Түркістан облысы
Арыс қаласы
Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш пән мұғалімі:
Алтынбекова Гульнара Утебаевна
Пәні:дүниетану Сабақтың тақырыбы:Қазақ хандығы қалай құрылды? | Мұғалімнің аты-жөні:Алтынбекова Г. Күні:27.02.2020.ж. | |||||||
СЫНЫП: 3А
| Қатысқан оқушылар саны: 24
| |||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
| 3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру | Қатыспағандар: 0 | ||||||
Сабақ мақсаттары | — Көне түркілерінің өмір сүру салты туралы айту. -Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру — Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы билер, батырлар, хандардың рөлі туралы айту.
| |||||||
Бағалау критерийі | — оқушылар көне түркілерінің өмір сүру салты туралы айта алады. -қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіре алады — Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы билер, батырлар, хандардың рөлі туралы айта алады.
| |||||||
Тілдікмақсаттар | Талқылауға арналған сұрақтар: -Көне түркілер қалай өмір сүрген? -Алғашқы қазақ хандығы қалай аталған? -Неліктен Жәнібек пен Керей ханға ескерткіш қойылған? Жазуға берілетін тапсырмалар: — «Көне түркі халықтарының шығу тегі» туралы әр оқушы аңыз құрайды
| |||||||
Құндылықтарды дамыту | Ауызша сұрақтар беру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, топтық, жұптық жұмыстарды орындау арқылы таным белсенділігін арттыру. | |||||||
Пәнаралық байланыс | жаратылыстану, қазақ тілі. | |||||||
Адыңғы оқу | 1 сыныпта «Саяхат» тарауында оқушылар Ботай мәдениетінің ерекшелігін суреттеп,түрлі дереккөздер негізінде Тұмар патшайым туралы түсінік алған, 2 сыныпта «Салт дәстүр және әдебиет» тарауында Әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы оқып танысқан.3 сыныптың «Уақыт» тарауында ежелгі түркілердің өмір сүру салты туралы ақпарат алған. | |||||||
Сабақтың жоспары | ||||||||
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Ресурстар | ||||||
Басталуы 5 минут | 1.Психологиялық ахуал. 2.Топқа біріктіру. Сандық рет бойынша топқа біріктіру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 3.Үй жұмысын тексеру. «Ыстық орындық» әдісі арқылы тексеремін. Смайликтер арқылы бағалаймын
| Стикерлер
Интербелсенді тақта Диалогтық сұрақтар | ||||||
Ортасы 20 минут
| . Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу,мазмұнын талдау. Мәтңін бойынша сұрақтар қою. Қазақ хандығы туралы түсінік беру. Интербелсенді тақтадан роликтер көрсету. Оқушылардың ойын тыңдау.
Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді. ҚБ:Шапалақ соғу.
Өзіндік жұмыс. Суретке қарап әңгіме құру Менің сүйікті ескерткішім. Оқушылар суретке қарап әңгіме құрайды.
ҚБ;Мақтап бағалау | Интербелсенді тақта
Суреттер Дорбадағы алмалар
Интербелсенді тақта
Конверттегі тапсырмалар
| ||||||
Сергіту сәті 2 минут | Сергіту жаттығуларын жасау Күлім қағып қолымды. 1,2,3 деп соғайын. Қарап тұрған көршіме,қолымды мен бұлғайын. Жылы-жылы жүзбенен маңдайынан сипайын. Жылы-жылы сөзбенен жүрегімді сыйлайын. Ыстық алақаныммен қолыңды бір қысайын. Амандасып өзіңмен,құшақтап бір алайын.
| Сергіту сәтіне арналған жинақ | ||||||
10-мин
| (ҚБ) «Шағын тест» стратегиясы. Оқушылардың Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы білімдерін тексеру (орындалу уақыты – 5 минут): 1. Қазақ хандығы қашан құрылды? А) 1435 жылы; В) 1455 жылы; С) 1465 жылы. 2. Қазақ хандығы қай жерде құрылды? А) Шу мен Талас өзендерінің арасында; В) Еділ мен Жайықтың арасында; С) Сырдария өзенінің алқабында. 3. Қазақ хандығын қандай сұлтандар құрды: А) Қасым мен Бұрындық; В) Керей мен Жәнібек; С) Тәуекел мен Есім. 4. Жәнібек пен Керей қай ханнан бөлек шығып, ірге аударды: А) Жәңгір; В) Тақыр; С) Әбілқайыр. 5. Қазақ хандығы Қазақстанның қай бөлігінде құрылды: А) Батыс; В) Солтүстік; С) Оңтүстік шығыс (Жетісу). Тапсырманы орындау (таңдау бойынша):
Дескриптор: қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіре алады ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
| Оқулық дәптер
Плакат маркерлер | ||||||
Соңы 3-минут |
Рефлексия 1.Не қызық болды? 2.Не қиын болды? 3.НЕ білдік? Оқушылар өз ойларын стикерге жазып пікірлер ағашына жапсырады. Үйге тапсырма:мәтінді түсініп оқу. | Стикерлер ручка
Күнделіктеріне жазып алады. | ||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Тапсырманы күрделендіре отырып «Ыстық орындық» әдісі, «Шағын тест»стратегиясы Сұрақтарды күрделендіру арқылы жүргіземін
| Бағалау — Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Смайликтер арқылы бағалау. Қалыптастырушы бағалау. Шапалақ соып бағалау. Мақтап бағалау
| Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері: Оқушылардың партада дұрыс отыруын,белсенді іс-әрекет кезінде қауіпсіздік ережелерін қадағалаймын. | ||||||
Пәні:дүниетану Сабақтың тақырыбы:Қазақ хандығы қалай құрылды? | Мұғалімнің аты-жөні:Алтынбекова Г. Күні:27.02.2019.ж. | |||||||