Үй жануарлары

ФИО:Полатова Индира Дуйсенбаевна

Қала: Шымкент қаласы

Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосалқы мектеп-интернаты» комуналдық мемлекеттік мекемесі

  Қызметі: мұғалім-дефектолог

  Тақырыбы: «Үй жануарлары»

 

Тақырыбы: Үй жануарлары.

Мақсаты:

Білімділік:Үй жануарлары және  олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары жайлы түсініктерін ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық:Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойын арқылы сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері,  боямақтар

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, орындарына отырғызу. Оқушыларды түгелдеу.

– Қазір жылдың қай мезгілі?

– Қазір қай ай?

– Бүгін аптаның қай күні?

 

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Дене мүшелері: Олардың атқаратын қызметі:

Аяқ            мұрын

Қол            ауыз

Көз             мойын

Құлақ

III. Жаңа сабақ:

Үй жануарлары адамның жанында өмір сүреді.Адамдар оларды күтіп жем-шөптерін дайындап береді. Балалар сендер үй жануарларын көргілерің келе ме ?

Онда бәріміз қазір жайлауға барамыз.

Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Жақсы балалар.

Балалар сендердің ата-аналарың бар, сендер олардың балаларысыңдар,сол сияқты үй жануарларының да өз балалары бар екен. Біз оларды төлі деп атаймыз.  Енді балалар төрт түліктің төлдерін атайықшы:

Сиыр-бұзау, жылқы-құлыншақ, қой-қошақан, ешкі-лақ, түйе-бота. Балалар бұл үй жануарлары қалай дыбыстайды.Соны атап көрейік.Сиыр мөңірейді, жылқы кісінейді, ешкі маңырайды,     түйе боздайды, қой маңырайды.

  1. Сабақты бекіту

Сурет бойынша төлдерін ажырату:

Сиыр                                  құлыншақ

Түйе                                   бота

Қой                                     лақ

Ешкі                                   қошақан

Жылқы                               бұзау

Әр балаға төлін ажыратуға жеке тапсырма беру, сызба арқылы көрсету.

 

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

1,2,3 бойға жина күш.

 

Дыбыстардан қандай үй жануар екенін айту.

  1. Сабақты қорыту:

Үй жануарларының қандай пайдасы бар

Сиыр – сүт, қаймақ, құрт, ірімшік жасаймыз.

Түйе – жүк тасиды, терісінен киім тігеді.

Қой, ешкі – түбітінен киім тоқиды.

Балалар малды күтіп баптауымыз керек.

– Малды аяқпен тебуге болмайды.

– Малдың сүтіне түкіруге болмайды.

– Малды бастан ұруға болмайды.

  1. Оқушыларды бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысуларына және жауап берулеріне қарай мақтап, мадақтап бағалау.

VII. Үйге тапсырма: Үй жануарлары.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *