Тасбақа-төзімді жануар
Түркістан облысы,Арыс қаласы
С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сатылғанова Жұлдыз Кенжегуловна
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Тасбақа-төзімді жануар.
Қорғаған: Айдархан Нүргүл Азизханқызы 3 «Ә» сынып
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Қазіргі таңда көптеген адамдар итті, тотықұсты, мысықты, егеуқұрықты үй жағдайында күтіп ұстап өсіреді. Соңғы кезде жорғалаушыларды кесірткені, тасбақаны т.б өсіру қызығушылық тудырып отыр. Бұл тақырыпты алған себебім экзотикалық жануарды зерттей келе қызушылығым оянды, алған білімімді достарым мен сыныптастарыммен бөлісуді жөн көрдім.
Мақсатым: Тасбақалардың түрін, жасын, жынысын, суының құрамын,қоректенуін, мінез-құлық ерекшеліктерін бақылау негізінде олардың үй жағдайында күтіп ұсталуы туралы түсінік қалыптастыру.
Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер қойылды:
- Дала тасбақасының түрін анықтап, олардың ерекшеліктері туралы мәліметтер жинақтау;
- Тасбақаның жасын, жынысын,суының құрамын анықтау.
- Тасбақаның мінез-құлқын, коректенуін сыныпта бақылау.
- Сұхбат жүргізу.
- Сауалнамаларды қорытындылау.
- Зияны мен пайдасын анықтау
1.2 Тасбақа туралы түсінік. Батыс Қазақстан өңіріндегі
тасбақалар түрлері.
Жер бетіндегі ерекше тіршілік иелерінің бірі -тасбақалар. Олар орташа есеппен алғанда 200 жылдан астам өмір сүреді. Дала тасбақасы (лат. Testudo horsfieldii) – құрлықтасбақалары тұқымдасына жататын бауырыменжорғалаушы. Қазақстанда бұл тасбақа ШығысҚазақстаноблысының оңтүстігінде Ақтоғайстанцасы орналасқан Балқаштың солтүстік-шығыс жағалауына дейінгі аймақта кездеседі. Құмдауыт сары топырақты даланы мекендейді.
Карапакс, яғни, арқа сауыты 29 см, жалпы бауыр сауытын пластрон деп атайды. Аталығы аналығынан кішірек және арқа сауыты дөңесті, ұзындау құйрықты болады. Қалқанының жоғары жағы жасыл сарғыш, бауыры сарғыш келеді. Басы, аяғы және құйрығы жасыл қоңыр. Тұрқы 30 см-дей, мүйіз сауытпен қапталған. Салмағы 2,5 кг-дай. Аяқтарында 4 башайдан болады.
Қазақстанның оңтүстігінде шөл және шөлейтті аймақтарда кездеседі. Өзі қазып алатын інінің тереңдігі 2 м-дей, кейде кірпі, қосаяқ, сарышұнақтардың індерін де пайдаланады. Жылына 3 – 4 айдай ояу, қалған уақытта ұйқыда болады. Кәсіптік маңызы бар, Батыс Еуропа елдерінде тағам ретінде пайдаланылады. Тасбақалардың Қазақстанда 2 тұқымдасы: тұщы су тасбақасы және құрлық тасбақасы кездеседі. Жайық, Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында суда тіршілік ететін тасбақалар батпақ тасбақасы және Оңтүстік Қазақстан даласында кеңінен таралған ортаазиялық дала тасбақасы тіршілік етеді. Түсі сарғыш қызылтым, кейде жасылдау келеді.
Тұрқы 20см-дей, салмағы 2,5 кг. [5-6]
1.3.Дала тасбақаларының өмір тіршілігі.
