Негізгі және туынды зат есім

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Өнер»

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы Негізгі және туынды зат есім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу  мақсаттары

 (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар жасай алады:

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Құндылықтарды дарыту Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар Дүниетану, қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім 5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Жаңа топ құру

«Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері

Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады.

Жыл мезгілдері

4 жыл мезгілдерінің суреттері жасырын қойылады, Әр оқушы бір-бірден жасырын қағазды алады. Сурет бойынша топқа бөлінеді.

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

(Ө; Қ) Миға шабуыл

Жаңа сабаққа кіріспе. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақтардан игерген білімдерін пысықтайды:

–          Зат есім дегеніміз не?

–          Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

–          Дара зат есем дегеніміз не?

–          Күрделі зат есім дегеніміз не?

–          Жалпы есім дегеніміз не?

–          Жалқы есім дегеніміз не?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

 

 

 

 

 

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

 

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

 

 

 

 

Сабақтың ортасы Ширату тапсырмасы.

3.2.3.1 (МК; Ө) Мәтінді тыңдау.

21-жаттығу. Оқушыларға «Ананың асыл арманы» мәтіні тыңдатылады. Түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.

(Т; Қ) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру. Сұрақтарға жауап беру.

Оқушылардың оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған «Аквариум» стратегиясы бойынша сынып екі топқа біріктіріледі. Сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Екінші топ мәтін мазмұнымен жұмыс жасайды.

(Т; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау.

Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне

ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

(Ж; Қ) Мәтін кейіпкерлерін сипаттау. Оқушылар мәтіндегі кейіпкерлерді анықтап, олардың іс-әрекеттеріне талдау жасап, мінездеме береді. Мәтін мазмұны бойынша өз пікірлерін білдіреді.

(Ө; Қ) Пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды толықтыру.

Мұғалімнің басшылығымен мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды оқып, толықты- рады. Орындаған жұмыстарын топта жариялайды.

(Ө; Ұ; Қ) Қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талдау.

Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талдайды.

Оқулықта берілген жаңа ақпарат оқытылып, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Негізгі және туынды зат есімдер туралы түсінік беріліп, игерген білімдерін мысалдар келтірту арқылы бекітеді.

3.1.3.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Мақалды қатесін түзеп көшіріп жазу.

22-жаттығу. Оқушылардың сыни ойлауын, оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған «Детектив» стратегиясы бойынша іздену жұмысы ұйымдастырылады. Оқушылардың назары мақалға аударылады. Мақалды оқып, қатесін тауып, қайта құрастырып жазады. Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

3.1.2.1 (МК; Ө; Т; Қ) Өлеңді оқу. Өз ойын жүйелі жеткізіп, сөйлеу барысында тілдік

нормаларды дұрыс қолдану.

Дескриптор:

o    Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

o    Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

o    Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ  арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Белсенді оқу тапсырмалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

Сабақтың соңы (Ө; Ж; Қ ) Жасырынған мақалды табу. Мағынасын талдау.

Құпия жазылған мақалды сағат тіліне қарсы бағытта оқиды.

Шешуі: Өнерлінің өрісі кең.

Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мақалдың мағынасына талдау жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты мұғалімнің басшылығымен бағалайды. (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс.

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім

 

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары  арқылы білдіре алады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының   сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *