Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті. Сөйлеу мәдениетінің адам қарым-қатынасындағы рөлі

Альжанова Руфа Куанышкалиевна

Ақтөбе қаласы, №53 ЖББОМ

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Сабақ тақырыбы:

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті. Сөйлеу мәдениетінің адам қарым-қатынасындағы рөлі

Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 10 Қатысқандар: 24 Қатыспағандар: 0
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 10.2.5.1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу.

10.4.2.1. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын-кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, көтерілген мәселеге баға береді, мәліметтер мен пікірлерді өңдей алады.Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мәтінде көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға бере отырып, қайта өңдейді, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай түрлендіріп қолданады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәтінде көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға беріп, өмірмен байланыстыра отырып, өзіндік тұжырыммен қайта өңдейді, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай іріктеп, түрлендіріп қолданады.
Бағалау критерийі §  Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға береді;

§  Мәліметтер мен пікірлерді өмірмен байланыстыра отырып, қайта өңдей алады;

§  Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай түрлендіріп қолданады.

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:

§  Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

§  Көтерілген мәселеге баға береді, бүгінгі өмірмен байланыстырады;

§  Мәліметтер мен пікірлерді қайта өңдейді;

§  Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай түрлендіріп қолданады.

Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология: қоғам, өркениет, мәдениет, құндылық, сөйлеу мәдениеті, интонация, әуен, әуез, тембр, қарқын-кідіріс,т.б.
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

–          Менің ойымша…,

–          Қорыта келе айтарым…,

–          Бір сөзбен айтқанда…,

–          Сіздің пайымдауыңызша…,т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

–          Сөйлеу мәдениетінің қарым-қатынас барысындағы рөлі қандай?

–          Бүгінгі күнгі қоғамдық орындардағы сөйлеу мәдениетінің деңгейі қандай?

Құндылықтарға баулу Ойын дұрыс жеткізуге, мәдениетті сөйлеуге, рухани құндылықтарды бойға сіңіруге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Әдебиет, мәдениеттану, сөз өнері, шешендік өнер
Алдыңғы оқу

(4-5 минут)

«Таза тақта» әдісі арқылы жүргізіледі.

Оқушыларға өткен тақырыпқа қатысы бар сұрақтар  беріледі. Оқушылар жауап берген сұрақтар біртіндеп сүртіліп отырады. Барлық сұраққа жауап алынғанда тақта тазарып қалу керек.

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы

(5-6 минут)

Топқа бөлу

«Адасқан әріптер» әдісі арқылы топқа бөлу. Алдымен дара әріптер тасталады. Әр оқушы бір-бір әріптен алғаннан кейін «Өркениет», «Мәдениет», «Интонация» сөздері ортаға тасталып, оқушылар қолдарындағы адасқан әріптерді дұрыс орналастыру арқылы 3 топқа бірігеді.

 

Ой шақыру

       «Болжау» әдісі арқылы топ атауларын негізге ала отырып, жаңа тақырыпқа болжау жасайды.

 

Жетекші сұрақтар:

§  Өркениет,мәдениет, интонация сөздерін қалай байланыстырасың?

§  Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?

 

 

 

 

 

Мультимедиялық тақта, кеспе қағаздар

 

Ортасы

(20-25   минут)

Т.Ж. 1-тапсырма.«Талқылау»  әдісі

Мәтінді оқып, негізгі ойды анықта, көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға бере отырып, мәліметтерді қайта өңдеп шық.

 

Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж.Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан.

Сөйлеу мәдениеті әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады. Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады.

 

Жетекші сұрақ:

§  Сөйлеу мәдениетінің қарым-қатынас барысындағы рөлі қандай?

Дескриптор:

§  Мәтінді оқиды;

§  Негізгі ойды анықтайды;

§  Көтерілген мәселеге баға береді;

§  Мәліметтерді қайта өңдейді.

Кері байланыс: «Мөрленді»

Топтар бір-бірін бағалайды.

Р/с Түйін
1 Негізгі ойды анықтай алды
2 Мәселеге баға берді
3 Мәліметтерді қайта өңдеді

 

1.      Ж.Ж. 2- тапсырма. «Жинақтау» әдісі

Берілген мәтінді оқы, мәтінде кездесетін интонацияның құрамдас бөліктерін (әуен, әуез, тембр, қарқын-кідіріс)анықтап, талда.

Құнанбай:

–          Бәйбіше, үй серігім ғана емес, өмір серігім едің. Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің астында жүрсем де, артымда отырған бір бел өзің едің. Сенің айтар кінәң болса да, менің саған артар бір түйірдей назым жоқ. Адал жүрек, ақ бейілің үшін балаларыңның бағы ашылсын, – деді.

