Кітап-сарқылмас рухани қазына (мектепішілік сынып сағаты)

Кітап – сарқылмас рухани қазына
Мақсаттары:
1.Білімділік: «Кітап – сарқылмас рухани қазына», – дегендей, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
2.Дамытушылық: Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.
3.Тәрбиелік мәні: Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
4.Керекті ресурстар: кітап көрмесі, ұлы адамдар кітаптары, интербелсенді тақта, балалар ақын-жазушылар суреттері мен оқу-білім туралы айтылған сөздері.
5.Барысы: Ұйымдастыру.
Кіріспе әңгіме.
Мұғалім: Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін, –
деп, Мұзафар атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі , рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзаттың мәдениетімен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды. Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге тәрбиесінен әсер аламыз. Оқыған – тоқығаның көп болса,женбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ.
«Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар», – деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ендеше кітап біздің сарқылмас байлығымыз екен.
1-бөлім:
1-оқушы: Мен адамның досымын.
Менің атым кітап.
Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді.
Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағашты қағаз қылып шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды басып, кітап етіп шығарады.
2-оқушы: Кітап заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап сендердің дүние танымдарыңды кеңейтіп, әңгімелермен сыр шерткен, кітап -сенің ақылшың.
3-оқушы: Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлік.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ғой, қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит.
Оқысақ кітап сырын ашып терең.
Ән. Кітап-білім бұлағы.
4-оқушы: Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі болуы мүмкін. Ол үшін терең білім,ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білуі үшін, кітапты көп оқу керек.
Кітап қағазы ағаштан жасалады. Кітап жасау үшін көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.
5-оқушы: Біздің елімізде бірде-бір бала мектептен тыс қалмайды.Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы заң» қабылданған.
6-оқушы: Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап басатын әріп теретін машиналарды ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап басып шығару ісі механикаландырылған.
7-оқушы: Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңід бөлінеді. Оған қыруар қаржы жұмсалады.
8-оқушы: Оқулықты бүктеп, жыртып, бүлдіруге болмайды. Өйткені әр кітап- отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері.
9-оқушы: 10-оқушы:
Саған білім жемісін. Орманшының аялы,
Оқулығын береді. Алақаны өсірген.
Талай адам сол үшін, Сансыз ағаш саялы.
Маңдай терін төгеді. Қағаз үшін кесілген.
11-оқушы: 12-оқушы:
Ағаш кесіп қанша адам, Машинист боп жасынан
Ормандарда жүреді. Дүбірлетіп даланы
Аға қанша шаршаған, Сол ағашты тасыған
Ағаш тиеп үнемі. Білер ме көп ағаны.
13-оқушы: 14-оқушы:
Заводтарда күн-түні Оқулықты баршаға
Қағаз жасап бағалы. Талай ғалым қолға алып
Қанша адам кім үшін Жылдар бойы қаншама
Маңдай тері тамады. Жазады ұзақ толғанып.
15-оқушы: 16-оқушы:
Әдемілем берсем деп Әріп теру үшін де
Бояу жағып не түрлі Талай адам терледі
Суретшілер көркемдеп, Баспахана ішінде,
Қанша уақыт отырды. Айлап тыным көрмеді.
17-оқушы: 18-оқушы:
Оқулықты мектебім Оқулығың, құралың
Берер саған теп-тегін. Жағар білім шырағын.
Білмейсің-ау сен бірақ, Баса алмайсың ешқашан
Қаншама еңбек еткенін. Онсыз алға бір адым
19-оқушы:
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке.
20-оқушы:
Кітап- адам өмірінде аса маңызды роль атқарады.Ол елді, жерді сүюге,талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке,төзімділікке баулиды. Кітап- жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.
21-оқушы: Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысын да пайдаланады, одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап-біздің рухани жан азығымыз.
Қазір балалар әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау кітапханашы апайға сөз беріледі.
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», С.Оспановтың «Ағаш ат» атты кітабына шолу.
Өздеріңе белгілі 1997 жылдан бастап төл оқулықтар шыға бастаған. Осындай көптеген еңбекпен келіп, түскен оқулықтарды қыркүйек айында сендердің сыныптарыңа 263 дана оқулық 41184 теңгенің оқулығы сендерге таратылады. Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңлы болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар. Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік.
2-бөлім. «Кітаптар мұңы»
Көрініс.
Беттерін шаң басқан бір топ кітаптар бөлменің бұрышында жатыр. Көзін сығырайта ашып, бір кітап жан-жағына қарады.Аздап керіліп, жанындағы кітапқа:
-Ей, тұрсаңшы! Біз қайда келдік? Тірімісің өзің?
-Ой, мазамды алмашы. Өйткен тірлігі құрысын! Бұдан да парақтарымның жыртылып, желге ұшып кеткенім жақсы еді ғой.
-Не болды соншама? Жалғыз сен деймісің?
Сосын келесі жағына бұрылып:
-Сен кімсің,сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің?
-Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанымен ішім түтін. Сауат ашумын. Мені басып шығару үшін қаншама адам баласы еңбек етті. Балалар әдемі болсын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрнікі. Мен де өзімнің біліміміді беруге тырыстым.
-Бәріміз де сондай ниетте едік. Адырбай деген баланың қолына түстім. Бір жыл болмай осы күйге түстім.
-Мен Сотқарбай деген баланың кітабымын. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда қой демеді ғой үлкен ағасы.
-Онда мұңдас болдық қой, достым! Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлайды.
-Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті бала көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуіміз парталас болдық. Соның иесін айт, оқушы деп!
Бүлдірмек түгіл шаң мен кір жуытпайды.
-Енді алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап, отқа жағар?! Кітап шығару үшін көп қаржы керек. Жанашыр балалар бізді түптеп қажетке жаратар.
-Бәріміздің де арманымыз сол. Білімге қызығатын ұқыпты балалардың қолына түссек екен.
-Иә, достар, кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін!
Мұғалім: Міне, балалар арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз
қарайтын балалар да кездеседі.
Кітапты ұстау ережесі.
1.Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым-білімнің көзі, тәртіп пен тәрбиенің құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсіну керек.
2.Кітапты күнделікті үзбей оқып дағдыға айналдыр. Ол үшін күніне кітап оқуға 3-4 сағат бөлуді жоспарла.
3.Кітапты қалай болса, солай оқымай, оларды белгілі мақсатпен жоспар бойынша оқуға дағдылан.
4.Барлық кітапты үнемі бірдей тәсілмен, бірыңғай жолмен оқуға болмайды.
5.Кітапты ас ішіп отырып оқыма. Кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
6.Кітап оқығанда ойға сақтауға, керектерін жатқа айтып беруге, керекті сөздерді жазып алып, өмірде пайдалануға әдеттен.
7.Кітапты көп оқысаң, сөз байлығың ьолайып, сөйлемдерің мәнді де өткір, ойлау қабілетің терең болады.
8.Кітаптағы түсініксіз жерлерде қайта-қайта бірнеше ойланып, талдау жасап оқып, оның қиындығын жеңе біл.
9.Кітаппен қоса Ұлан, Ақ желкен, Балдырған газет-журналдарына да жазылып, біліміңді көтер!
3-бөлім. Кітап емханасы.
Мұғалім: Біз кітаптан бар жақсылықты аламыз. Оған біз де көмектесуіміз керек.
Дәрігер: Құралдары: қайшы, желім, қағаздар, ине, жіп, мата.
Кітапханашы келеді ( қолындағы кітаптары, кітаптың ауруын анықтап беруін сқрайды)
Дәрігер: Балалар, адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктердің ауыратыны сияқты, кітаптар да ауырады.
Кітаптарда мынадай ауру түрлері болады:
1.Туғаннан пайда болған аурулар. ( баспадан дұрыс басылмаған)
2.Қартайғаннан болатын аурулар. (көп жыл ұсталған)
3.Жұқпалы аурулар (жыртылып, сия төгіліп немесе май қолмен ұстау.т.б.)
4.Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын (терезенің алдында күнде көп тұруы немесе ылғал, дымқыл жерде сақталуы).
5.Бақытсыздықтан ( кездейсоқ) болатын аурулар (жығылып батпаққа былғануы, жыртылуыт.б.)
Дәрігер кітаптың ауруын анықтау үшін тексеруден өткізеді.
А) Кітапты шешіндіреді.
Ә) Cыртқы қабын шешіндіреді.
Б) Форзацты қарайды.
В) Рентгенге түсіреді.
Осылар арқылы кітаптың диагнозын айтады.
1)Судың әсерінен ішкі беттерінің былғануы, парақтарының бүктелінуі-бұл жеңіл емделетін аурулар.
2)Насекомдардың зияны әсерінен,сырқы қабының бүлінуі, форзацтың жыртылуы, түбінің ажыруы, парақтарының босап қалуы- бұл ауруларды дәоігер мен уітап емшілері операция жасау арқылы емдейді (көрсету)
Қорытынды бөлім.
Кітап туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбаұ, жаңылтпаштар айтып, талдау.
Мұғалім: Біздің Қазақстанда Ұлттық Мемлекеттік кітапхана, яғни бас кітапхана жұмыс
істейді. Ал, облыс аймақтарын алсақ, Семей қаласында «Абай» атындағы кітапхана»
жұмыс істейді. Кезінде Абай атамыз сол кітапханадан кітап алып оқып,орыс ғалымы,
саяхатшысы Достаевскиймен танысқан. Өзіміздің Алматы қаласында үлкендерге,
балаларға арналған кітапханалар жұмыс істейді.
Әрбір мектепте балалар кітапханасының оқушыларға білім негіздерін сапалы
Меңгертуге, жан-жақты тәрбие беруге әдеби шығармалармен таныстыруда атқаратын маңызы зор.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *