған, адал, шыншыл, білімдіұрпақболыпөсулеріңетілектеспін.

Жұппен жұмыс.

Тапсырма:Жағдаятты мұқият оқып, отбасы мүшесінің біріне арнап құттықтау жазыңыз. Құттықтаудың стильдік ерекшелігін, құрылымын еске түсіріңіз. (Әр партаға бір-бірден қолдан жасалған ашық хат таратылады.  Екі оқушы жұптаса отырып жазады құттықтау жазады.)

Әке, ана, бауырларыңыз – сіздің отбасыңыздағы ең құрметті жандар. Олардың үйде орындары да ерекше. Бір қызығы, бүгін сіздің үйде бірнеше адамның туған күні қатар келіп тұр. Сіз біреуіне қолдан сыйлық жасасаңыз, біреуіне арнап құттықтау жазамын деп шештіңіз. Ендешеіскесәт.

Дескриптор:

–         құттықтаудың жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай құрылымын сақтап жазады;

–         жағдаят негізінде құттықтау жазады;

Сабақтың соңы

Жинақтау:

5 минут

 

Үй тапсырма:

Бағалау:

 

 

Кері байланыс:

5 минут

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениетін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

 

 

«Отбасылық қорға» жиналған қор саналып, оқушылардың білімі бағаланады.

 

Алтынай Жорабаеваның «Перзент парызы» әні орындалады. «Менің кішкентай Отаным»жарасымды отбасын бейнелейтін күннің әрбір сәулесіне өз отбасына, Отанына ізгі тілектерін  жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма.  Әңгімедегі кейіпкерлердің бірін таңдап, мінездеме беріңіздер. Мінездемеге сай мәтіннен дәлел келтіріңіздер.

Кейіпкер Мінездеме Мәтіннен дәлел
     

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

  • мәтін мазмұнындағы екі кейіпкерді таңдайды;
  • таңдаған екі кейіпкерге мінездеме береді;
  • мінездемеге мәтіннен дәлел тауып жазады;

 

Тапсырма.  Әңгімедегі кейіпкерлердің бірін таңдап, мінездеме беріңіздер. Мінездемеге сай мәтіннен дәлел келтіріңіздер.

Кейіпкер Мінездеме Мәтіннен дәлел
     

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

  • мәтін мазмұнындағы екі кейіпкерді таңдайды;
  • таңдаған екі кейіпкерге мінездеме береді;
  • мінездемеге мәтіннен дәлел тауып жазады;

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *