Ұжымдағы қарым-қатынас мәдениеті
№68 ЖОББМ
2019-2020 оқу жылы
Ұжымдағы қарым-қатынас мәдениеті
Педагог-психолог: Г.А.Жұмахметова
Шымкент
Жоспар
1. Кіріспе сөз
2. Танысу тренинг «Жапон әліппесі» жаттығуы
3. «Өзіңді білгің келсе» жобалақ тест
4. «Аңдар мен жәндіктер » жаттығуы
5. «Паравоз» ойыны
6. Топтық жұмыс жағдаяттан шығу жолдары
7. «Күш иесі бірлік» бейне ролик
8. Қорытынды.
Мақсаты: Мұғалімдерді өз-өзімен, өзіндік жеке ерекшеліетерімен таныстыру, мұғалімдердің қарым-қатынастарын нығайту, дамыту, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру.
1. Кіріспе: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгінгі көңіл-күйлеріңіз қалай? «Ұжымдағы қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбындағы семинар-тренингке қош келдіңіздер!
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, , түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс, толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан да адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз әрекеттерден өзімізді аулақ ұстауымыз қажет. Себебі, мектеп білім ордасы. Мектепте мұғалім этикасын сақтап, шәкірттерімізге жақсы үлгі-өнеге көрсетуіміз керек.
2.Танысу тренинг «Жапон әліппесі» жаттығуы
А,Ә-ка Б-зу В-ру Г,Ғ-жи Д-тэ Е-ку
Ж- су З-з И,Й-ки К,Қ-мэ, Л-та М-рин
Н-то О,Ө-мо П-но Р-ши С-ари Т-чи
У-до Ц-ми Ш,Щ-хи Ч-кэ І,Ы,-зук Х-ри
Ф-лу Э-мэй Ю-фу Я-на
Мұғалімдер осы әліппе арқылы өзденің есімдерін жапон тіліне қасына сын есімді қосып оқып шығу керек. Мысалы: Майра мейірімді жапон тілінде Ринкакишика ринкукизукшизукринтэзук .
Бұл жаттығуда мұғалімдердің тез түсіне білу, қабылдау деңгейімен өзге тілдерді тез меңгеруге деген қабілеттіліктеріңіз және жылдамдықтарыңыз анықталады.
3. «Өзіңді білгің келсе» жобалақ тест
Мақсаты: мұғалімдер жобалақ тест арқылы өздерінің мінез-құлықтарымен жекелік қасиеттерін біле алады.
Нұсқау: А4 фарматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылады. Болған соң салынған суреттеріне қарай талданады.
Сурет салу: тау, үй, ағаш, жол, сақина.
Тау – егер доңғалақ болса, мінезі жұмсақ, мейірімді сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, , тік мінезді. Егер аралас болса, тау басында қар болса, мінезі тез өзгереді.
Үй – суретте ағаш үй салса арманы орындалады. Егер бір терезе салынса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе және жапқыштары болса, мінезі тұйық, өзіне сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, , түтіні шығып жатса, әңгімеге жақын өсекқұмар адам.
Ағаш – біреу болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп көңіл аударады. Ағашыңыз қанша мықты әдемі салынса, қоршаған әлемді сүйеді және сұлулыққа жаны құмар .
Жол – үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс жатса жолы ауыр. Гер жол үйдің есігінен шықса , тапқан табысын үйге әкеледі. Жол сыртта болса, айналасына тарататын адамдар.
Сақина – көзсіз болса қонақ шақырғанды, қонақ келегнді ұнатады. Көзі болса, болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.
4. «Аңдар мен жәндіктер » жаттығуы
Нұсқау: мұғалімдерге ақ қағаз таратылады. Мұғалімдер әр қатарға өздеріне ұнайтын аңдар мен жәндіктердің атауын жазады. Саны 6 болуы керек. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді мұқият тыңдайды. , оқылған сөйлем арасында өзі жазған сөздерді рет-ретімен оқып отырады. Яғни өзінің кім екенін анықтау.
1. Мені жұрт ……………. деп ойлайды.
2. Мені …………………… деп ойлағанын қалаймын
3. Дәл өзім ………………
4. Мен жұмыста …………..
5. Жолдасыңыздың алдында ……………
6. Негізі ……………..
5. «Паравоз» ойыны
Мақсаты: ұжымда бір-бірімен жағымды қатынас қалыптастыру және мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеру.
Нұсқау: мұғалімдер бір қатарға тұрады. 1,2 сандарын кезек қайталап айтады. 1 санын айтқан мұғалімдер 1қадым алға жылжиды. Мұғалімдер еке топқа бөлінеді. Бірінші топ- қолдарын бір рет шапалақтап, оң аяқтарын 2рет жерге қағады. Екніші топ- қолдарын 2рет шапалақтап, оң аяқтарын бір рет жерге қағады. Осылайша ойын жалғасады. Шатасқан ойыншылар үшінші топқа бірігеді.
5. Топтық жұмыс жағдаяттан шығу жолдары
Мұғалімдер поровоз ойыны бойынша 1-ші, 2-ші, ойыннан шатасқандар 3-ші топқа бөлінеді. 3 топқа тапсырмалар беріледі. Мұғалімдерден әр топтың белсендісі сайланып постер қорғайды.
1-топ: Сіз сынып жетекшісісіз. Сабақ барысында белгілі бір себеппен пән мұғаліміне оқушылардың алдында қатты дауыстап, ашуландыңыз, айқайладыңыз. Пән мұғалімімен келіспеушіліктер орын алды. Оқушылар болған оқиғаға таң қалды. Осындай жағдайдан қалай шығасыздар? (Қатысушылар рөлге еніп ситуациядан шығуы керек).
2-топ: Сіз пән мұғалімісіз. Сіздің бүгінгі сабағыңызға аяқ астынан 2-3 ата-ана келіп қатысты. Сіздің сабаққа дайындығыңыз төмен болатын, көрнекілігіңіз бен техникалық құралдарыңызда жоқ. Осындай жағдаяттан қалай шығар едіңіздер? (Қатысушылар рөлге еніп ситуациядан шығуы керек).
3-топ: Сіз бірлестік жетекшісісіз. Сіздің бірлестігіңіздегі мұғалімдер арасында жұмысқа салғырт қарайтын, түсініктеме көп жазатын, пән мұғалімдерімен тіл табыса алмайтын әріптесіңіз бар. Өз бойындағы осы кемшіліктерді мойындағысы келмейді. Осындай бебептерден екеуіңіздің араларыңыз келіспеушіліктер орын алды. Осындай жағдайдан қалай шығар едіңіздер? (Қатысушылар рөлге еніп ситуациядан шығуы керек).
7. «Күш иесі бірлік» бейне ролик. Құрметті әріптестер бейне роликтен алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер.
Қазақ даналығы бірлік болмай- тірлік болмас,- деген. Сондықтанда барлығымыз бір ұжымда бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс жасасақ алар асуымыз көп болатынына сенімдіміз!
8. Қорытынды.
Ғабиден Қожахмет ақынның «Ұжымдас әріптес тілегі» өлеңін қабыл алыңыздар!
Бір ұжымбыз, бір мақсатта бірлестік,
Мамандармыз болмайды істе білместік.
Бірімізге тілекшіміз бәріміз,
Жүрмейді мұнда педешілік күндестік.
Шын тілекші саған бүгін екен ел,
Жұмысыңда жетістікке жете бер.
Биіктерден қол бұлғасын марапат,
Төккен еңбек әрқашанда өтелер.
Әрбір күнің сеніміңді ақтасын,
Аман болсын өз отаның- отбасың.
Тәжірибең тың ойларға жетелеп,
Басыңызға қона берсін бақ құсым!
Құрметті әріптестер бүгінгі «Ұжымдағы қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысып, өз ойларыңызбен бөліскендеріңізге рахмет! Әрдайым бірлігіміз берік, ұжым ұйымшыл болсын деп тілек білдіреміз!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718