Түркістан облысы
Арыс қаласы
№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі
Мектепалдыдаярлық тобының тәрбиешісі:
Спатаева Ботакоз Жумабаевна
| МАД | Тәрбиеші:Спатаева Б | пәні:сауат ашу | күні: | ||
| Тақырыбы | Я дыбысы және әрпі | ||||
| Сабақтың мақсаты | Білімділік: Я дыбысы мен әрпін таныту. Оқушыларға Я дыбысы арқылы берілген сөздерге дұрыс оқып, жаза білуге үйрету. Дамытушылық мақсаты: Я дыбысы естілгенмен Я әрпі жазылатын ережені ұстана отырып,білімдерін қалыптастыру. Әр түрлі тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын дамыту.Оқушының ой-өрісін, тілін,танымын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Әдемі жаздыра отырып, әдемілікке,тазалыққа тәрбиелеу. |
||||
| Көрнекіліктер | Сабақтың көрнекілігі: Я әрпінің баспа және жазба түрі, қима әліппе, суреттер, текшелер, құстың ұясы бейнеленген суреттер | ||||
| Іс-әрекет кезендері | Тәрбиеші әрекеті | Балалардың іс — әрекеті | |||
|
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
|
Оқушылармен амандасу,шаттық шеңберін құру. -Армысың, шапағатты күніміз -Армысың, мейірімді жеріміз -Армысың, табиғат анамыз Келді Сізге өзіңіздің балаңыз |
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды. | |||
| Ұйымдастыру іздестіру
Жаңа сабақ
|
1-тапсырма. Жұмбақ шешу. Қолы жоқ, сурет салады Тісі жоқ, тістеп алады /АЯЗ/ -Сөз ішінде таныс емес дыбысты табайық. —Я дыбысы. Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен? —Я дыбысы мен әрпі. Я әрпінің жазылуы а/ баспа түрі ә/ жазбаша түрі б/Я дыбысын хормен айтқызу. в/ Қолымызға қалам алып ауада жазу. г/Я дыбысының артикуляциясын меңгерту. д/ Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығы, оның екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбаланатынын дұрыс ұғындыру. е/ АЯЗ сөзіне дыбыстық талдау жасату. 2-тапсырма Тақтамен жұмыс. Мұғалім Я я әрпінің жазылуын көрсетеді. Я я әрпін бірнеше оқушы тақтада жазып көрсетеді. / Әріп элементтерінің дұрыс жазылуына мән беріледі/ |
Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды. | |||
| Сергіту сәті | «Қонаққа барамыз».
Балалар үй иелері және қонақтар болып бөлінеді. «Үй иелері» қонақтарды «сиқырлы сөздерді» айтып қарсы алу қажет. Қонақтар сыпайы жауап қайтарады. |
Оқушылар ойын ойнайды | |||
| Рефлексивті — түзетушілік | Дәптермен жұмыс.
Я әрпінің жазылуы Я-әрпі жазылған үлгіні әдемі етіп толтыру. |
Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады. | |||
| Күтілетін нәтиже: | |||||
| Білу | Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады. | ||||
| Өзіне үйренгені | Я әрпінің жазылуын үйренеді
|
||||
| Үйрену | Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену. | ||||