Есту арқылы дыбысты ажыратуын қалыптастыру
Алматы қаласы
Алатау ауданы
№177 бөбекжай – балабақшасы
Логопед: Темірбекова Гүлбану Мырзаханқызы
Тақырыбы: Есту арқылы дыбысты ажыратуын қалыптастыру
Бала есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әртүрлі дыбыстарды қабылдап талдайды.Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдарменсөзарқылы қарым-қатынас жасайды. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдіктісезеді.
Есту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін құлақты сабындап жылы су мен жуып тұру керек. Әдетте, құлақтың сыртқы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлықшаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішкеөткізбей қорғаныштыққызмет аткарады .
Біздүниедегізаттар мен құбылыстарды белгіл ібір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегізаттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты.
Есте сақтау қабілеті әр адамда әрқалай болады. Біреулерде есте сақтау қабілеті механикалық түрде, кейбіреулерде жүйелі түрде болады
Есте сақтау қабілетін дамытуда мынадай ережелерді ұстанғанымыз жөн.
Бірінші ереже салыстыру. Яғни біз бірфактні есте сақтауымыз керек болса, онда міндетті түрде басқа бір фактімен салыстыруымыз керек.
Екінші ереже ол – ұқсату. Мысалы ағылшын тілінде сөзді жаттауымыз керек б олды. Мынадай сөзді алайық: tear – қазақша баламасы жас. Бірақта оқылуы қазақша тир сөзіне ұқсас. Мен тирда атайындеп едім, көз жасым кедергі болды.
Үшінші ереже – жүйелі түрде ассоцияциялау. Мысалы бірсөздер тізбегін орнынауыстырмай жаттау керек болса, мынадай әдісті қолданамыз. Ол сөз тізбегі. Маса, қылыш, мысық, сабан, сым, дақ. Бұған мынай әңгіме құруға болады. Ұшып бара жатқан масаны көрдім. Масаның бүйірінде қылышы бар екен. Қылышының басы мысыққа ұқсас екен. Мысықтың мұрты сабан сияқты. Сабаннан сым тоқыдым. Сымымды бұлғап, дақт үсіріп алдым. Осындай әңгіме құрып үйретуа рқылы, баланың қиялын дамытамыз және есте сақтау қабілетін дамытамыз.
Есту арқылы есте сақтау қабілетін және дыбыстарды ажыратуын қалыптастырға арналған жаттығу.
Нұсқау: қазір сіздерге мынандай сөз тізбектері оқылады(балалардың көздерін байлап қоямыз).Сіздер мұқият тыңдап, естеріңізде қалдыруға тырысыңыздар. Мен 2 рет тыңдатып, қайталаймын (салмақ тастау арқылы айтылған дыбыстар, аң-құстардың дыбысын естірту,сылдырмақ, судың дыбысы,т.б)
1) ДДД 2) Сиыр 3) Сылдырмақ
Ра – ро Ат Домбыра
Ти – ту Тауық Ыдыстарды соғыстыру
Жиа – шиа Мысық Шапалақтау
Са – за ,ку – ту, т.с.с
Ойынды ойнату арқылы баланың қызығушылығы артады, дыбыстарды ажырата біледі және баланың есту қабілетінің деңгейін анықтаймыз. Себебі баланың естуінде кедергілер болған жағдайда бала дыбыс орнын ауыстырады, анық естімегендіктен бір іске деген мән берушілігі төмендейді,ойын толық жеткізе алмай балада іштей комплекс пайда болуы мүмкін. Алдын алу үшін жоғарыда көрсетілген ойын балаға үлкен көмегін тигізеді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718