Екі таңбалы сандарды салыстыру.
Ұзақ мерзімді жоспардың атауы: 2.А. 20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту
Сынып : 1 «Ә» Сабақтың тақырыбы : Екі таңбалы сандарды салыстыру. Күні: 22.11.2018 |
Мектеп: №25 орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Макытаева. Толкын
Турсынгазиевна Қатысқандар:
Қатыспағандар: жоқ |
|
Оқу мақсаттары: | 1.1.1.2. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру .
1.5.2.2. «+», «-», «=» белгілерін пайдалану. |
|
Сабақтың мақсаты | а) Екі таңбалы сандарды оқиды, жазады, салыстырады және. «+», «-», «=» белгілерін пайдаланады.
в) 20 көлеміндегі сандардың құрамын біледі с) Суретке қарай отырып өз бетімен есеп құрастырады. |
|
Бағалау критерийі
Ойлау деңгейінің деңгейі: Білу.Түсіну.Қолдану.Талдау. |
«+», «-», «=» белгілерін орынды пайдалана алады;
Екі таңбалы сандарды оқиды , жазады, салыстырады; |
|
Тілдік мақсаттар | Ондық, бірлік. | |
Құндылықтарға дамыту | Құрметтеуге, бірінің сөзін бірі тыңдауға үйрету; | |
Пәнаралық байланыс | Музыка «Көңілді күн» әні сергіту сәтінде пайдаланамын. | |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтамен жұмыс. | |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы
3- мин
|
Психологиялық ахуал.
Математика керек әр күнге, Математика қажет өмірде Математиканы оқимыз Миымызға тоқимыз Топқа бөлу: 1топ үшбұрыш 2-топ тіктөртбұрыш 3-топ шаршы |
Шаттық шеңбер
Геометриялық пішіндер |
Білу
Сабақтың ортасы:
27 мин
Талдау
|
Оқушылармен өткен сабақтар бойынша
тапсырмалар. Алманың суреті бар қағазда тапсырмалар. «Алма кетті домалап..» ойынын ойнату. Ойынның шарты: Алма кетті домалап, Өзен бойын жағалап, Кім алманы қуады, Сол алманы алады,- деп мұғалім кезегі келген оқушыға алманы береді. Алманы алған оқушыға тапсырманы оқып беру. Ойынды алудағы мақсатым: оқушының оқуға деген қызығушылығы арттыру, оқушы сандардың айтылуын, жазылуын, құрамын пысықтату. Топтық жұмыс: Белсенді оқыту түрі: Нұсқау беру жəне айту. 1-топқа: Қарлығаш пен Асхаттың қарындаштарын сана, салыстыр. 2-топқа: 1-ден 20ға дейінгі сандардан сандық сәуле құрастыр. 3-топқа: Машиналарда жазылған сандарды салыстыр. Дескриптор: 1-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстырады, жазады. Сандық сәуле құрастырады. Артық,кем, тең белгісін қоя алады. ҚБ:”Отшашу” әдісі арқылы бағалаймын.
Ширату жаттығуы: «Көңілді күн»
Жұппен жұмыс: Саралау әдісі «Қорытынды» тәсілі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады Оқушыларға тапсырмалар тарату. Жұппен орындауын қадағалау. Орындалған тапсырманы тақтадағы қалтахатка салу. ҚБ: “Смайлик» бағалаймын. Ойын: «Артық, кем,тең» Сөйлеу кезінде “артық”, “кем”, “тең” сөздерін қолдану дағдысын бекітуге арналған ойын ұйым-дастырыңыз. Тірек сөздермен әмір беретініңізді айтыңыз. “Артық!” деп әмір бергенде — оқушылар аяқтарының ұшына тұрып, қолын жоғары көтеруі тиіс. “Кем!” деп әмір бергенде — оқушылар жүрелеп отырады да, тізесін қолымен құшақтайды. “Тең!” дегенде — оқушылар қолдарын жанына қойып түзу тұрады.
|
Қарындаштар Сандық сәуле сызылған кесінді парақтар.
Бейне ролик
|