–          Мырза, мынадай сапарыңа кінә түгіл наз ертсем, оным білместік болар еді! – деп, күйеуінің бетіне салмақпен қарады. Ұлжан енді тең адаммен сөйлескен, ойшыл түске ауысты. Бұл уақытта оның өңі қайтадан өз ажарын тауып, біртүрлі нұрға балқып тұр еді. Кесек біткен сұлу, кең, дана пішін. Сөзін дамыта берді:

–          Жастықта адамға төсек те, үй де, тіпті дүние де тар екен. Ал егде тартып, зауал шағыңа бейімделген сайын дүние кеңейе береді екен. Өзің болсаң кішірейе беріп, айналаңда қуыс дүниені көп тауып, өзгеге орын босатып бергің келеді. Кінәң азайып, кешірімің көбейіп, суына бастайды екенсің. Осы көңіл мені жеңгеніне көп болған! – деп, біраз толас етті…

–          Әйел еркекке ене бауырындағы құлындай жанасып жүріп те, не шеттеп тайталасып жүріп те сүйеніп өседі. Ерден әйел жамандық та алады, қасиет те алады. Мінім болсын, өзгем болсын, бір жағы өзіңнен еді. Ұзақ дәурен кешіп келіп, бүгін сен ырзалық айтып аттансаң болады. Мен сенімен енді кінәласам ба, мырза?! – деді.

 

 

Дескриптор:

§  Мәтінді оқиды;

§  Интонацияның құрамдас бөліктерін анықтайды, талдайды.

 

Кері байланыс: «Бір ауыз сөз» әдісі

 

 

2.      Ж. 3- тапсырма. «Еркін жазу» әдісі

Шығармашылық жұмыс

Интонацияның құрамдас бөліктерін (әуен, әуез, тембр, қарқын-кідіріс) түрлендіре отырып, берілген тақырып бойынша өзіндік көзқарасыңды білдір.

 

1-топ мүшелеріне:«Өркениет және құндылықтарымыздың қазіргі көрінісі».

2-топ мүшелеріне:«Автобустағы сөйлеу мәдениетінің деңгейі».

3-топ мүшелеріне:«Дауыс мәнерінің шешендіктегі рөлі».

Дескриптор:

§  Интонацияның құрамдас бөліктерін қолданады;

§  Өзіндік көзқарасын білдіреді;

§  Сөйлеу мәдениетін сақтайды;

§  Дұрыс сөйлеуді үйренеді.

Кері  байланыс: «Комментарии» әдісі бойынша мұғалім оқушыларды бағалап, ең үздік жазылған жұмысты анықтайды.

Oqu-zaman.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Абай жолы» роман-эпопеясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы

(5-10 минут)

Сабақ соңында оқушылар «Интервью» әдісі бойынша ой-тұжырым жасайды.

§  Бүгінгі күнгі қоғамдық орындардағы сөйлеу мәдениетінің деңгейі қандай?

§  Сөйлеу мәдениетін сақтау үшін не істеу керек?

  Рефлексия: «3/3» әдісі

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін әуелі 3 сөйлеммен айтады, сосын үш сөйлемдегі ойын 3 сөзге сыйғызып, сабақтың түйінін бекітеді. Мысалы: -Маған бүгінгі сабақ ұнады. Сабақтан сөйлеу мәдениетінің рөлі туралы түсіндім. Интонация түрлері  туралы білдім.Білдім. Түсіндім. Ұнады.

Қосымша ақпарат Қазақ би-шешендерінің сөз саптауы, сөйлеу мәдениеті туралы іздену.

 

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Сабақ барысында саралау тапсырмасы шығармашылық жұмыста қолданылды. Жұмыс барысында қабілеті төмен оқушыға ойын жүйелеуге, білгенін жинақтауға сұрақ қою арқылы қолдау көрсетілді.

 

Оқушы білімін бағалау мақсатында топтық жұмысқа «Мөрленді» әдісі бойынша кері байланыс жасалып, әр топ бірін-бірі бағалай алды. ӘТН тапсырмасына «Бір ауыз сөз» кері байланысы жасалып, әр топ жұмыстарының нақты бағасын берді. Шығармашылық жұмыс барысында мұғалім тарапынан «Комментарий» әдісі қолданылып, оқушылар жұмысы бағалана отырып, үздік жұмыс анықталды. Кері байланыс жасау барысында оқушылардың өз жұмысына деген сенімділігі байқалды. Сабақ барысында денсаулық және қауіпсіздік шаралары сақталды. Сабақ мәдениеттану, сөз өнері, шешендік өнер, әдебиет пәндерімен байланыса отырып, оқушыларды

ойын дұрыс жеткізуге, рухани құндылықтарды бойға сіңіруге, мәдениетті сөйлеуге бағытталды. Сабақ барысында қосымша ресурстар (мультимедиялық тақта, оқулық, кеспе қағаздар) пайдаланылды.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

 

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Сабақ мақсатына негізделіп құрылған тапсырмалар толық  іске асты. Бүгінгі сабақта оқушылар мәдениетті сөйлеудің қоғамдағы маңызын ұғып, интонацияның құрамдас бөліктерін дұрыс қолдануды білді. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар саралау тапсырмаларын өз деңгейінде орындады. Уақыт тиімді пайдаланылды.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:«Талқылау » әдісі

2: Топтық жұмысқа бағытталған кері байланыс.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:Сабақ мақсатын дұрыс қою

2:Кері байланыс

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:Жаңа тақырыпқа тиімді әдіс-тәсілдер қолдану

2:Оқушылардың ұсыныс-пікірлерін басты назарда ұстау.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *