Өзіңмен үйлесімдікте
Кенжебекова Гулистан Аюбаевна
Ақтөбе қаласы, № 69 ЖББОМ
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Күні : Сыныбы: 10
Оқушылардың саны: 28 Тақырыбы: Өзіңмен үйлесімдікте |
|
Құндылығы: Ақиқат.
Қасиеттері: Парасаттылық, саналылық, шынайылық |
|
Сабақтың барысы:
Т – ережесі: Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып – білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды партаның үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 1. №6 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №7, «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» Абайдың нақыл сөзін басшылыққа ала отырып эссе жазу,сурет салу. Сұрақтар: 1. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» дегенді қалай түсінесіздер? 2. Сезімді қалай басқаруға болады деп ойлайсыздар? 3. Ақыл мен сезімді қатар ұстау адамды үйлесімділікке жеткізе ме? Себебін түсіндіріңіздер. |
|
3. Сабақтың дәйексөзі.
…Жүрегіңнің түбіне терең бойла.Абай Сұрақтар:1.Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер? 2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. Бәріміз қосылып 2-рет айту Дәптерге жазылады.
|
|
Мұғалімнің сыйы Адал қызметші Аңыз әңгіме Бір үлкен елдің президентінің Бек атты адал және сенімді қызметшісі болыпты. Ол өзінің міндеттерін жақсы атқарыпты. Бір күні Бек өзінің қожайынының үстелін ретке келтіріп жатқанда, бір бума қағаздың ішінен автоқалам құлап түседі. Бек оны көтерген кезде, қаламның ұшы сынып қалғанын көреді. Осы кезде бөлмеге қожайын кіріп, не болғанын көреді. Қалам оған досының сыйлығы ретінде өте қымбат болатын, сондықтан президент ашуланып, қызметшіге енді оның жұмыстан босағандығын айтады. Бірақ қожайынын қатты жақсы көретіндіктен, одан кеткісі келмейді. Ол қожайынынан өзін кешіруін өтінді. Бірақ қожайын айтқанынан қайтпады. Түнде президент осы оқиғаны есіне түсіреді де, ойланып қалады: «Бектің қателігі неде еді? Қаламның ұшы мен оны ашық, қағаздардың арасына тастап кеткендіктен сынды. Шындығында, Бек кінәлі емес, ол әрқашан шыншыл әрі маған берілген адам еді. Мен онымен өте дөрекі сөйлестім». Осындай ойлар оны қатты мазасыздандырғандықтан, ол ұйықтай алмады. Таң атқан соң, президент бірден Бекті шақыртады. Ол келген кезде, қожайын оған: – Бек, сен мені кешір. Мен кеше дұрыс істемедім, сенімен дөрекі сөйлестім. Бұрынғыдай жұмысыңды жалғастыра бер, – дейді. Бұл сөздер қызметшіге қатты әсер етеді. Ол өзінің қожайынын одан қатты бағалап, бұрынғыдан да жақсы көреді. Кейінірек ақылды президент осы мысалды басқаларға ылғи айтып отыратын болды, оларды біреуге ашу білдіріп, жазаламай тұрып, ойланып алуға шақыратын. «Ашу қабаған ит сияқты» ,оны іште қамап ұстау керек, әйтпесе ол ешбір кінәсі жоқ адамға қауіп төндіреді. Сондықтан біз кез-келген адамның қателесетінін, бірақ оны кешіре білу керек екенін ұмытпауымыз керек. Сұрақтар: Президент неге қатты ашуға булықты? Бектің әрекеті қандай? Президентті не мазасыздандырды? Неліктен президент кешірім сұрады? Бұл әңгімеден қандай ой қорытар едің? Адамды қандай қасиетеріне қарап шыншыл екенін байқаймыз? Адам баласын қалай тани аламыз? Жауапкершілікті болу әр адамның қолынан келеді ме? Өз бойларыңнан шындық іздейтін кездерің болды ма? |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Карандаштар арқылы топқа бөлеміз «Ойы, сөзі, ісі ізгі жандар» тақырыбында жоба қорғау |
|
6.Топпен ән айту.
Тек алға Сөзі: Р.Зайтов Әні: М.Арапбаева |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №7 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №8, «Құз басындағы аңшының зары» мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті.
Баяу музыка қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718