Дала тасбақасы тіршілік қамын қатаң күндіз жасайды. Ыстық күндері таңертең және кешкі ымырт кезінде ғана жайылады. Ыстықта өсімдіктер түбіне, кеміргіштердің ініне тығылады. Бір күнде тасбақа 2 шақырымға дейін бара алады. Тасбақа, негізінен, көпжылдық шөптер мен түрлі өсімдіктердің балаусасымен қоректенеді, кейде қоңыздар мен бүйілерді де қорегіне жаратады. Тасбақалар ұйқыдан наурыз – сәуір айларында оянады. Мамыр айында шағылысып, аналығы бірнеше рет қайталап 10-16 жұмыртқа табады, оларды тереңдігі 15-20 см топырақ астына көмеді. Инкубациялық кезеңі 80-110 тәулікке жетеді. Жер бетіне келесі көктемде шыққан тасбақа балалары тіршілігін жер бетінде бастайды. Тасбақалар өте баяу өседі. Жыныстық жағынан 10-13 жылда жетіледі. Тасбақаның бұл түрі табиғатта 30 жылдай өмір сүреді. Наурыз айларында ұйқысынан оянып, сәуір – маусым арасында 2 рет ұйыққа түседі (1 – 4 жұмыртқадан салады). Өте баяу өседі. 65 – 100 күнде жұмыртқаны жарып шыққан тасбақалар келесі жылдың сәуір айында ғана інінен шығады. Көп жылдық шөптесін өсімдіктермен қоректенеді.
1.4. Тасбақа түрлерін салыстыру
№ | Алып тасбақалар | Батыс Қазақстан өңіріндегі тасбақалар |
1 | 2013жылғы қазақ энциклопедиясында 250 жуық түрі бар | |
Салмағы | ||
2 | Алып тасбақалардың салмағы 230 кг болса | Біздің өңірдегі тасбақалардың салмағы 2,5 кг |
Тіршілік етуі | ||
3 | Мұхит,теңізде,құрлық | Құрлық, тұщы су, тірі табиғат бұрышында, батпақта |
Қорегі | ||
4 | Шөптермен, балық,бақа, ет қоретенеді | Өсімдіктер, омыртқасыздармен қоректенеді |
Ерекшелігі | ||
5 | Тағам ретінде, медицинада пайдаланады | Біз тасбақаларды жемейміз.
Экзотикалық жануар ретінде қараймыз |
Қорытындылау: Бұл салыстыруды жүргізе отырып, менің тасбақамның салмағы, коректену жағынан алып тасбақаларға қарағанда тіршілік ету ортасына қолайлы және экзотикалық жануар ретінде үй жағдайында, сыныпта күтіп баптауға ыңғайлы.
ІІ. Практикалық бөлім.
2.1 Зерттеу жұмыстарының жүргізілуі.
Өзім тасбақаға деген қызығушылығым оянып , зерттеу жұмысын жүргізіп көру мақсатында «тасбақамды күтіп, баптап, тамақтандырып отыруымыз керек”-деп шештім. Бұл тасбақаға қандай ат қоямын? – деген сұрақ қойдым. Оған ғаламтордан есім іздедім.Патрик деген есім маған қатты ұнады. Міне 4 айдай уақыт өтті, Патрик туралы көптеген жұмыстар жүргізіліп, ол әлі күнге үй жағдайында өсіп тіршілік етіп келеді.
Зерттеуді үшінші сынып оқушыларының арасында сауалнама жүргізуден бастадым. Олардың тасбақаларға деген қөзқарасын анықтау мақсатында 4 сұрақтан тұратын сауалнама өткіздім.
3-сыныптың оқушыларымен жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша осындай нәтижеге қол жеткіздім. Оны төмендегі диаграммадан көруге болады.
Сауалнама сұрақтары:
1 Үй жағдайында қандай жануарларды күтіп, баптайсың?
2.Тасбақалардың қандай түрлерің білесің?
3.Оның қандай пайдасы бар.
- Облыстық экологиялық-биологиялық орталықта болдың ба?
Сауалнамаға қатысқан оқушы саны- 100 оқушы. [8]
Біздің мектептің 3сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді. Менің мақсатым осындай жорғалаушыларды үй жағдайында күтіп, ұстайтындар бар екендіктерін анықтау. Бұл сауалнаманы қорытындылайтын болсақ, 65% үй жағдайында өздері ұнатқан жануарлары бар екен. Оның 47 % – мысық, 65% -ит, 3% -тотықұс 3%-кірпі 2% *-тасбақа. Сонымен бірге өздерінің сүйкімді жануарларын өздері күтетінін айтты, ал қызыл құлақты тасбақаны 35 % үй жағдайында ұстауын ойланып қалды.
№ | Үй жануары | Оқушы саны | Пайыздық көрсеткіш |
1 | Мысық | 47 | 47% |
2 | Ит | 45 | 45% |
3 | Тотықұс | 3 | 3% |
4 | Кірпі | 3 | 3% |
5 | Тасбақа | 2 | 2% |
Барлығы | 100 | 100% |
2.Тасбақалардың қандай түрлерің білесің?
