Мәтін және оның түрлері
Сабақ тақырыбы:
Мәтін және оның түрлері.
Пәні қазақ тілі.
Сынып: 3ә
Сабақтың мақсаты: • Оқушылардың мәтін жайлы түсініктерін кеңейту.
Мәтінді талдауға,негізгі ойды табуға,ой қортындысын жасауға,оған өз пікірін ойын қосуға.
• Мәтін түрлерін ажыратуға,оның түріне қарай шағын мәтін құрастыруға дағдыландыру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Диалог,топтастыру,жеке,жұптық,топтық жұмыс.
Ресурстар: Фишкалар,топтың аты,тілек ағашы,қалам,стикер,компьютер,желім,скайнер,оқулық.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Кіріспе.Қызығушылықты ояту.
Жаңа сабақ.
Негізгі бөлім.Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.
Дәптермен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс.
Қортынды.Ой толғаныс.
Үй тапсырмасы.
Бағалау.
Кері байланыс. І Психологиялық дайындық
ІІ Өткен сабақты қайталау. «Жеті жебе» әдісі арқылы батырларға сипаттама беру.
Сөйлем арқылы бір нарсені хабарлаймыз сұраймыз,көңіл-күйімізді білдіреміз.
Ал мәтіндер қандай болады?
1 Әңгімелеу мәтінін тап.
Әңгімелеу мәтіні қандайда бір оқиғаны баяндап,не істеді?сұрағына жауап береді.
2 Сипаттау мәтінін табады.
3 Пайымдау мәтінін табады.
Мәтіндермен танысады,ойланады,жұптасады,топта талқылайды.
15-жаттығу.
Бұл мәтіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
Әр мәтінге қандай сұрақ қоюға болады?
Жеке жұмыс. 16-жаттығу. Сипаттау мәтінін көшіріп жазу.
Қай суреттен сипаттау,әңгімелеу,пайымдау мәтіндерін құруға болады.
18-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып,мазмұнын айту.
Әр топ мәтінді оқып,түрін ажыратады және сұрақ қойып жауап береді.
1-топ.Бүгінгі тақырыпқа байланысты 5-жолды өлең.
2-топ.Сурет бойынша әңгіме жазу.
3-топ Өлең жазу.
17-жаттығу.Менің сүйікті ауылым,мен демалысымды ауылда қалай өткіздім.Тақырыптарына мәтін құрау.Олардың қандай мәтін екенін ажырату.
-Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
-Қай жаттығуды орындаған қызық болды?
-Қай тапсырманы орындағанда қиналдың?
..
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718