Құрлық тасбақасы -62оқушы, Су тасбақасы-38 оқушы.
- Оның қандай пайдасы бар?
45 оқушы – әдемілік үшін, 25оқушы – пайдасы жоқ, 30 оқушы- білмедім деп жауап берді.
- Облыстық экологиялық-биологиялық орталықта болдың ба?
78 оқушы – иә бардым, ал 22 оқушы – жоқ деп жауап берді.
Тасбақаның ерекшеліктерін жан – жақты білу үшін сонымен қатар 3-ші сынып оқушылары еңбекке баулу сабағында тасбақа мүсінің жасасақ, әдебиеттік оқу сабақтарында тасбақа туралы өлеңдер шығарып, «Ең әдемі тасбақа» атты сурет салу байқауы ұйымдастырылып менің тасбақаны зерттеуге деген қызығушылығымды оятты.[9-15]
Алдымен тасбақаларды зертттеу барысында зерттеу күнделігін жүргіздім. Күнделікті құрылған жоспарға байланысты дәптерге жазып отырдым.
№ | Мерзімі | Жасалынған жұмыстар |
1 | Қаңтар | Тақырыпты таңдау. |
2 | Қаңтар | Жоспарын құру, мақсат, міндеттерін анықтау. |
3 | Ақпан | Әдебиеттерге шолу. |
4 | Ақпан | Материалдар жинақтау. |
5 | Ақпан | Ғаламтормен жұмыс. |
6 | Наурыз | Бір күнгі ерекшелігін бақылау |
7 | Наурыз | Зерттеу жұмысын жоспарлау. |
8 | Наурыз | Сынып оқушыларымен сауалнама жүргізу |
9 | Сәуір | Экологиялық орталыққа барып тасбақа түрлерімен танысу,сұхбаттасу |
10 | Сәуір | Жанар Бақытғалиқызынан кеңес алу,кездесу |
11 | Сәуір | Қорытындылау |
Осы ізбен өлкеміздегі тасбақаларды зерттей жүріп қаламыздағы «Облыстық экологиялық-биологиялық орталыққа» барып, онда мекендейтін тасбақа түрлерімен таныстым.
Экологиялық –биологиялық орталықта тасбақалардың мынадай : Трионик африкалық және Қызыл құлақты тасбақалар мекендейді. Сол орталықтың зоология бөлімінің меңгерушісі Қауынбаева Фиягүл Кубинқызымен танысып қайттым. [16-19]
Осы орталықтан алған кеңестерім бойынша үйдегі тасбақамды зерттеуімді жалғастрып отырдым. Зерттеу барысында мектебіміздің ғылыми жұмыстар ұйымдастырушысы әрі жаратылыстану пәні мұғалімі Айтқалиева Жанар Бақтығалиқызымен сұхбаттасып біздің өңірдегі тасбақалар туралы мәлімет жинап білімімді шыңдадым. [20,21]
2.2. Түрі, жасы, жынысы,суының құрамы, мінез-құлық ерекшеліктері.
Тәжірибе №1
Патриктің түрін анықтауға тәжірибе жасадым.
Менің зерттеуімнен кейін бақылап және кітапханаға барып әдеби кітаптар оқыдым.
Бұдан жасаған қорытындым біздің тасбақалар шынымен дала тасбақалар түріне жатады және тасбақаны террариум мен аквариумде күтіп өсіруге болады. [22]
Тәжірибе №2 Оның жасы мен жынысы, сауытының ұзындығы.
Патриктің жасын және жынысын анықтауды бақыладым.
Зерттеуімнен кейін мен оның сауытын (карапакс) өлшеп, олар 30-50 жыл өмір сүргенде олардың сауыты 28-30 см болады екен және сауытындағы сақиналар арқылы анықтауға болады.Сакина санын 2 бөлгенде оның шамамен жасын анықтауға болады .Сатып алған тасбақаның сауытының ұзындығы 6см болды.
Жыл | Өсімі | |
1жыл | 6см | |
2жыл | Ұрғашысы 9см | Еркегі 8см |
3жыл | Ұрғашысы 14см | Еркегі 10см |
4жыл | Ұрғашысы 16см | Еркегі 12см |
5жыл | Ұрғашысы 18см | Еркегі 14см |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | |
Патрик | 6,8см | 7см | 7,2см | 7,2см |
Ал жынысын анықтауда еркек тасбақалардың пластроны тегісболып келеді ал ұрғашы тасбақаның пластроны ойыс болады екен. Біздің тасбақаларымыздың пластроны тегіс сондықтан олар еркек тасбақа.
Тәжірибе №3 Тасбақалардың сезім мүшелері.
Тасбақамды бақылағанда, оны есімімен атағанда бастарын көтеріп бағыттайды. Олар өте сезімтал жай сөйлессен, мұқият тыңдайды , ал сөйлей бастасаң сауытына тығылып қалады.
Тасбақалардың жарыққа,түрлі-түске әсерін бақылағанда Патриктің қозғалыстарын көреміз.
Тітіргендіргіштер | Тасбақаның іс-әрекеті | Тасбақаның жауап беруі |
Жарық | фонарик | Артқы аяқтарын созып,бастарын созады. |
Түрлі-түстер | Аквариум сыртынан түрлі-түсті қағазды көрсету. | Әсер етпейді |
Қатты дауыс | Ән қосу | Сауыттарына тығылып қалады. |
Айна | Айнаны жақындатқада | Оған мұқият қарап ,содан сон жақындай бастады. |
Қорытынды: Патриктің әр-түрлі заттарға тітіргендіруін қарағанда .Ол жағымды және кері әсер ететінін байқадым. Олардың жарыққа жақсы әсер етеді. ал қатты дауысқа, айнаға кері әсері болды.Түрлі-түстерге бейтарап қарап соңында қызыл және жасыл түсті көрсеткенде жақындайтын болды. Бұл олардың тамағы деп ойлады ма олар иіскелей бастады.
2.4. Тасбақаны тамақтандыру.
Зоодүкеннен дала тасбақаларын қоректендіруде қандай тағамдармен қоректенетінен сауалнамалар қойып тағамның түрлерімен таныстым.
Патрик өсімдіктер мен де жануар тағамдары мен де қоректене береді. Мен оған эксперимент жасап көрдім. Дүкеннен алынған дайын қорекпен қоретенгенді және орамжапырақ пен алманы ұнатады.Серуендегенді қатты ұнатады.Оған тиісті дәрумендерін екі аптада бір рет беріп отырамын.Апта сайын суға шомылдырамын.Төсенішін тазалап, жөргегін құрғатып тұрамын.Ол маған бауыр басып қалды.Табиғатта тасбақалар өсімдіктер мен де жануар тағамдары мен де қоректене береді. Мен оған эксперимент жасап көрдім. Пактрик қандай тағамды ұнататынын бақыладым. [22-24]
Күндері | Қоректері | Бақылау |
1күн | Дүкеннен алған тағам
Тұқым |
Жеді
Жеген жоқ |
2күні | Ет
Орамжапырақ |
Иіскеді жеген жоқ
Екі рет тістеді |
3күні | Алма
Оражапырақ |
Жеді
Екі рет тістеді |
4күні | Дүкеннен алынған тағам
Сәбіз |
Жеді
Жеген жоқ |
5күні | Мандарин
Балық |
Екі рет тістеді
Жеді |
6 күні | Ірімшік
Балық |
Жеген жоқ
жеді |
Бұл эксперементтен мен қорытынды жасадым. Патрик дүкеннен алынған дайын қорекпен қоретенгенді және балық пен алманы ұнатады.
ІІІ. Қорытынды
Галапагостық алып тасбақаларды теңізшілер консерві түрінде жеген. Тасбақалардың етін және жұмыртқасын тағам ретінде, медицинада пайдаланады. Үнділер оның сауытын соғыс кезінде қалқан ретінде қорғанған. Су тасбақасы адамдарды Филлипин аралдарында құтқарушылар келгенше аман алып қалған. 1967 жылы Қазақстаннан Париж бен Лондонға 43.000-ға жуық тасбақа жөнелтілген
Қалалық ВИД” ПРЕСТИЖ” оптикаға барып тасбақалардың сауытынан оправа жасалатынын білдік.”Citi senter”сувинерлі дүкенінен тасбақалардың шығыс елдерінде байлыққа , ұзақ өмір сүретін ырым деп білсек, қазақ халқы шалқасынан жатқан тасбақаны төңкеріп жіберсең адам бақ – дәулетке кеңеледі деп айтады.
23 мамыр Дүниежүзілік тасбақалар күні болып аталады.Бұл күннің мақсаты- адамдардың кесірінен тасбақалардың кейбір түрлерінің азайып бара жатқандығына қоғамның назарын аудару.
Тасабақалармен таныса отырып оны үй жағдайында тіршілік етуін бақылап, мынадай қорытынды жасадым:
- Тасбақалардың түрін анықтап, олардың ерекшеліктері туралы мәліметтер жинақтадым;
- Оқушылармен сауалнама жүргіздім.
- Облыстық экологиялық-биологиялық орталыққа барып ,онда мекендейтін тасбақа түрлерімен таныстым.
4 Тасбақа туралы мағұлмат жинап, сұхбаттар жүргізілді.
- Жанар Бақтығалиевнамен олардың тіршіліктерімен танысып , оның нақты салмағын,жөргегін ауыстыру қажет екенін білдім ,сауытының ұзындығын өлшеп экологиялық орталықтағы тасбақалармен салыстырдым.
- Тасбақаның мінез-құлқын, коректенуін бақылай отырып, дайын дүкеннен алынған тағаммен қоректенетінін білдім.
Ұсыныс:
- Бастауыш сыныптарында дүниетану сабақтарында,тірі табиғат бөлімінде қосымша материалдар ретінде қолдануға болады .
- Мектептерде тірі табиғат бұрышы ұйымдастырылып, сол бұрышта тасбақаларға орын бөлінсе оқушылардың экзотикалық жануарларға қызығышығығы оянып достасар еді.
- Оларды дұрыс жағдайда күтіп баптаса, онда олар ұзақ өмір сүре алады.
Сөзімді қорытындылай келе егер адам тірі табиғатқа еш көмек жасамаса олар жойылып кету қаупі бар, сондықтан оларды қорғауға алса нұр үстіне нұр болар. Сонда ғана біздің тірі табиғатымыздың орны ойсырамас еді. Ғылыми жұмысымды зерттей келе мен тасбақаны үй жағдайында және сыныпта күтіп ұстауы туралы жадынама беріп сыныптастарыммен бөлістім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ананьева .Н.Б Боркин.А. Я Орлов. Н.Л. “Амфибии и рептилий” Москва ; Руский язык 1988 г [200-560с]
- Бекенов.А.Б Бейімбетов. Ә.А ” Омыртқалылар зоологиясы” Алматы 2007 ж [ 34-35 б]
3.Бекенов.А.Б Мендебеков. А.М ” Казақстанның сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар жануарлары.”Алматы 2012ж. [135-140б]
- Даревский .И.С Орлов.Н. Л “Редкие и исчезающие животные”Москва; Высшая школа 1988г [463с]
- Есжанов Б.Е. Көбегенов С.С. “Жануарлар әлемі балалар энциклопедиясы” Алматы 2014ж [66-67б]
- Есжанов Б.Е. Олжабекова. К.Б. ” Тасбақалар отряды ” Алматы 2010ж
[134-136б]
- Сұлтанқұлов.Т.С “Хайуанаттар тіршілігінің ғажайыптары”. Алматы 1977ж [26-27б]
Қосымшалар
Қосымша 1 Қосымша 2
Колизавр Галапагос тасбақалары
Қосымша 3
Сәулелі тасбақаҚосымша 4 Африка тасбақасы
Қосымша 5 Дала тасбақасы Қосымша 6 Батпақты тасбақа
Қосымша7 Қызыл құлақты тасбақа
Мазмұны
І. Кіріспе………………………………………………………………………………………………1
ІІ. Негізгі бөлімі
1.2 Тасбақалар туралы түсінік Батыс Қазақстан өңіріндегі тасбақалар түрлері…………………………………………………………………………………………………2
1.3 Қызыл құлақты тасбақалардың өмір тіршілігі………………………………….3
1.4 Тасбақа түрлерін салыстыру …………………………………………………………..4
Практикалық бөлімі. ……………………………………………………………………..
2.1 Зерттеу жұмыстарының жүргізілуі ………………………………………………..4-6
2.2 Түрі, жасы, жынысы, мінез-құлық ерекшеліктері…………………………….7
2.3 Тасбақаның тамақтануы ……………………………………………………………….8
ІІІ. Қорытынды…………………………………………………………………………………….9
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………..10
Қосымшалар…………………………………………………………….. 11-14
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718